І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні


І – тарау. Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні



бет2/5
Дата02.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#173159
1   2   3   4   5

І – тарау. Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні.


І.1. Эстетикалық тәрбие мәні мен міндеттері және әдістері

Адамдардың әсемдікке сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның қоғамдық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Ұлттық поэтикалық шығармаларды қазіргі бастауыш мектептің оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану өзінің татымды жеміс беретіні сөзсіз. Өйткені дарқан даламызда жасап өткен небір ділмар шешендер, небір майталман аузымен құс тістеген аузы даулы даналар ұлттық поэтикалық шығармалардан нәрленіп сусынданып өскеніне тарих беттері куә. Зерттеуімізді әуелі эстетикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны және әдістеріне шолу жасап бстағанды жөн санап отырмыз.



Эстетикалық тәрбиенің міндеттері.

Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдік заңы бойынша қоршаған дүниені жасауда өзі ұмтылуға тәрбиелеу, көркем іс-әрекетке араласу және шығармашылық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.

Эстетикалық тәрбиеде өнерге ерекше роль беріледі. Ол толғанта, қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді, әсер ықпалын бастан кешіруге, зұлымдықтан жиренуге итермелейді.

Баланы адам қарым-қатынасындағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз. Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекеті адамгершілік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарылағанын көрсетті.

Қазіргі кездегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың шығармашылығымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектакльдерімен, мультфильмдермен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.

Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес. Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдық пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбіне эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.

Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті болады және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін дұрыс пайдалану қажет. Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен өзгертуге талпынтады. Эмоция, қиял, сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп болғанымен эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүниеге өзіндік реакцияның материалдық негізі болуы, сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Дегенмен, совет педагогтары өз жұмысында академик И. П. Павловтың нерв жүйесінің икемділігі туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған қалыптасу мүмкіндігін қолдайды.

Қазіргі жағдайда эстетикалық тәрбие беруде мына міндеттер алға қойылып отыр:

1. Балалардың әсемдікті қабылдауын, эстетикалық сезімін, елес-
қиялын жүйелі дамыту. Өнердің барлық түрлері, табиғат пен тұр-
мыс бұған көмектеседі, тікелей эмоциялық ықыластылық, қуаныш,
толқу, таңдану, қызығу тудырады.

2. Балалардың тұрмысқа, табиғатқа, қоғамдық қарым-қатынасқа


әлі келгенше әсемдік әлементтерін ендіру қажеттілігі мен әдетін
баули отырып, оларды өнер саласындағы іс-әрекетке тарту.

3.Балалардың эстетикалық талғамының негізін және өнер туындылары мен өмір құбылыстарын өздігінен бағалай білу қабілетін қалыптастыру,

4.Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың өнермен байланысты іс-әрекеттері әрқашанда ешқандай зорлықсыз, қуанышты талпыныспен, шығармашылық қиялмен, ынтамен суарылған болуы тиіс. Бала эстетикалық жағынан неғұрлым дамыған болса, оның көркемдік іскерлігі мен дағдылары соғұрлым беріге. Шығармашылық іс-әрекеті соғұрлым кеңірек болады.

Эстетикалық тәрбиенің мазмұны. Эстетикалық тәрбие - өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетін қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына, жалпы жан сұлулығына бағытталған. Бұл қасиеттердің көрініс беруін және олардың дамуын қадағалау білім және дағдыны үйретудің нақты нәтижелерінен қиындау. Бұл дамудың бірізділігін анықтау маңызды. Эстетикалық тәрбие — күрделі процесс. Сондықтан біз кейде «балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету», «рахаттана білу», «сүю және ұмтылу», «қабілеттілік көрсету». деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да, оның қалай көрініс беретінін нақтылай отырамыз. Мәселен, баланың «музыкалық және поэтикалық есту қабілетін көрсету» талабына тап болдық делік, дәл осы жерде мүны қалай тексеруге болатындығы және балалардан не талап етілетіндігі түсіндіріледі: «таза интонациялау, әннің дұрыс салынғандығын, есту арқылы анықтау, дыбыстардың жоғарылығын және төмендігін, олардың күшін және шарықтауын, ән салу, өлең оқудағы қарқын ауысуын айыра білу.

Эстетикалық тәрбиенің әдістері. Эстетикалық тәрбие методикасының негізіне бала мен педагогтың, баладағы көркем құндылықты қабылдауға, өнімді іс-әрекетке дсген шығармашылық қабілеттерді, әлеуметтік, табиғи, затты ортаға деген саналы қарым-қатыстарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекетті жатады.

Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне-көп тәрбиеленушінің дара ерекшеліктерінің, қажетсінуі мен мүддесінің, оның жалпы даму деңгейінің қаншалық мөлшерде ескерілетіндігімен анықталады.

Өмір құбылыстарын эстетикалық қабылдау әрқашан да дара әрі таңдамады. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттың дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады.

Эстетикалық тәрбие әдістері тіпті алуан түрлі. Олар көп жағдайға: көркем информацияның көлемі мен сапасына, ұйымдастыру формалары мен іс-әрекет түрлеріне, баланың жас мөлшеріне бағынышты. Педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі меп қабілеттігінің атқаратын ролі аз емес. Эстетикалық информацияны бала көптеген каналдар арқылы (әлеуметтік орта, музыкалық әуендер, табиғи құбылыстар, көркем шығармалар) алады. Сондықтан да музыкалық әуендерді, ертегіні, эпостық жырларды, мақал-мәтелдерді, насихат сөздерді тыңдау арқылы қабылдау өте маңызды. Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын детальдарды қабылдауға, мақсатты бақылауға, аударады. Мәселен, телевизиялық хабарды көруде ересек адам балаға жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.

Балалар эстетикалық информацияны қалай алатындығына қарай (өнер туындысымен музыкалық пьесаны, әнді, ертегіні тыңдай, суреттерді көре отырып тікелей немесе әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қойып отырған тәрбие арқылы танысады) эстетикалық тәрбие әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады.

Эстетикалық тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас мөлшеріне де тәуелді. Сәбилерді әсемдік әлеміне тарта отырып, тәрбиелік оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады. Ересек балалардың алдына басқа міндет — ересек адамның жетекшілігімен қоршаған дүниені активті

«жасампаздықпен», бірақ олардың шама-шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады.

Педагогикалық ғылым мен практика балаларды эстетикалық


сезімдердің, қарым-қатынастардың, ой қорытындылаудың, бағалау-
дың практикалық іс-әрекеттердің қалыптасуына көмектесетін неғұр-
лым тиімді әдістерін анықтайды:

- эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;

- қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әреттерге үйрету, жаттықтыру әдісі;

— творчестволық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық ситуациялар әдісі;

- әсемдікке бірге толғанып, эмоциялық-жағымды ықылас тудыруға және қоршаған дүниедегі сұрықсыздыққа жек көре қарауға ояту әдісі.

Баланың әсемдікпен тікелей қарым-қатынаста болуы қаншалықты маңызды болғанымен оның өзі жеткіліксіз. Эстетикалық толғанулар әрдайым этикалық көріністермен байланысты. Эстетикалық және этикалық бірлік еліміздің болашақ құрылысшысын жеке адам ретінде қалыптастырудың ерекше маңызды белгісі болып табылады. Әсемдіктің өнердегі, қоғамдағы тұрмыстағы, табиғаттағы тікелей әсерімен ғана сендірмеу керек. Бала санасына, оны практикалық іс-әрекеттерге тарта отырып, сөзбен активті әсер ету қажет. Қарастырылған әдістер балалардың әсемдік сезімін оятуға, өзіне тән, аралық, бірақ әсемдік заңы бойынша әрекет ету ынтасын тудырады. Д. Б.Кабалевский: «Әсемдік жақсы қасиеттерді оятады»,—дейді.

Қазіргі кездегі педагогика ғылымында сабартарда «проблемалық» ізденіс ситуацияларын тудыру, әр балаға әр түрлі және жеке-жеке қатынас жасау жолымен қарау қажеттігін қарастыстыратын көркем білім беру методикасына ерекше роль беріледі.

Үйретудің тәрбиелік және дамыту сипатын күшейту үшін тәрбие әдістерін (сендіру, үйрету), сондай-ақ дербестікті, белсендікті, шығармашылықты дамытатын оқыту әдістерін қолданған жөн. Бұл — кеңестік дидактикада кең қолданылатын проблемалық-ізденгіштік әдістің мән-мағынасы. Оның проблемалық-ізденгіштік болып аталатын себебі тәрбиеші ойға түйген нәрсенің шешім тәсілдерін табуды балалардың өздеріне ұсынады. Мәселен, балаларға ертегіні тыңдаған соң оның белгілі бір кейіпкерін бейнелеу ұсынылады. Бұл міндетті олардың өздері шешеді. Қолайлы не қолайсыз кейіпкер таңдап алу арқылы тапсырманың орындалуы күрделендіруге немесе оңайлатуға болады. Оны қалай бейнелеуді (балшықтан жапсыру немесе суретін салу), өз ойын қандай тәсілдермен іске асыру дұрыс екендігін ойластыру қажет. Осылайша бала ойлануды, ізденуді, шешім табуды, яғни ізденгіштік іс-әрекеттерін жүргізуді үйренеді.

Балалардың көркем іс-әрекетінің маңызды шарты олардың өзіндік іс-әрекеті болып табылады, ол үлкендердің іс-әрекеттерімен ара байланыста болады. Тапсырманы баланың өзі жасай алатында тәсілдер жүйесін қамтамасыз ету керек. Қабылдау, елестету, орындауды қалыптастыруға ықпал ету тәсілдерінің екі түрі бар.

Б і р і н ш і. Педагог балаларды шығарманың мазмұны, сипаты бейнелеу құралдары жөнінде өздігінен ой айтуға, өзінің және өз құр-быларының тапсырманы орындауларын бағалауға, балалардың өздері өткізетін түрлі теңестіруге, салыстыруларға жетелейді.

Е к і н ш і. Балалар неғұрлым күрделірек жағдайларда тапсырманы тәрбиешінің көмегінсіз орындайды, мысалы, фортепьяноның сүйемелдеуінсіз ән айтады, алдын ала ескертпей-ақ қимылдар жасайды, өз ойлары бойынша сурет салады. Өзіндік іс-әрекет неғұрлым жеңіл жағдайда да тәрбиеші не істеу керек екенін айтып, бала өзін-өзі бақылай отырып, өз орындауындағы кемшіліктерді өзі түзетуге тапсырма алады.

Кейбір әдістер қарама-қайшы сипатта болады. Бірақ оларды құрайтын тәсілдер бір-бірін толықтырып тұратындай болады. Міне, олардың кейбіреулері:

- өнер шығармаларын, орындау тәсілдерін көрсету барысында айтатын тәрбиеші сөзі (түсіндіру, нұсқау) және көрнекілік әдістер;


  • саналы қатынасты талдай, салыстыра білуді дамытатын және
    эмоциялы толғануларды оятатын тәсілдер;

  • дәл атқарылуға тиісті іс-әрекеттерді көрсету және өзіндік іс-
    әрекет жолдарын қалыптастыру тәсілдері;

  • жаттығуға, дағдыларды жаттықтыруға бағытталған тәсілдер
    өзіндік ерекшелікті, өзіндік орындалуды, тапқырлықты, құ-
    былмалылықты қалайтын шығармашылық тапсырмалар.

'І'ұтас алғанда мүмкіндігінше әр түрлі әдістер комплексі - ғана баланың толық құнды көркемдік дамуын қамтамасыз ете алады.

І.2. Жыраулар мен шешен-билердің толғау - арнауларындағы эстетикалық идеялары.

Дала жырауларының импровизация, яғни суырыпсалма өнеріне өзгеше жетік болғаны белгілі. Бұл көшпенділердің ойлау жүйесі ерекшелігінің тамаша бір көрінісі. Мұндай жағдай ғұлама ғалым Ш.Уәлиханов айтқандай, арабтың шөлейт даласында ғұмыр кешкен жыраулардың жеке басынан байқауға болады, яғни олардың суырыпсалмалық, шешендік өнерлі өзіндік пайымдарымен ерекшеленеді. Жырау толғаулары олардың өмір сүрген дәуірінің айнасы іспеттес. Жырауларда үлкен - эмпирикалық тәжірибелер, халықпен қоян-қолтық араласуы нәтижесінде өзіндік байқау жағы мол болғаны білінеді. Бірақ та батыс философтарындай, әсіресе, Гегель мен Кант Секілді абстракциялық тұжырымдардың кездеспейтіндігін айту қажет. Бұлар өздерінің көзбен көргенін және тікелей естігендерін ғана, суырыпсалма ойлауының негізінде, көшпенділерге тән ерекшелігінің төңірегінде өрбітеді.

XV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ елінің ішкі-сыртқы хал–жағдайы, көрші жұртпен ара қатынасы жаңа арнаға түсе бастады, халық арасынан сауатты, білімдар, ақылгөй адамдар бой көрсетті. Халқымыздың қоғамдық ой-пікірінің басшылары болған Асан қайғы, Қазтуғандар елге ұйытқы, ақылгөй аталған, дуалы ауызды дала философтары болды. Жыраулар мораль, этика, тәлім-тәрбие жайындағы ой түйіндерін, аса мәнді қоғамдық мәселелермен қатар, әлем, болмыс, тіршілік, табиғат жайлы терең мәнді тұжырымдарды ортаға салды, ылғи халқымен кеңесіп отырды.

Қазақ ақын–жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен Ақтамберді. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген ақылгөй, қамқоршы бола білгені байқалады. Туған жерге, қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықылас ел қамы, ар, намыс үшін күрес, әділдікті, туралықты құдірет тұту олардың шығармаларынан өзекті орын алған.

Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған Шоқан Уәлиханов «көшпенділер философы» атаған Асан қайғы өз заманының үлкен ойшылы болған. Заманымыздың көрнекі ойшыл ғалымы, әдебиет тарихын терең зерттеп, тексерген академик Мұхтар Әуезов айтқандай, Асан қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарымынан да бірталай көрініс - елес, білік – дерек береді».

Ел қамын көп ойлап, көп толғанған қарт жырау өзінің толғау-жырауларында не жақсы, не жаман, не ғарып деген мәселелер төңірегінде ой толғап, заманы жайлы да философиялық пікірлерін сарапқа салады. Ел қорғаушы азаматтың бойында қандай адамгершілік қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы: Ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе

Жаныңды алы тұрыспа.

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те, қол бер,

Бұрынғыны қуыспа,-

деп көпшіл бол, достықты бағалай біл деген үгіт насихат айтады.

Бұл пікір халық педагогикасының түйіні мақал – мәтелдерде айтылатын: «Жауға жаныңды берсең де, жолдасыңды берме», «Жақсыда жаттық жоқ», «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген қағидалармен қабысып жатыр. Жатса-тұрса халық қамын жеген, халықты берекелі бірлікке, достыққа шақырып, сөз маржанын тізбектеп Халық қамын жеуді, әз әзілдің сөзіне ермеуді, құлқынның құлы болмауды, адамгершіліктің үлкен парызы деп ұққан жырау: Адам әзіз айтар деп,

Көңіліңді салмағыл.

Нәпсі алдаушы дұшпанның

Насихатын алмағыл, -

деп, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар азамат бол» деген ұлағатты өсиетті насихаттайды. «Ашуды ақылға жеңгіз, көпшіл бол» деген өнегелі өсиеттің бүгінгі күнге дейін ұрпақ үшін мән–мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті кеңес екені даусыз.

Асан қайғы толғауында қазақ жерінің бүлінбеген экологиясы; аса көркем жан семірткен табиғат байлығы, осындай жағдайда өмір сүрген қазақ халқының сол кездегі жан дүниесінің сұлулығы тамаша көрініс тапқан. Мұндай жәйт сол кезде өмір сүрген Қазтуған жыраудың толғауларында да өте әсерлі, көркем тілмен суреттелген. Асан қайғы тайпалы одақтардың шежіре генелогиясын, халықтың әдет-ғұрып, дәстүрлерін дәріптеп, оны жас өркендерге өнеге етіп ұсынады. Ол өмір сүрудің негізгі мәні туралы айта келіп, бұл дүниеде жақсы, жаман адамдардың болатындығын, жақсылардан үлгі алып, жамандардан бойды аулақ салып жүрудің қажеттілігін, жас ұрпақтың үлкендерді сыйлап қастерлеуі, олардың ақылын тыңдап, үнемі ескеріп отыру керектігін, бір-бірімен босқа қырқыспай бейбіт өмір сүру, ізгі ниетті, барынша қарапайым адал болып, шыншыл, иманды болу, яғни жайсаң жанды азамат болып өсу қажеттігін ерекше еске салады. Мұны ол бүкіл халықтың, елдің арманы дейді. Осынау пікірлерде қазіргі кезде, әсіресе, Батыста кең өріс алған гуматистер психологиясының принциптерің алғашқы ірге тасы жатқан сияқты. Жырау толғауларының бірінде, есті адамның ақылын тыңда, естінің артынан қалма, одан үнемі үйренуді ұмытпа дейді.

Жырау татулық пен ынтымақ белгісі ретінде, төмендегі жыр толғауын арнайды: «Қарындасыңды жамандап,

Өзіңе туған табылмас», -

осы бір ауыз тіркесте адам баласына өзімен бірге туған - туысқан, жекжат – жұрағатпен сыйласып тұрудың қажеттілігін айта келіп, бұлардан артық саған адам табылмас дейді. Бұл айтылған тағлым – қазіргі заман қазақтарына да қатысты тағлым. Мәселен, кейбір қазақ ағайындар бірге туған қарындастарын тілдеп, сөгіп, керек болса өрескел жағдайларда өлтіріп жататындар кездесіп қалады. Ұлы ғұламаның осыдан 5 ғасыр бұрын айтқан тәлімдерінің «Арғымаққа міндім деп, артқы топтан адаспа, артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа» деген сөзінің қазіргі кездегі тәлім – тәрбиемізге берері аз ба? Жырау сондай – ақ адамның досымен бірге қаскөй, дұшпанының болатындығын еске алады. Бірі өшпенділігі мол, жаулылығы, қаскөйлігі бастан асып жататын адамдар да екіншісі көре алмағаннан жауығатындар. Ұлы ғұлама біздерді бұлардың біріншісінен өте сақ болуды, олардың арам ниеттерін біліп қана қоймай, тиісті жерінде аяусыз әшкерелеп отыру қажет деген еді. Асқан ғұлама-ғалым кей жағдайда жау адамды тәрбиелеп, қатарға қосудың қажеттілігін, егер мұндай шара іске аспаса, олардың көзін құртқан теріс болмайды дейді. Сондай-ақ көре алмаушылық пен күндеуден гөрі, жауласқан адамға байыпты қарым-қатынас жасалып, осынау теріс қылықтардың себебін тауып, көздерін шындыққа жеткізу қажет деген еді.

Жырау жастарға – балаларым болды деп тоқмейілсімеңдер, артыңда келе жатқандарды адастырма, оларға өнеге көрсететін бол, әр уақытта өзім болдымға салынба, кішіпейіл, кеңпейіл бол, жұртпен босқа таласпа «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама», адамға шамаң келсе көмектесіп, ақылына ақыл қос дейді. Жырау осынау ізгі қасиеттер елдің басшыларына аса қажеттілігін айта келіп, олардың аяғынан шалмай, оларға қиянат жасамай, ізгі іс – әрекетін ылғи да қолдап отыр дейді. «Есті көрсең, кем деме» деп жырау сондай-ақ «Артық үшін айтысып, достарыңмен санаспа» мүмкіндігінше досыңның жан дүниесінің кілтін таба біл деп айтады. Ғұлама толғауларында сол кездің өзінде-ақ қазақ жұртында ғылым жолын қуғандардың болғанын айғақтайтын деректер де кездеседі («Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама»). Әрине, ұлы далада сонау Әл-Фараби заманынан бұрын да ғылым – ілімнің көзі болғандығын тарихшылар айтып жүр емес пе? Жыраудың бір сөзден тұратын толғауында дерек боларлықтай мағлұматтар жеткілікті. Дала ойшылы өзінің тәлім – тәрбиелік пікірлерінде мынадай бір тамаша пікір қозғайды. Кең байтақ ұлан ғайыр қазақ даласының сәні қазірге дейін ауылда. Біз ауылды көркейте түсуді бір сәт естен шығармауымыз қажет.

Елі үшін еңіреген ерлердің бірі – Ақтамберді жырау шығармалары негізінен нақыл, аффоризмдік толғауларға толық келеді. Халқымыздың тіршілік тынысы мен кәсібі, мінез-құлық ерекшелігі, ақынның жастарға айтар өсиеті, өмірге деген көзқарасы оның толғауларынан айқын көрінеді. «Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады»- деп бағалаған жырау: Жігіт жанды бұласа!

Ел шетіне жау келсе

Алдыңа, сірә, дау келсе

Батырсынған жігіттің




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет