I тарау. Графиктер мен Функциялар оқыту әдістемесі мен қолданылатын құралдар



бет2/17
Дата14.05.2023
өлшемі1.74 Mb.
#473678
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Гулнур работа

Геогебра бағдарламасы
Бағдарлама бойынша оқушылар өз беттерімен жұмыстанып, берілген тапсырманы өздіктерінен орындай отырып, талдайды, шығарады, көрсете алады, интерактивті тақта арқылы оқушы сол бағдарламада жұмыстанады.
Геогебра – тегін таратылатын математикалық интерактивті бағдарлама (www.geogebra.orgгеометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Қазіргі таңда әлем бойнша ең көп таралған математикалық бағдарлама ретінде танылып отыр. 149 елде қолданылып жатыр, 49 тілге аударылған. Авторы – австриялық математик, Маркус Хохенвартер. 2009 бұл бағдарлама үшін арнайы байқаудың жеңімпазы атанды. Осы жылдың тамызында оның үш өлшемді нұсқасы шығады.
 Бұл бағдарламамен жұмыс істеуді үйрететін бейнероликтер мен қолданушы кітапшасын шығару.
Менің ойымша, егер бұл бағдарлама қазақ тіліне аударылып, мектептерге математиканы, соның ішінде геометрияны үйрену мен үйретудің көмекші құралы ретінде ұсынылса, бұл пәнді түсінбей жүрген оқушылардың математиканың шын мәнінде қызықты бір пән екендігіне көздері жетеді.
ГеоГебра арқылы:
- «Жансыз» фигураларға, графиктерге жан бітіреді. Яғни, олар интерактивті болады.
- Фигураларды анимациялауға болады.
- Компьютерлік сауаттылықты арттырады.
Әзірге ГеоГебра қазақ тіліндегі жалғыз бағдарлама.
Байқау жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда математиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды математиканың барлық саласында, сонымен қатар білім саласында да қарқынды енгізіліп отыр. Білімді тереңдету және оның практикалық маңызы жағынан тақырыпқа сай есептер шығаруда да осы технологияларды да қолданудың мәселесі көп жақты мәселе. Сондықтан да математика сабағында сандық білім беру ресурстарының бірі GeoGebra-ны пайдалану мәселелерін зерттеу өзекті болып табылады.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: егер, мұғалім математика сабағында оқытудың сандық білім беру ресурстарын қолдануға дағдыланса, онда ол оқушылардың білім сапасын көтеруге және ғылыми-ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін арттыруға септеседі. Дипломдық жұмысты мектеп мұғалімдері және педагогикалық практика өтетін педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері қолдануларына болады.
Қарастырылған ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайы: заман талабына сай математиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар математикалық сандық білім беру жүйелері де көптеп шығуда. Сол бағдарламаларды математика сабағында тиімді қолдана арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырады, ал мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай алады.
Байқау жұмысының зерттеу обьектісі: математика сабағында оқытуда сандық білім беру ресурстарын пайдалану әдістері.
Байқау жұмысының мақсаты: геометрияны оқытуда GeoGebra ортасының мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, оқушылардың ғылыми-ізденушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
- математика сабағында оқушыларға сапалы білім беру үшін оқытудың ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
- сол ғылыми-зерттеу әдістерді практикада тиімді қолдана білу.
Байқау жұмысының зерттеу объектісі: орта мектепте математиканы оқыту үдерісі.
Байқау жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: білім беру стандарты, математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, мектеп математика курсының оқулықтары және әдістемелік нұсқаулықтары.
Байқау жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет