«Білім – жанып тұрған шырақ» атты математикалық сайысы



Дата24.02.2016
өлшемі1.84 Mb.
#16251

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қоянды орта мектебінің

математика және информатика

пәнінің мұғалімі Съезхан Лена


«Білім – жанып тұрған шырақ» атты математикалық сайысы
Мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың алған білімдерін өмірде, математикалық есептеулерде практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу.

  2. Дамытушылық: Қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың ізденушілік қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, өзін - өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, команданың эмблемасы, таратпа материалдар.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздер 11 «А», 11 «Ә» сыныптар арасында өтетін “ Білім – жанып тұрған шырақ “ атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі - білімде» - деп айтқандай бүгінгі сайысымызға тапқырлығы мен білімін көрсетуге келіп отырған сайыскерлерімізбен таныс болайық.

1-жүргізуші:

Сайысуға келдік біз қуанышпен,

Өнер, білім көрсетіп жарысуға

Сынау үшін өздерінің бақтарын

Шықсын кәне, өнерімен ортамызға. Ортаға «Дарын» және « Білім» топтарын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк,

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

Сайысты біз бастауға,

Әділ қазы сайлаймыз.


  1. _________________________________________________________________________

  2. _________________________________________________________________________

  3. _________________________________________________________________________

1-жүргізуші:

Сайыс барысымен таныстырсақ:

  1. Топтың таныстыруы

  2. Сұрақ-жауап сайысы

  3. «Кім алғыр?» ойыны

1. Сөз құрастыру

2. «Адымда - ойлан» ойыны (математикалық терминдер)

  1. Математикалық фокус.

1. Сиқырлы сандар.

2. Сиқырлы шаршылар.

  1. Көңілді көбейту

  2. «50 ұпай кімге бұйырады?» ойыны

  3. Математикалық лото ойыны

  4. Топ басшылар сайысы

«Тез санап шық»

«Кім қырағы?»

  1. Қорытынды

2-жүргізуші:



Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

1-жүргізуші:



«Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз (екеуі бірге).

2-жүргізуші: Енді бірінші сайысымызда топтарға сәттілік тілеп, таныстыру сайысын бастаймыз. Алғашқы болып өзін таныстыратын «Дарын » тобы.



1-жүргізуші: Келесі кезекте « Білім» тобы

2-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер.

Сұрақ-жауап сайысына кезек берейік

«Білім» тобының сұрағы


  1. Тәуліктің 1/24 бөлігі?

  2. Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?

  3. 13 санының квадраты нешеге тең?

  4. Жердің жасанды емес серігі?

  5. Оу осі координаталық жазықтықта қалай аталады?

  6. Диаметрдің жартысы

  7. 10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі

  8. Ең кіші натурал сан

  9. Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі

  10. Синустың косинусқа қатынасы

«Дарын» тобының сұрағы

  1. Дәлелденбейтін тұжырым.

  2. Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді

  3. Санауға қолданылатын сандар

  4. 15 санының квадраты

  5. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

  6. Қиылыспайтын түзулер

  7. Табиғи жарық көзі

  8. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш

  9. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле

  10. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы

1-жүргізуші: Өз ойыңды жүйелейтін,

Алған білімді түйіндейтін,

Әр нәрсенің жауабын тез

Есте сақтап күлімдейміз.-дей отырып, келесі сайысымызға көшелік. «Кім алғыр?» ойыны 2 кезеңнен тұрады. 1. Сөз құрастыру.

а)АРАЛАС (ас, лас, ара, арала, арал, аласа, рас, сала, аралас, Сара, ал, ала, алас, сал, ...)

ә) БӨЛШЕК (бөлшек, бөл, өлше, шек, өкше, көш, көл, бөлке, бөшке, шөл, бел, шөк, лек, кел, ек, еш, ел, кеш, өлке,...)

2. « Адымда - ойлан» ойыны. Математикалық термин сөздерін айта отырып адымдайды.

а) П әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.

ә) С әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.

2-жүргізуші:Шыққанша құмардан

Талмай есеп шығарған

Дәл бүгінгі кездесуде

Білімменен сыналған деп, келесі сайысымызға көшелік.Математикалық фокустар.


  1. Сиқырлы сандар

а) арифметикалық амалдар қолданып төрт 9 цифрын пайдаланып, 10-ды жаз.

ә) арифметикалық амалдар қолданып төрт 7 цифрын пайдаланып, 78-ді жаз.

а) арифметикалық амалдар қолданып үш 6 цифрын пайдаланып, 30-ды жаз.

ә) арифметикалық амалдар қолданып алты 7 цифрын пайдаланып, 100-ды жаз.




  1. Сиқырлы шаршылар.

а)Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі жұп сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 30 шығатындай етіп орналастыру керек..

ә) Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі тақ сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 33 шығатындай етіп орналастыру керек.



Көрермендермен ойын.

1-жүргізуші:

Ойла- ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген,

Формуланы білмесең,

Өте алмайсың көпірден.- дей отырып кезекті Көңілді көбейту ойынына береміз.. Екі топ бір-біріне екі таңбалы екі санды айтады. Ол санды топтан бір оқушы шығып тақтада көзі байлаулы тұрғанда көбейтуді орындайды

2-жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің шүбірлеген күйі бар,



Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.-дей отырып келесі сайысымыз «50 ұпай кімге бұйырады?» атты сайысымызға көшейік. Мұнда тарихи мағлұматтарға тоқталамыз. Сұрағы және 3 жауабы беріледі. Егер жауабын дұрыс таба алмаса, математиктің суреті көрсетіледі. Қай топ көп табады, сол топқа 50 ұпай беріледі. Тапсырмалары

Тапсырма


Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы кім?

жауабы

а)Герон ә)Лейбниц б)Галилей

Жауабы: Герон

тапсырма

Интеграл белгісін кім енгізді?

жауабы

А) Г.В.Лейбниц ә)Пифагор б) Марко Поло

Жауабы: Г.В.Лейбниц (1675 ж).

тапсырма

«Миллион» сөзін қазақ арасына қай ағартушы жеткізді?

жауабы

а)А.Құнанбаев ә)Ы.Алтынсарин б)Қ.Сәтбаев
Жауабы:миллион сөзін қазақ даласына 1879 жылы Ы.Алтынсарин таратты.


тапсырма

Шығыс Аристотелі атанған ғалым?

жауабы

а)Қорқыт ә)Омар Хаям б)Әл-Фараби
Жауабы:Шығыс Аристотелі атанған, медицина, музыка, физика, табиғат ғылымдары, статистика, механика, дін, заң ғылымдары туралы энциклопедия, трактаттар жазған Әбу-Насыр әл-Фараби.


тапсырма

1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.

жауабы

а)Ч.Дарвин ә)Л.Да.Винчи б) Р. Декарт
Жауабы: Рене Декарт


тапсырма

Ең алғашқы сегіз разрядты сандардың қосындысын табатын машинаны жасаған кім?

жауабы

а)Паскаль ә)И.Ньютон б)Чебышев
Жауабы:Ең алғашқы сегіз разрядты сандардың қосындысын табатын машинаны 1641 жылы Блез Паскаль ойлап жасады. Ол онда 19 жаста еді.


тапсырма

ХVIII ғасырда «абцисса», «ордината», «координата» терминдерін енгізіп, «көбейту», «бөлу» таңбаларын ұсынған кім?

жауабы

а)А.Құнанбаев ә) Г.В. Лейбниц б)Қ.Сәтбаев
Жауабы: Немістің ұлы ғалымы - Г.В.Лейбниц.


тапсырма

Ежелгі Грецияның атақты математик әйел кім?

жауабы

а)Афродита ә) Клеопатра б)Гипатия
Жауабы:ең алғашқы математик әйел Гипатия. Александрия қаласында 370-415 жылдары өмір сүрген. Ол математика, астрономия, медицина және философияны оқып зерттеген. Христиан дінінің басшылары оны жат көз қарастағы адам деп танып, таспен ұрып өлтірткен.

2-жүргізуші:

Музыкалық сәлем. 11 «а» сыныптың музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Жібермейміз есе біз,

Ғалым болып өсеміз.

Көзді ашып, жұмғанша ,

Есепті де шешеміз деп, кезекті Математикалық лото ойынына береміз.

Арифметика


  1. Қоян мен түлкі жүгіріп бара жатыр. Қоян 100 дм, ал түлкі 10 м жүгіреді. Екеуінің қайсысы орманға бұрын жетеді? (10 ұпай)

  2. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 сандардың несі көп: көбейтіндісі ме, әлде қосындысы ма? (20 ұпай)

  3. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (30 ұпай)

Алгебра

  1. Ықшамдаңдар: / Жауабы: 3а4в3/ / (10 ұпай)




  1. Есептеңдер: / Жауабы: (20 ұпай)




  1. Есептеңдер: / Жауабы (30 ұпай)

Геометрия

  1. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 8 см-ге тең, ал периметрі 25 см. Үшінші қабырғасын тап. (10 ұпай)

  2. Үшбұрыштың периметрі 36 см, ал қабырғаларының қатынасы 2:3:4. Үшбұрыштың қабырғаларын тап. (20 ұпай)

  3. Квадраттың ауданы 49 см2, оның периметрі нешеге тең? (30 ұпай)

Логика

  1. 6 терек өсіп тұр, ал әр теректе үлкен 6 бұтақ бар, ал әр бұтақта 6 кіші бұтақ бар, ал әр кішкентай бұтақта 6 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма бар? (10 ұпай)

  2. Қырсық жолаушы: екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады. Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді? (20 ұпай)

  3. Әкесінің жасы 27-де болғанда, ұлы небары 3 жаста еді. Ал қазір ұлының жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші. Әрқайсысы неше жаста? (30 ұпай)

2-жүргізуші:

Әр нәрсенің бастауы

Жетекшіге тиісті.

Оның әрбір істері



Өз ісінің жемісі. -дей отырып Топ басшылармен сайысты бастайық. (2 кезеңнен)

«Тез санап шық»

1

3

14

19

5

18

8

28

23

9

4

15

2

20

13

24

11

21

7

22

6

25

12

27

16

30

10

29

17

26


«Кім қырағы?» (30 секунд қарайды да, есте қалған сөздерді жазады)

шеңбер

апта

математика

ана

су

тас

перпендикуляр

теңдеу

ұя

радиус

периметр

мектеп

градус

сынақ

компьютер

ауыл

1-жүргізуші: Музыкалық сәлем. Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша, музыкалық номерді тамашалайық. 11 «ә» сынып оқушысы Серік Динаның орындауында «Ертегілер» әнінің әуеніне келтіріп, «Есептер» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Қанып сандар сырына,

Шықсақ білім шыңына.

Деп алаулап жүрегі

Қосқан әуен жырына,

Математиктер жасасын!-дей отырып, топтарды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:



Жарыс заңы ежелден 
Жеңімпазды анықтау 
Женімпаз болу шарты сол 
Еңбектеніп, жалықпау. 
Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі. (Марапаттау рәсімі)

2-жүргізуші:

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді.

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздерменен кездерсеміз біздер әлі.

Әділ –қазы көрермен сау тұрыңыздар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

Осымен «Білім – жанып тұрған шырақ» атты математикалық сайысы аяқталды. Келесі кездескенше, сау – саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет