10
@shezhimbai
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Балам! Алла белгілеп
қойған шекараларға жеткенде, қандай
халде болатыныңды қара! Расында, кім
Алланың шекарасынан
өтуден сақтанса, Алла оны сақтайды! Ал кім оған бағынбаса,
Алла ондай адамдарды тастап қояды.
Саған өзімнің басымнан
өткен жағдайымды айтып, бәлкім, осы арқылы менің бұл дәрежеге
қалай жеткенімді біліп, мен үшін Алладан дұға жасап, бұл дәрежеге
өзімнің күшіммен емес, Алланың маған берген жәрдесімен ғана жет-
кенімді түсінерсің.
Өзімнің алты жасар бала болған кезімді еске түсірсем, сол жа-
сымда-ақ бойымда – ілім алуға үлкен құштарлық болғанын байқай-
мын. Менімен қатарлы жас бала-жолдастарым болса да,
балалық
қызықтарын елемей, олармен ойнап-күлуге уақытымды құртпай,
үлкен қария адамдардың ойлағандарындай ақыл-ойды керек жерде
пайдаланып, ілім алумен айналыстым.
Тіпті жеті жасымда-ақ сол
кездегі үлкен ғылым орталықтарындағы ілім мәжілістерінен қал-
майтын едім. Ойын алаңдарын емес, ілім алаңдарын тандадым. Сол
мәжілістерден мен Пайғамбарымыздың (Алланың
оған салауаты
мен сәлемі болсын) асыл сирасын үйреніп, жаттап, оны кітап беті-
не түсіру үшін, мухаддисті іздедім. Алла сәтін беріп, Шейх Әбу әл-
Фадл ибн әл-Насырды кездестірдім. Мені басқа шейхтарға апарып,
ешнәрсе түсінбесем де, Имам Ахмад ибн Хәнбәлдің «
Муснад» хадис
жинақтарын, сондай-ақ басқа хадис кітаптарын маған оқытып, ба-
лиғат жасқа толғанға дейін – әрбір оқыған хадистерімді естіп, мені