І тарау Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні



бет1/5
Дата02.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#173159
  1   2   3   4   5



МАЗМҰНЫ
Кіріспе................................................................................................................3 бет
І - Тарау

Қазақ жыраулары, би-шешендердің педагогикалық көзқарастарындағы эстетикалық тәрбие және олардың қазіргі мәні.
І.1. Эстетикалық тәрбие міндеттері, мазмұны және әдістері ................6 бет

І.2 Жыраулар мен шешен-билердің толғау – арнауларындағы

эстетикалық идеялары .................................................................................14 бет
ІІ – тарау. Ұлттық поэтикалық шығармаларды қазіргі бастауыш мектептің оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану

ІІ.1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ жыраулары мен би-шешендерінің тәрбие тағылымдарын эстетикалық тәрбиеде пайдаланудың қазіргі

жағдайы .........................................................................................................33 бет

ІІ.2. Тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары.............43 бет

Қорытынды......................................................................................................54 бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................57 бет

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 14-бабы «Оқу тәрбие процесін ұйымдастыру» бөлімінің 7-тармағында «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілердің елжандылық азаматтық, интернационал-дық, жоғары моралдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыласы мен қабілеттерін дамытуға бағытталуға тиіс» деп, ал «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы» Орта білім берудің алғашқы міндеттерінің бірінде: «азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу» делінген. Осы мақсаттарды іске асыруда жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан жақты жетілген, бойында ұлттық санасы мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, орта және жоғары білім беру ошақтарының, мемлекеттің, қала берді барша халықтың міндеті. Қытайларда мынадай бір сөз бар: «Әр адам бір мемлекет, ал мемлекетке немқұрайды қарау опасыздық.» Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі қай кезде де, қай заманда да болмасын күрмеуінің шешілуі өте қиын өзекті мәселе.

Әйтсе де, қазіргі тәуелсіздік жағдайында кеңестік кезеңде жіберілген қателіктерімізді жойып, жас ұрпағымыздың бойында халқымыздың ғасырлар бойы жинаған салттары мен дәстүрлері арқасында ізгілікті – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазақ елінде қазірде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси өзгерістер, халық ағарту, білім, тәрбие, ғылым cалаларына да ерекше әсерін жасауда. Бұл жағдай бұрынғы рухани құндылықтарымызды тағы да қайта қарауды тарихи жәдігерлерімізді әлі де ашылмай жатқан асылдарды зерделеуді қажет етуде.

Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлкеде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй – даналар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты педагогикалық ойлар ұшан – теңіз. Сондықтан тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс тәрбие, үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтіндей ұлттық поэтикалық шығармалар - шешендік сөздер, жыраулардың нақыл сөздерін, мақал - мәтелдерді кеңінен қолдансақ: біріншіден оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге қөзқарасын қалыптастырса, екіншіден ой - өрісін кеңейтіп, көркем сөйлеп, пікірін дәл айтып жеткізуге баулиды сөздік қорын байытады, үшіншіден балаларды жақсыға үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болашағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. «Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәріне сусындаса ғана,мемлекетіміз көгереді,егеменді ел іргесі берік болады» деп сенімді түрде нық айта аламыз.

Кезінде қаралғанымен, талданғанымен, әлде рухани қазыналарымыздың қалтарыста қалған, байқалмай жүрген байлықтары жоқ емес. Оларды замана талабына сай білім беру тәрбие жұмыстарында лайықты қолдана алмай, қазіргі жас өскіндерімізге, болашақ жеткіншектерімізге өз деңгейінде үлгі - өнеге етуде олқылықтар жіберіп жатқан жағдайларымыз бар екендігі де жасырын емес. Сондықтанда тарихи тұлғаларымыздың тағылымдарын мектеп шәкірттеріне әсіресе бастауыш сынып оқушыларына паш етуді, нақты іс–шаралар атап айтқанда мектептен тыс жүргізілетін үйірме жұмыстарында, тәрбие сағаттарында эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалануды рухани саладағы негізгі мәселелердің бірі деп есептейміз.



Сондықтан халықтық педагогика жөнінде түсінік танымы терең, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауды талап ету керек. Осы жағдай дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Ұлттық поэтикалық шығармашылығын бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану» деп таңдауға себепші болды.

Дипломдық жұмыстың обьектісі: Бастауыш мектептің оқу тәрбие барысы.

Дипломдық жұмыстың пәні: Ана тілі пәнінде ұлттық поэтикалық шығармашыларды тәрбие құралы ретінде оқыту.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ұлттық поэтикалық шығармаларды бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану тиімділігін негіздеу және жетілдіру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  1. Тақырыпқа байланысты этнопедагогиканың асыл мұралары, зерттеу проблемасы бойынша жазылған ғылыми, тарихи еңбектерге, монография, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге шолу жасау, оқып түсіну.

  2. Тақырыпқа байланысты педагогикалық озық тәжірибе жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Менің дипломдық жұмысым кіріспеден, 2 тараудан, 4 параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен барлығы 57 беттен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет