Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті
Ақпараттық техникалық ғылымдары кафедрасы
5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының студенттердің
қорытынды бағалары туралы
Мемлекеттік Аттестациялық комиссияның
ЕСЕБІ
Мемлекеттік Аттестациялық комиссияның төрағасы
– доктор PhD., доцент Кантуреева М.А.
Семей – 2021
І. Мемлекеттік емтиханға дайындық және ұйымдастыру
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ақпараттық технологиялар және экономика факультетінде білім деңгейі № 0000233 30.06.2003 лицензиясы арқылы жүзеге асырылады, ол Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен бекітілген.
Күндізгі бөлімде оқитын 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының мемлекеттік емтиханы университеттің оқу бөлімімен құжаттарға толықтай сәйкестендіріліп жүргізілді 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша мемлекеттік біліктілік комиссиясының құрамы бекітіліп (төраға – доктор PhD., доцент Кантуреева М.А.; комиссия мүшелері – аға оқытушы, магистр Сагинтаев С.С., аға оқытушы, магистр Бапанов А.А., ф.-м.ғ.к. Аукенов Б.М., аға оқытушы, магистр Смаилова А.Д.), мемлекеттік емтихандардың кестесі оқу процесінің графигіне сәйкес құрылды.
Деканаттың өкімі бойынша мемлекеттік емтиханға күндізгі қазақ бөлімінен 9 студент және орыс тобы бойынша 17 студент қатысты және сыртқы орыс бөлімі бойынша 15 студент қатысты
Сондай-ақ топтың тізімдік құрамы бекітіліп, мемлекеттік емтиханды тапсыру және бітіру жұмысын қорғау күндері белгіленіп, әрбір бітірушінің барлық оқу жылындағы үлгерімдері туралы кесте құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |