2
УДК 376(075)
ББК 74.3 Я7
Л 65
Пікір жазғандар:
Р. А. Сулейменова - педагогика
ғылымының докторы, профессор;
А. А. Тайжан - медицина ғылымының докторы, профессор;
Г. А. Абаева - педагогика ғылымының кандидаты, доцент.
Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С .Оразаева, Г. Н. Төлебиева, Г. Б. Ибатова
Логопедия. Оқулық: Жоғарғы педагогикалық оқу
орындарының дефектология
бөлімдерінің студенттеріне арналған оқулық (Қ. Қ. Өмірбекованың редакциясымен) –
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.- 495 бет.
ISBN 978-601-217-205-8
Оқулық логопедия ғылымының
негізін қалаған ғалымдардың
зерттеулеріне, сондай ақ қазіргі кезеңдегі логопедия ғылымының теориядағы
және тәжірибедегі жетістіктеріне сүйене отырып құрастырылған.
Оқулықта
сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары, оларды анықтау, түзету жұмыстарының
негізгі бағыттары, логопедиялық жұмыс мазмұны мен ұйымдастыру мәселесі
қарастырылады. Оқулықта алғаш рет отандық
авторлардың қазақ тілді
балалардың
сөйлеу тілінің бұзылуы, түзету
әдістеріне арналған зерттеу
нәтижелері бойынша мағлұматтар беріледі.
Оқулық дефектология
бөлімінің студенттеріне,
арнайы мекемелердің
мамандары мен логопедтеріне арналған.