154
байқалады. Туа біткен жырығы бар адамдарда
хирургиялық операциядан
кейін де бұл қиыншылықтары жойылмайды. Өйткені хейлопластикадан кейін
қалатын тыртықтар бет бұлшық еттерінің қимылын шектейді. Неғұрлым
еріннің тыртығы үлкен болса, соғұрлым баланың бет және мимикалық
бұлшық еттері көбірек артикуляцияға қатысады. Сонымен балада сөйлеуінің
қиыншылықтары қалыптасады. Артикуляциялық және тыныс алуға
қатысатын бұлшық еттерінің өзара әрекеттістігінің бұзылуы баланың
сөйлеу
кезіндегі тыныс алу ерекшеліктерімен сипатталады. Көптеген авторлардың
зерттеулері бойынша ринолалия кезінде тыныс алу тездетілген, саяз және жиі
болады деген мәліметтер бар. Бұл тыныс алу кезінде мұрын арқылы шығатын
ауаның көлемі 77% -ға дейін көбейуіне байланысты болады. Сөзді айтқан
кезде сөйлеу кезіндегі дем шығару біркелкі болмайды: сөздің ортасында ауа
таусылады (В.Н.Яковенко). Дем шығарудың ағымы және бірқалыптығы ,
сонымен қатар сөйлеу кезіндегі тыныс алудың ырғақтылығы бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: