Ибн Жаузидың (Алла ол кісіні мейіріміне алсын) баласына жазған өсиетінің



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата08.04.2024
өлшемі3 Mb.
#497870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Ибн Жаузи Шелпек

@shezhimbai
түзетіп отырды. Менің бойымдағы ілімге құштарлығымды байқаған 
ұстазым – маған өзінің хадис тізбектері мен дәлелдері жазылған кіта-
бын сыйға тартты. Ұстазымның қолынан өмірден озғанынша хадис 
ілімдері мен оны жеткізу (
риуаят) ғылымдарын үйрендім. 
Бала кезімде – көпшіліктен алыс жерге барып, кітап жазатын 
адамдардың қасына отырып, ілім алумен әлек болсам, менімен қа-
тарлы балалар Диджлә өзеніне барып, көпірдің үстінен суға қарап 
уақыттарын өткізетін. 
Содан кейін мен тақуалықты көбірек ұстана бастадым. Ауыз 
бекітуді көбейтіп, тамақты азайттым. Өзіме сабырлықты мәжбүр-
легеннен кейін, ол жалғаса берді. Содан кейін түндерімді ұйқысыз 
өткізуге белсене кірістім. Ғылымдардың біреуін қалдырмай, бар-
лығын зерттеп шығып, ғұламалардан фиқһ, хадис, уағыздарын, үл-
кен сопы ғалымдардың сөздерін тыңдап болған соң, тіл ғылымымен 
айналыстым. Тіпті Бағдат қаласындағы әрбір уағыз, хадис дәрістері-
нен беретін ғалымдарды тыңдап болғаннан кейін де, сырттан кел-
ген ғалымдардың дәрістеріне баруға кірісетінмін. Алайда кез-келген 
жағдайда маған абзал болатын нәрселерді ғана қалайтынмын. Егер 
алдымда екі нәрсенің біреуін таңдау керек болса, ішіндегі ақиқатқа 
ең жақынын таңдайтын едім. Осылайша ой-өрісім, өзімді өзім тәрби-
елеу – Алланың қалауымен жақсарды. Ол маған ең жақсы өмір нәсіп 
етіп, дұшпандардан, көреалмаушылардан және маған қастандық жа-
саушылардан қорғады. Ілімнің есіктері ашылды. Маған сансыз кітап-
тар жан-жақтан келе бастады. Алла маған терең түсінік, тез жаттау, 
қолжазба, кітап жазу сияқты қабілеттерді нәсіп етті. Мені бұл дүние-
де ешнәрседен кем қылмады. Мен үшін жеткілікті болатындай емес, 
артығымен ризық беріп, адамдардың жүректерінен маған орын берді. 
Сөзімнің дұрыстығында ешкімнің күмәні болмады. Оны өтімді әрі 
әсерлі етті. Менің сөздерімнен кейін екі жүздей әһл-зимма адамда-
ры
1
Исламды қабылдады. Жүзмыңдаған адам – менің сөздерімнен 
кейін тәубе етті! Джаһили ырымдарын ұстанатын жиырмамыңдай 
адамның әдеттерін тоқтаттым. 
Ғұламалардан хадистерді есту үшін, олардың мәжілістеріне жү-
гіріп жүріп қатысатынмын. Орын болмай қалады-ау деп қорыққаннан 
тынысым тарылғанша олардың дәрістеріне асығатынмын. Таңертен 
аш күйде оянып, кешке аш күйде жатсам да, Алла менің дәрежемді 
басқа адамдардың алдында ешқашан түсірген емес. Менің ар-намы-
1 Ислам халифаты кезіндегі мұсылмандардың қорғауында болған өзге дің өкілдері


12
@shezhimbai
сымды сақтау үшін, қажетті ризық берді. Егер өзімнің сол кездегі 
жағдайымды айта берсем, кітап ұзарады.
Міне, менің жағдайымның қандай болғанын көре аласың. Оны 
бір сөзбен қорытындылап айтқанымда, Алла Тағаланың мына ая-
тымен жеткізер едім: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет