Ы. Алтынсарин әңгімелері тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз



Дата05.09.2023
өлшемі14.39 Kb.
#476574
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің маңызы


Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз

Қазақ халқын мәдениетке үндеп,халық ағарту мәселесіне көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогі ,әрі ақын,әрі жазушысы Ыбырай Алтынсарин халқына қажетті айқын идеяларды тиімді пайдалана білген халық жанашырының бірі.Ол ұлт,ұрпақ тағдырына алаңдап,халқының келешегі үшін еңбек еткен ұлы ұстаз.Елдің тізгінін ұстайтын жас ұрпақтың сауатын ашып,тіл тазалығы үшін күрескен тұңғыш кемеңгер.


Қараңғылықтың қаймағы бұзылмай,мұрты кетілмей жатқан заманда халқының келешегіне алаңдаған педагог басын бәйгеге тігіп,екі мәселені алдына мақсат етіп қойды:бірі-мектеп ашу,жалпы халықтың сауатын ашу болса,екіншісі-адамгершілігі мол жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығу болды.Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін ел ішінде білім,өнер тарату ісін кеңейте беру керек екенін жақсы түсінген Ыбырай баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қазақ балаларының таным-түсінігіне байланысты «Қазақ хрестоматиясы »атты оқулығын жазып шығарды.Шағын көркем шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселелерін көтеріп,баланы жақсы мінез-құлыққа баулуды көздеді.Оған дәлел ретінде, «Өрмекші,құмырсқа ,қарлығаш»әңгімесін алуға болады.Ең кішкентай жәндіктің өзі тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргенін балаларға үлгі етіп, «еңбек ет,босқа жатпа»деген ойды насихаттайды. Жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу «Әке мен бала»әңгімесінде жалғасын тапқан. «Баланы жастан»демекші,жас күнінде түзу тәрбие бер,есейгенде қисығын түзеу қисынға келмейтін іс екенін тайға таңба басқандай жеткізіп тұр.

Кісі еңбегімен күн кешіп,бейғам өскен бай баласы мен тұрмыстың ауыртпалығын көріп,еңбекпен ысылған жарлы баласы арқылы балалардың өмірді тануы,тіршілікке икемділігі жайлы әлеуметтік мәселені «Асан мен Үсен»әңгімесінде қозғаған.Өмірде ойламаған жерден келетін келеңсіз жағдайларға төтеп бере алатын азамат болып өсу үшін қиыншылыққа төзімді,өнерге бейім болып өсуді негізге алып,шағын әңгімеге мол мағына сыйғызған.


«Атымтай Жомарт» әңгімесінде байлыққа мастанбай,адал еңбекпен тапқан дәмнің тәттілігін жеткізіп : «Күн сайын өз еңбегіммен тапқан пұлға нан сатып алып жесем,бойыма сол нәр болып тарайды »деп адал еңбекті үлгі тұтады.
Небәрі 7 жыл оқып,терең ой-пікірімен ,тынымсыз еңбегімен қараңғылықтың құрсауындағы қалың елін білім нәрімен сусындатуды арман еткен ұстаздың
«Кел,балалар,оқылық»өлеңі бүгінге дейін әр баланың көкейінде жатталып қалған.Оқу-білімнің тек еңбекпен,ізденіспен табылатынын,оқудың өмір үшін,болашақ үшін қажет екенін Ыбырайдан артық жеткізген ешкім жоқ шығар деп ой түйдім.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет