Дәріс №4 Қаңқа бұлшық еттері



бет1/4
Дата09.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#480228
  1   2   3   4
4 лекция Булшык ет жүйесі

Дәріс № 4 Қаңқа бұлшық еттері


Жопар:
  • Бұлшық еттердің маңызы мен құрылысы
  • Бұлшық еттің түрлері мен қызметтері
  • Бұлшық еттердің топтамалары

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

1. Бұлшық еттердің маңызы

Бұлшықеттер – бұлшықет ұлпасынан, тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.

Бұлшықеттер денесін – көлденең жолақты бұлшықет талшықтарының жіңішке шоғырынан құралады. Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері түзіліп, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі.

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 600- ден астам бұлшықеттен, 200- ден астам сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм.

1.1 Бұлшық еттің құрылысы


бұлшықеттің жуан талшықтары
бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы
бұлшықет талшығының шоғыры
Сіңір
Бұлшық ет
Бұлшық ет жабыны
Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуызмайкөмірсу және минералды тұздардан тұрады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-дан астамын құрайды.
Миология (myologia, грек, mys - ет, logos - ілім) - адам мен жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім.

2. Бұлшық еттің түрлері


Бірыңғай салалы
Көлденең жолақты қаңқа
Жүрек бұлшық еті
Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғай салалыкөлденең жолақты (қаңқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғай салалы бұлшықеттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, асқазан, қантамырлар, қуық, бездердің өзектері) астарлап жатады. Жиырылғанда ішкі мүшелердің көлемін өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.
- Қабырғарлық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді.
- Дене бұлшық еттері жиырылып, омыртқа жотасының иілуін, тыныс алу қозғалыстарын, ішкі мүшелердің жұмысын қамтамасыз етеді.
- Арқаның трапеция тәрізді жалпақ бұлшық еттері бас, кеуде қуысы, қолдың қозғалуына қатысады.
Мойын бұлшық еттері: -басты тепе-теңдікте ұстайды,
-бас пен мойынды қозғалысқа келтіреді,
-жұтуға қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет