«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау.
Оқу мақсаты:
9.4.1.1 Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
9.2.3.1 Мақала құрылымымен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Бағалау критерийі:
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады;
Мәтіннің құрылымымен ресімделуіне қарай жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты: 20-25 минут
Диктант мәтіні
Мәңгілік Ел идеясы – ұрпаққа ұлағат
Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербесте тәуелсіз ұлтпыз.
Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі алған асулары мен қол жеткізген биігінің бастауы – бейбітсүйгіш халқымыздың қонақжайлығы мен кішіпейілдігі, төзімділігі мен еңбекқорлығы, елімізді мекендейтін әртүрлі этностардың қазақтың дәстүрлі құндылықтарын қадірлеген өзара дос пейілдігі секілді асыл қасиеттері.
Көне түркілер аңсаған Мәңгілік Ел – бүгінгі біздің түсінігіміздегі мемлекет. Мәңгілік Ел идеясын жаңғырту арқылы Қазақ мемлекеті өзін ежелгі Ұлы Даланың мұрагері, көне ұлттық дәстүрлердің жалғастырушысы ретінде танытуда. Дамыған, ықпалды мемлекет құруға ұмтылу, көптің бірі болып қалмау қазіргі ұрпақтың асыл мұраты болу керек. Себебі, қазіргі заманда тек белсенді, қуатты мемлекет қана әлемдік қатерлерге төтеп бере алатын өміршең ел болып қала алады.
Алдына мақсаттар қоя білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын, ділі мен дініне берік, жастары алғыр, рухы биік, жақсылыққа жаны құштар халық қана тарихта «Мәңгілік Ел» болып қалатыны анық.
(125 сөз, https://egemen.kz/).
Тапсырма.
Мәтіннің құрылымымен ресімделуіне қарай жанрлық ерекшеліктерін, стилін анықта.
Мәтіннің мақсаты
|
Мәтін кімдерге арналған
|
Жанры
|
Стилі
|
Тілдік ерекшелігі
|
Ресімделуі
|
Құрылымы
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау
критерийі
|
№
|
Дескриптор
|
Балл балл
|
Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
|
1
|
- тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының 3 түзетуі бар. Емледен 6, тыныс белгіден 8 қате жіберген. (6/8)
|
1
|
- тазалығы талапқа сай емес, каллиграфиялық қателер кездеседі, оқушының 2 түзетуі бар. Емледен 5, тыныс белгіден 8 қате жіберген. (5/8)
|
2
|
- тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 5, тыныс белгіден қатесі жоқ немесе тыныс белгіден 6 қате жіберген емледен қате жоқ.
|
3
|
- тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 4, тыныс белгіден 4 қатесі бар (4/4) немесе емледен 3, тыныс белгіден 6 қате жіберген (3/6)
|
4
|
- тазалығы талапқа сай, жазуы анық. Емледен 3, тыныс белгіден қатесі жоқ (3/0) немесе емледен 2, тыныс белгіден 1 қате жіберген (1/2)
|
5
|
Мақала құрылымымен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
|
2
|
- мәтіннің мақсаты мен аудиториясын анықтайды;
|
1
|
- жанры мен стилін табады;
|
1
|
- тілдік ерекшеліктерін жазады;
|
1
|
- мәтіннің ресімделуі мен құрылымын талдайды.
|
1
|
Барлығы:
|
9
|
Достарыңызбен бөлісу: |