4.4. Стандарт «Баланың бас шеңберін өлшеу»
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау
Дайындаңыз: сантиметрлік лента, салфетка, 70⁰ С спирт, қолғап, дезинфекциялық ерітінді, өңдеуге арналған ветошь, КБУ, баланың даму тарихы, қаламсап.
Іс –әрекет агоритмі:
1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.
3.Жөргек үстелдің үстін дезинфекциялық ерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жөргек төсеңіз.
4. Лентаны екі жағынан 700 С спритке малынған салфеткамен сүртіңіз.
5. Баланы үстелдің үстіне жатқызыңыз немес отырғызыңыз.
6. Сантиметрді артқы жағында шүйде доғасынан, алдыңғы жағында қабақ үсті доғадан өткізіңіз.
7. Бала басы шеңберінің көрсеткіштерін лентаның қиысқан жерінен анықтаңыз.
8. Өлшеген көрсеткішті баланың даму тарихына енгізіңіз және анасына хабарлаңыз.
9. Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.
10. Қолды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: зеріткештің саусағы лентаның мен баласының терісінен аралағында калмау керек
4.5. Стандарт «Физикалық даму картасымен» жұмыс істеу
Мақсаты: Баланың физикалық өсуін бағалау.
Көрсетіші: Қабылдау кезіндегі баланың физикалық өсуін тез бағалау.
Дайындаңыз: ИВБДВ модульдегі «Физикалық даму картасы», сызғыш, баланың даму тарихы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Анасына ем-шараны жүргізудің мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Ережеге сәйкес баланың салмағын анықтап, баланың даму тарихына жазыңыз.
3. Баланың жасын айлармен есептеңіз.
4. ИВБДВ модульдегі «Физикалық даму картасын» алыңыз.
5. Баланың дене салмағының өлшемін картаның сол жағынан, баланың жасы айлармен көрсетілген көрсеткішті төменгі жағынан тауып алыңыз.
6. Сызғыштың көмегімен осы көрсеткіштердің қиылысқан жерін анықтаңыз.
7. Анықталған нүктенің қатынасын ИВБДВ модульдегі «Физикалық даму картасындағы» «жасына сәйкес орташа салмағы» көрсеткішімен салыстырыңыз.
А) егер де нүкте «жасына сәйкес орташа салмағы» сызығынан жоғары немесе «жасына сәйкес орташа салмағы» және «жасына сәйкес төмен салмақ» арасында болса – баланың салмағы көп немесе жасына сәйкес болғаны;
Б) егер де нүкте «жасына сәйкес төмен салмақ» пен «жасына сәйкес өте төмен салмақ» арасында болса - баланың салмағы өз жасына төмен болғаны;
В) егер де нүкте «жасына сәйкес өте төмен салмақ» сызығынан төмен болса – онда баланың салмағы өз жасына өте төмен болғаны.
8. Көрсеткішті баланың даму тарихына белгілеңіз.
9. Өзіңіз немесе бала дәрігері (педиатр) баланың ұстау тактикасын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |