І. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 480090, Алматы қ., Көктем–3 ш/ауд., 21-үй, анықтама үшін телефондары 8(3272) 704-739, 704-762, 704-976, факс 8(3272) 704-615, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:
Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының ұйымдардың бюджеттерін талдау бөлімінің бастығы (С-5)
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банк ұйымдарының бизнес-жоспарларын талдау, өнімдерді (жұмыстарды және қызмет көрсетулерді) дайындаудың өзіндік құнын есептеу мәселелері бойынша бөлімнің қызметін ұйымдастыру және бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қаржылық ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Осы қызметтің мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Бухгалтерлік есеп стандарттарын, салық заңнамасын білу, қаржылық талдау әдістемесін, психология мен кадр менеджменті негіздерін игеру құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Зерттеу және статистика департаментінің монетарлық зерттеулер бөлімінің бас маманы-талдаушысы(С-6)
Функционалдық міндеттері: ақша-кредит саясатының елдегі банк жүйесіне және макроэкономикалық ахуалға әсерін етуін зерттеу және талдау, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасын талдау, ақша-кредит саясаты жөніндегі талдау материалдарын дайындау, ақшаға сұраныстың эконометриялық үлгілерін құру. Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың көрсетілген проблематика жөніндегі хаттарына жауаптар дайындау. Монетарлық агрегаттар, қолма-қол ақша ағындары бойынша деректер базасын жүргізу.
Конкурсқақатысушыларғақойылатынталаптар: экономикалық немесе математикалық білім; ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін басқа да заңнама және нормативтік құқықтық актілерді білу. Ақша-кредит және салық-бюджет саясатының негізгі көрсеткіштерін зерттеу және әзірлеу саласындағы экономикалық талдау мәселелерін білу. Экономика, қаржылық салаларындағы жұмыс тәжірибесінің, қаржылық бағдарламалау және экономиканы болжау саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Зерттеу және статистика департаментінің стратегия және талдау басқармасының бас маманы-талдаушысы(негізгі қызметкердің баланы күтуге байланысты демалыс кезеңіне,С-6)
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жай-күйін және перспективасын талдауды, бағалы қағаздар нарығы құрылымының деректер базасын жүргізуді және мониторингін жүргізуді жүзеге асыру; қор нарығын одан әрі дамыту жөнінде, мемлекеттің инвестициялық және индустриялық саясатының мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу және ұсыныстар әзірлеу; аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тоқсан сайынғы ақпарат жиынтығын жүзеге асыру; “Ұлттық Банктің Хабаршысы” басылымы үшін бағалы қағаздардың ішкі нарығы бойынша талдама материалдар ұсыну. Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың көрсетілген проблематика жөніндегі хаттарына жауаптар дайындау.
Конкурсқақатысушыларғақойылатынталаптар: экономикалық немесе математикалық білім; ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін басқа да заңнама және нормативтік құқықтық актілерді білу. Ақша-кредит және салық-бюджет саясатының негізгі көрсеткіштерін зерттеу және әзірлеу саласындағы экономикалық талдау мәселелерін білу. Экономика, қаржылық салаларындағы жұмыс тәжірибесінің, қаржылық бағдарламалау және экономиканы болжау саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Зерттеу және статистика департаментінің кәсіпорындар мониторингі бөлімінің маманы-экономисі (С-6)
Функционалдық міндеттері: кәсіпорындар мониторингі деректері негізінде макроэкономикалық үрдістердің көрсеткіштерін, нақты экономикадағы экономикалық конъюктураны талдау және болжау. Кәсіпорындарға жүргізілген пікіртерім нәтижелері бойынша есеп және шолу талдама материалдарын дайындау. Ақша-кредит саясатының экономиканың нақты секторының дамуына әсер етуінің тиімділігін салалар және аумақтар бойынша талдауды жүзеге асыру. Пікіртерім сауалнамаларын жетілдіру, мониторинг нәтижесін ҚҰБ басшылығына ұсыну. Мониторинг бойынша жұмыстарды автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, қолданылып жүрген бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау.
Конкурсқақатысушыларғақойылатынталаптар: экономикалық немесе математикалық білім; ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін басқа да заңнама және нормативтік құқықтық актілерді білу. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын; статистиканың жалпы теориясын және оның әдістерін; бухгалтерлік есеп негіздерін; ақша-кредит статистикасы бойынша методологиялық материалдарды; макроэкономикалық менеджментті білу, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдауды білу. Статистика және мемлекеттік басқару органдарында басшылық лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Бухгалтерлік есеп департаментінің бухгалтерлік есеп методологиясы басқармасының бас маманы-экономисі (С-6)
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері мен ұсынымдарын және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстар әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы », «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын; халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын қаржылық есептілікті және оған әдістемелік ұсынымдарды білу; «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңды, Қазақстан Республикасының Азаматтық және Салық кодексін білу құптарлық. Банк саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінің қорларды жоспарлау басқармасының бас маманы-экономисі (С-6).
Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің облыстық филиалдарын және екінші деңгейдегі банктерді басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеруді жүзеге асыру. Басқарманың кірістері мен шығыстарының сметасын жоспарлау. Ұлттық Банктің филиалдары бойынша айналым кассасындағы резервтік қорлар бойынша жедел ақпарат дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім. Банк жүйесінде жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Осы қызметтің мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заң және нормативтік құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін білуі, эмиссиялық-кассалық операциялар және қолма-қол ақша айналысы саласында отандық және шетелдік жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелерінің саясаты басқармасының жетекші маманы-экономисі (С-6)
Функционалдық міндеттері: Департамент қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес төлем жүйелері мәселелері бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және Қазақстан Республикасының ақша төлемдері мен аударымдары мәселелері жөніндегі заң актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу. Шетелдердің тәжірибесін және халықаралық қаржы ұйымдарының ұсыныстарын талдау негізінде төлем жүйелерін, төлем құралдарын пайдалану тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау. Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің жұмысы және тиімді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу. Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұратуларына жауаптар дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, төлем жүйелерін ұйымдастыру мен жұмыс істеуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелерін реттейтін заң және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін білу; Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін білу құптарлық. Банк саласында немесе төлем жүйелері саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ұлттық Банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің бас маманы-сарапшысы (жұртшылықпен байланыс жөніндегі) (негізгі қызметкердің баланы күтуге байланысты демалыс кезеңіне,С-6).
Функционалдық міндеттері: жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтің жұмысын ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саясатының ақпараттық үлгілерін құру және қалыптастыру, филиалдардың жұртшылықпен байланыс саласындағы қызметін үйлестіру және консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, бұқаралық ақпарат құралдардағы қаржы тақырыбы жөніндегі жарияланымдарды талдау, БАҚ, PR нарығын және Қазақстанның жарнамасын талдау, бұқаралық ақпарат құралдарына жүйелі шолу дайындау, басшылықтың БАҚ-да сөйлейтін сөздерін, әңгімелерін және сұқбаттарын ұйымдастыру, министрліктердің, ведомстволардың, екінші деңгейдегі банктердің баспасөз қызметтерімен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтерімен байланыс орнату, жұртшылықпен байланысты жетілдіру жөнінде ақпараттық-талдау материалдар және ұсыныстар дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу, Қазақстан Республикасының банк саласындағы қатынастарды реттейтін заң және нормативтік құқықтық актілерін білу; Банк қызметі туралы заң актілерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерді және сақтандыруды қадағалау, статистика және құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін білу құптарлық. БАҚ, PR рыногын және Қазақстанның жарнамасын білу. БАҚ-та және осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Бірінші бөлімнің бас инженері (С-6)
Функционалдық міндеттері: құпия мәліметтердің рұқсатсыз таралып кетуін, оның ішінде техникалық байланыс арналары бойынша, анықтау және алдын алу жөніндегі талдау жұмыстарын жүргізу; режимдік талаптарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілетін жұмыстың жай-күйін талдау; ведомстволық құрылымдық бөлімшелерде есеп деректерін дайындау; барлық режимдік талаптарды орындау мәселелері жөніндегі құпия құжаттарды орындаушылармен жұмыс; техникалық барлауға қарсы іс-әрекет жөніндегі іс-шаралар жүргізу; байланыстың арнайы түрлерінде жұмыстарды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кәсіби білім. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу; бакн ісінің ерекшелігін білуі құптарлық. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Бухгалтерлік есеп департаментінің бухгалтерлік есеп методологиясы басқармасының жетекші маманы-экономисі, 2 орын (С-11)
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері мен ұсынымдарын әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын; қаржылық есептің халықаралық стандарттарын және оларға әдістемелік ұсынымдарды білу; «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық және Салық кодексін білу құптарлық. Банк саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Бухгалтерлік есеп департаментінің бас бухгалтерия басқармасының жетекші маманы-экономисі (С-9)
Функционалдық міндеттері: бекітілген баланстық шоттар бойынша жасалған жазбаларды тексеру. Ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық қаржылық есеп нысандарын жасау. Жоспарлы түгендеу материалдарын тексеру. Жылдық қаржылық есептің жиынтық нысандарын жасау. Ұлттық Банктің операцияларын бухгалтерлік есепке алу бойынша нұсқау материалдарын әзірлеуге қатысу. Талдамаларын және жұмыс кестелерін қоса алғанда Ұлттық Банктің күн сайынғы шоғырландырылған есебін жасау. Баланстық және баланстан тыс шоттар бойынша жеке шоттарды ашу, жабу және түзету жөніндегі операцияларды бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, қаржылық есептің халықаралық стандарттарын және оларға әдістемелік ұсынымдарды білу құптарлық. Банк саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелерін қадағалау бөлімінің жетекші маманы-экономисі (С-9)
Функционалдық міндеттері: төлем жүйелерінің пайдаланушылары мен операторларының заңнаманың талаптарын сақтауын тексеруге, сондай-ақ төлем жүйелерін ұйымдастыруға және жұмысына қатысу. Ақша төлемдері мен аударымдары жүйелерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, Қазақстан Республикасының және шетелдердің төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмысы саласындағы мәселелерді білу. Банктік ақпараттық технология саласында немесе төлем жүйелері саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелерін қадағалау бөлімінің жетекші маманы-инженері (С-9).
Функционалдық міндеттері: Төлем жүйелерінің пайдаланушылары мен операторларының заңнаманың талаптарын сақтауын тексеруге қатысу, қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың тиімділігін және қауіпсіздігін, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты тәуекелдерді талдау және бағалау. Ақша төлемдері мен аударымдары жүйелерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық білім; инженер-жүйе технигі, ақпарат қауіпсіздігін қорғау жөніндегі инженер мамандығы бойынша мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңдарды, төлем жүйелерін ұйымдастыру мен жұмыс істеуі саласындағы, сондай-ақ ақпаратты қорғау және техникалық қорғау саласындағы заңнаманы білу; ақпараттық технологиялар бойынша халықаралық стандарттарды білу құптарлық, банк қызметін және банктік ақпараттық технологиялар ерекшеліктерін білу. Банктік ақпараттық технология саласында немесе төлем жүйелері саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Зерттеу және статистика департаментінің монетарлық зерттеулер бөлімінің маманы-талдаушысы (С-11)
Функционалдық міндеттері: ақша-кредит саясатымен өзара байланыстыра отырып мемлекеттік бюджет және үкіметтік ішкі борыш саласында талдау жасау, салық-бюджет саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау. Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың көрсетілген мәселе бойынша хаттарына жауаптар дайындау. Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің ақпарат алмасу туралы келісім бойынша өзара іс-қимылын үйлестіру. Мемлекеттік бюджеттің орындалуы, ішкі борыштың динамикасы, Ұлттық Банктің ресми ставкалары бойынша деректер базасын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық, математикалық немесе техникалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржылық ұйымдардың қызметін реттейтін басқа да заң және нормативтік құқықтық актілерін білу. Ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерін зерттеу және әзірлеу саласындағы экономикалық талдау мәселелерін білу. Эконометриканы және E-Views статистикалық пакетін білу. Экономика, қаржылық салаларындағы жұмыс тәжірибесінің, қаржылық бағдарламалау және экономиканы болжау саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Зерттеу және статистика департаментінің статистика басқармасының маманы-экономисі (С-11)
Функционалдық міндеттері: орыс және қазақ тілдеріндегі Статистикалық Бюллетеннің кестелерін қалыптастыруға арналған ақпараты жинау және өңдеу. Заңды және жеке тұлғалардың сұратуларына жауаптар дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржылық ұйымдардың қызметін реттейтін басқа да заң және нормативтік құқықтық актілерін білу, статистиканың және әлеуметтік-экономикалық статистиканың жалпы теориясын, бухгалтерлік есеп негіздерін білу. Экономика, қаржы саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Зерттеу және статистика департаментінің стратегия және талдау басқармасының маманы-экономисі (С-11)
Функционалдық міндеттері: қаржы рыногының сегменттерінің ағымдағы жай-күйін және перспективаларын талдауды жүзеге асыру, әлемдік қаржылық және тауар нарықтарын дамыту жөніндегі, аймақтар бойынша экономиканың нақты секторын дамыту жөніндегі талдау материалдарын дайындау; шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөнінде ұсыныстары әзірлеу; басқарманың тоқсандық жұмыс жоспарын дайындау. Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына жауаптар дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржылық ұйымдардың қызметін реттейтін басқа да заң және нормативтік құқықтық актілерін білу, ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары мен көрсеткіштерін зерттеу және әзірлеу саласындағы экономикалық талдау мәселелерін білу. Экономика, қаржы саласында жұмыс тәжірибесінің, экономиканы болжау саласында зерттеу жұмыстарының болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ұлттық Банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің маманы (жұртшылықпен байланыс жөніндегі) (С-11)
Функционалдық міндеттері: шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру, алыс шетелдердің орталық банктерінің баспасөз қызметтерімен байланыс орнату.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық немесе экономикалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені білу; банк қызметі жөніндегі заң актілерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерді және сақтандыруды қадағалау, статистика және құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін білу құптарлық. БАҚ, PR рыногын және Қазақстанның жарнамасын білу. БАҚ-та және осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Сынаққақатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана, Алматы, Талдықорған, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы аймақтық сынақ орталықтарында белгіленген тәртіппен сынақтан өтеді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тиісінше жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша осы конкурс бойынша сынақ жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Осы қызметтерге тағайындалған тұлғалар үшін көтермеақы шығыстары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.