Құқық-мемлекет сияқты,қоғамдық дамудың нәтижесі. Ол мемлекеттікке-ұйымдасқан қоғамда, қоғамдық қатынастың негізгі реттеушісі ретінде пайда болады.Әдет-ғұрып,моральдік және алғашқы Тәуке ханның «Жеті-Жарғысы»



бет1/4
Дата06.04.2024
өлшемі0.5 Mb.
#497842
  1   2   3   4
Құлан Мерей ЭССЕ




« ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ »



«ЦЕНТРАЛЬНО-АЗИАТСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ
УНИВЕРСИТЕТ»



ЭССЕ


Тақырыбы: Жеті жарғы Тәуке хан ұлы құқық ескерткіші ретінде: құқықтық әдет-ғұрып, сот ісін жүргізу және жаза


Жетекші: Серікқызы Гүлназ
Орындаған: Құлан Мерей Асқарқызы


Шымкент 2024ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жеті жарғы Тәуке хан ұлы құқық ескерткіші ретінде: құқықтық әдет-ғұрып, сот ісін жүргізу және жаза
1. «Жеті жарғы». құқықтық мәдениетіміздің алтын діңгегі ретінде
2. Тәуке ханның «Жетi жарғысы»
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Құқық-мемлекет сияқты,қоғамдық дамудың нәтижесі. Ол мемлекеттікке-ұйымдасқан қоғамда, қоғамдық қатынастың негізгі реттеушісі ретінде пайда болады.Әдет-ғұрып,моральдік және алғашқы Тәуке ханның «Жеті-Жарғысы». Тәуке ханның реформаторлық қызметінің сапынан ерекше орын алатын мәселе-қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді, халық мүддесіне сай келетін, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз етілетін заң жүйесі болуы шарт.


Бұл қағиданы Тәуке хан аса көрегендікпен түсінген. Құқық жүйесін жасау қызметіне қазақ қоғамынан өздерінің қара қылды как жарған әділ шешімдерімен елге танымал болған билерді тарта білді. Олардың негізгі өзегін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би құрады. Соның негізінде дүниеге келген қазақ қоғамының ұлттық хартиясы – «Жеты Жарғы» дүниеге келді. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетін құқықтық құжат емес. Оның мәні және мазмұны жағынан көшпелі қазақ халқының этикалық, шаруашылық ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктерге сай қабылданған аса кұнды құқықтық ескерткіш болып табылады.
«Жеті Жарғының» әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік
практикасының жемісі, ұлтты қорғау үшін, көшпелі қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге қабылданған және талқылау барысында идеялық пікірталас, билердің данагейлігінің қорытындысы. «Билер кеңесі» бекіткеннен кейін ауызша түрде ел арасына таралған. Тарихи, құқықтық әдебиеттерде «Жеті
Жарғы» қай жылы қабылданғаны туралы мәліметтер жоқ. «Жеті Жарғыны» тұңғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым Н.Өсеров оны 1680 жылы қабылдады деген пікір айтады. Басқа әдебиеттерде қабылданған жыл көрсетілмейді. Біздің ойымызша, «Жеті Жарғы» 1684-1685 жылдары қабылданған құқықтық құжат. Олай дейтін себебіміз, қазақ қоғамына аса маңызы бар бұл заңдарды жылдық аралық ішінде қабылдау ешқандай ақиқатқа сай келмейді. «Есім ханның ескі жолын», «Қасым ханның қасқа жолы» сияқты қазақ халқының заңдарын бір жүйеге салу, жаңа нормалар енгізу, ескі заман талаптарына сай келмейтін нормаларды жоққа шығару жұмыстарын Тәуке хан 1680 жылы таққа отыра салып жасап үлгерді деуіміз ғылыми шындыққа сай келмейді. Заң шығару үшін арнайы дайындықтар қажет, пікірталас болуы шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет