I техника – технологиялық БӨлім 1 Мұнай кәсіпшілік жабдықтанының классификациясы



бет5/6
Дата11.11.2022
өлшемі75.77 Kb.
#464573
1   2   3   4   5   6
ТЖ (копия)

Құбырлық арматура
Міндетіне байланысты құбырлық арматураны келесі топтарға бөледі: 1)жапқыш; 
2)сақтандырушы; 
3)реттеуші; 
Арматураның негiзгi параметрлерi - өткiзу тессігінің шартты диаметрi (Dш), шартты (Рш) және жұмыстык (Рж) кысымдар. 
Арматураның шартты диаметрi деп косылған құбырлардың нақтылы диаметрін айтады. Шартты қысым бұл қолайлы температуралық жағдайлардағы бұйымды пайдалану кезінде осы бұйым үшін максимал мүмкін қысым. Арматураның құжатында оны пайдаланудың шартты қысымы жэне температуралық мүмкіндік шегi корсетiледi.Жұмыстық қысым бұл нақты температуралық жағдайында падалану кезіндегі максимал мүмкін қысым. Арматура болаттан шойыннан, пластмассадан, қоладан, латуннен, алюминийден және баскада да материалдардан жасалады. Құбырларга және аппараттарға жалғау тәсiлiне байланысты арматураны фланецтік, муфталык және шеттерi пiсiруге деп арналған. 
Жапкыш арматура аппаратураны, аспаптарды және құбырлар желiсiнiң кейбiр бөлiктерiнiң периодты түрде саңылаусыз жабуға арналған. Жапкыш арматураға крандар, ысырмалар және винтельдер жатады. Жапқыш арматураның номенклатурасы кең. Крандар әдетте, темен қысымдағы құбырлар желісінде колданылады. Жапкыш кран 90° С-ка бұрылуы кезiнде өткiзгiш санылауды толық жабатын немесе ашатын қиылған конус ретiнде жасалады. Тығындардың жоғарғы жағы квадрат түрінде жасалады және құбырдың жабылғанын немесе ашылғанын көрсететiн белгiсi болады. Тыгынның 90° С-ка бұрылуы қарастырылған. Кранның жапқышы конустық немесе сфералық болуы мүмкін Крандардың көбiнде тығын мен ершітің жанасқан жері майлануы керек. Бұл мақсатта үйкелетін беттерге майлағыш күштеп енгізіледі. 
Ысырмалар.Мұнай,газ және су тасмалдаушы құбырлар жүйесінде қолмен және дистанционды баскарылатын,диаметрлері әртүрлі болат шойын ысырмалар колданылады, сонымен қатар қозғалмалы және қозғалмайтын шпинделi бар сыналы және параллельді ысырмалар колданылады. Ысырмаларды орнату фланецті қосылыстардың көмегiмен iске асады. Сыналы ысырмалардағы жапқыш элемент плашка - ол ысырманы ашып жабу барысында сұйық пен газдың ағынына перпендикуляр бағытта қозғалады. 
Вентильдерді - бақылау өлшеу аспаптарын жалғау үшін, үрлеу желiлерiнде, реагенттерге арналған құбырларда қолданады.
Мұнай газын жинау, дайындау және тасымалдау жүйелерiнде, әдетте, сақтандырғыш реттегіш клапандар қолданылады. 
Сақтандырғыш клапандар қысымның берілген мәнінен асып кетуі немесе жүйенің беріктігіне қауіп төндіретін мәнге дейін көтерiлуi кезiнде құбырлардың, сыйымдылықтардан және аппараттардан өнімнің белгілі бір бөлігін шығаруға арналган.
Оларды 00,7 МПа-дан жоғары қысымда жұмыс iстейтiн барлық аппараттарда орнатады.
Кері клапандар тасымалданатын өнімнің берілген бағытқа қарама-қарсы кері бағытта қозғалуын болдырмау үшін құбырлардың iшкi қуысын жабуға арналған. 
Реттеуші арматура технологиялык процестің параметрелін берілген аралықта автоматты түрде ұстап тұруға және өзгеруіне арналған. Мұнай өнеркәсібінде, негізінен, қысымды және сұйыктық денгейiн реттеушi аспаптар қолданылады. Қысымды реттегіштер өзiне дейiн немесе өзінен кейін түрінде, яғни кысымды онын орнатылған жерiнен кейiн реттейтiн болып орындалады. 
Деңгейді реттегiштердi механикалык және пневматикалык деп бөледі. Пневматикалык реттегіштер, өз кезегiнде, камералык және фланецтік деп бөлінеді. Соңғы жылдары гамма-реле типті денгей реттегiштерi кең колданыс тапты, олардың жұмыс істеу принципі ағын жолында орналаскан өнiмнiң әсерiнен гаммма - сәулелердiң әлсіреуі немесе жұтылуы кен колданыс принципі ағын жолында гаммма салдарынан гамма сәулелердің әлсіреуі немесе жұтылу салдарынан гамма - сәулелену ағынының қарқынды өзгерiсiн тiркеуге негiзделген. Гамма реле бір және екi каналды болуы мүмкін. Екі каналды гамма- реле бiр мезгiлде екі деңгейді реттеуі мүмкін. Гамма сәулелердiң ағыны датчикпен тіркеліп, электр импульстеріне түрлендіріледі де, күшейтіліп, атқарушы клапанға беріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет