I бөлім не үшін үйлену керек?


Cұрақ: Жігіті бар қызды өзіме қаратып алсам қалай



Pdf көрінісі
бет37/42
Дата06.12.2022
өлшемі1 Mb.
#466642
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Cұрақ: Жігіті бар қызды өзіме қаратып алсам қалай 
болады екен?
Жауап: Қаратып ал. Сосын сенімен сөйлесіп жүргенде 
басқа біреу қаратып алсын. Жалпы қарай беретін не деген 
қыз ол?
Cұрақ: Жігіт сезімін берік ұстаса, қалай білуге 
болады оның саған деген сезімі барын?
Жауап: Қазақтың жігіттері сезімін көрсетуде сараң келеді 
ғой. Сезімін сыртқа шығара бермейтін тұйық жігіттің сізбен 
сөйлескенінің өзі бір сезім барын білдіреді.
Cұрақ: Әйелінің көзіне шөп салатын еркекке не істеу 
керек? Ондай еркекке жар болуға бола ма?
Жауап: Шариғатта оның жазасы: тас лақтырып өлтіру. 
Біз ислам мемлекеті емеспіз. Сондықтан бұл заң бізге 
жүрмейді. Егер маған жазалау мүмкіндігі берілсе, оған 
тілімен қоғамдық туалеттерді жуғызар едім. Ол уже жігіт 
емес, тряпка.
Cұрақ: Адамды толық танымай жатып, оған 
тұрмысқа шығуға бола ма?
Жауап: Адамды толық тану үшін бір ғұмыр жетпейді-ау. 
Басты талаптарыңызға сай келсе, жүрегіңізде ол адамға 


95
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ

ау
ап
ҚОСЫМША
деген бір сенім болса, ата-анаңыз ақ батасын берсе
тұрмысқа шыға беріңіз. Өмір бойы бір-бірлеріңізді танып 
өтесіздер. Өмір сонысымен қызық қой.
Cұрақ: Өзім некеге ниетті емеспін деп қайтарып 
тастасам, солай білім алсам?
Жауап: Некеге ниетті болмасаңыз, онда қайтарып 
тастағаныңыз орынды сияқты. Өзіңіз айтқандай, қазір 
білім алу маңыздырақ болса, білім алыңыз. Бірақ жасыңыз 
нешеде? 23-25 жастан кешікпей тұрмысқа шығып үлгеру 
керек деп ойлаймын. Кейде қыздар жас кезде приоритетті 
басқа нәрсеге қояды да, кейін өкініп жатады. «Жақсы жігіт 
жоқ» дейді 28 жасында. Бірақ 23 жасында, нағыз тұрмысқа 
шығатын жасында, оған небір мықты жігіттер құда түсіп 
келген еді. Бірақ байқамады. Себебі ойында тұрмысқа шығу 
болмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет