7.Балабақшадағы табиғат бұрышының тәрбиелік мәні, оған қойылатын талаптар. Табиғат бұрышын ұйымдастыру. Табиғат бұрышы. Балабақшаны әдемі етіп безендіру баланың дамуына оң әсерін тигізеді. Балабақшаны безендіру қабылдау бөлмелерін, стендтерді эстетикалық талапқа сай безендіру, тақырыптық бұрыштарды, серуен учаскелерін, спорттық және әуен залдарын заманауи талапқа сай безендіру. Оқыту үрдісінің нәтижесін көру үшін дамыту ортасын лайықты жасақтау қажет. Баланың жан жақты дамуы үшін оларға ең қажеттісі табиғат бұрышы болып табылады.
Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы. Ол жерде балалар зерттеу жұмысын және бақылау жұмысын өткізе алады. Әрбір балабақшаның тобында жеке табиғат бұрышы болу тиіс. Заттардың таңдауы, орналасуы әр баланың жас ерекшелігіне қарай және балабақшаның бағдарламасы мен Санитарлық ережеге сәйкес жасақталуы тиіс. Табиғат бұрышында балаға қауіпсіз өсімдіктер болу қажет. Табиғат бұрышында улы және қауіпті өсімдіктер болмау қажет. Әрине, оларға күнделікті күтім қажет. Әр гүлде атау жазылған жазу болу қажет. Табиғат бұрышының мекендеушілерін әрдайым және уақытша тұрғындар деп бөлуге болады.