Ii – ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция



Дата01.07.2016
өлшемі255 Kb.
#170601





II – ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯ ЕЛІМІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ АЯСЫНДА»,


Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған
Қазақстан, Алматы қаласы

«Тұран» университеті


Өтетін күні: 24 сәуір 2015 ж.
Конференция мақсаты: жаhандық және инновациялық даму кезіндегі туризм саласының дамуы және қалыптасуы және шешу жолдарын талқылау. Конференция аясында көптеген мәселерді шешу мақсатында, пленарлық,секциондық отырыстар қарастырылған.


  • Қазақстан Республикасында және аумақтарда рекреациялық істің жағдайы және болашақ жағдайы.

  • Еліміздің туристік-рекреациялық потенциалын бағалау және оны тиімді пайдалану жолдарын шешу

  • Туристік-рекреация саласының Қазақстан Республикасының және аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері.

  • Қазақстандық туризм: жетістіктері және болашағы.

  • Экономика және туризмді аумақтық ұйымдастыру.

  • Туристік-рекреация саласын басқарудың қаржылық-экономикалық аспектілері.

  • Әлеуметтік-психологиялық факторлар және туристік-рекреация саласын пайдаланушылардың талабы.

  • Қазақстан Республикасындағы рекреациялық істің құқықтық жағдайы.

  • Қазақстан Республикасы және аумақтарында туристік-рекреациялық іс маркетингі.

  • Туризмнің теориялық-әдіснамалық аспектілерін оқыту.

  • Туристік-рекреациялық саласы потенциалын басқару.

  • Қазақстан Республикасы және аумақтарында туристік-рекреацианың адам ресурстары.

  • Туристік-рекреация саласының қалыптасуы кезеңіндегі туризмнің арнайы түрлерінің дамуы.

  • Спорттық туризм.

  • Экологиялық туризм.

  • Туризмнің кластерлі дамуы.

  • Қоғамның мәдени-рухани дамуында туризмнің маңызы.

  • Туристік білімнің сапасын бағалау критерилері (менеджер дайындау).

  • Туризмдегі инновация.

  • Ақпараттық технология, туристік-рекреация дамуы саласында

  • Туристік-рекреация саласының дамуында интернет-ресурсы.

  • Туристік-рекреация саласын дамытуда кино және телевидение мүмкіндігі.

  • Әлеуметтік-мәдени қызметтің дамуы туристік-рекреациялық саласының қалыптасуындағы маңыздылығы.

  • Шоу-бизнес рекрециялық ресурс ретінде.

  • Турситік-рекреацияның қалыптасуы кіші бизнестің дамуына жол ашты.

  • Развитие малого бизнеса как условие становления туристско-рекреационной сферы и др.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақша,орысша,ағылшынша.
Конференция жұмысына Қазақстанның, ТМД және алыс шетел елдерінің беделді ғалымдары қатысады.

Конференцияны жүргізу тілдері – қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдері.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, мамандар, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, оқытушылар, біліктілікті көтеру жүйесінің қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, конференцияның бағыты бойынша ғылыми зерттеулердің жетекшілері шақырылады.

Конференция жұмысының нәтижелері бойынша баяндамалар жинағы шығады. Конференция материалдары ғаламторда «Тұран» университетінің сайтында орналастырылады.

Конференция жұмысына қатысу формалары: толық мәжілістегі баяндама; секциялық мәжілістегі баяндама; баяндамасыз конференция жұмысына қатысу; конференция жұмысына қатысусыз жариялау.


МАҚАЛАЛАРДЫ (ТЕЗИСТЕРДІ) РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Жарияланатын жұмыс мұқият оқылуы және редакциялануы қажет.

Баяндамалар басылған мәтіннің бір данасымен электрондық нұсқада ұсынылуы керек. Мәтін WINWORD XP немесе RTF (Reach text format) терілуі керек.

Материалдар үшін – Times New Roman әрпі, 11 кегль, бірлік жоларалық интервал. Барлық әріптер Windows XP (2000) операциялық жүйесімен толық үйлесімді болу қажет.

Парақтың сол жақ жоғарғы бөлігінде ӘОК жазылады.

Ары қарай парақтың оң жақ жоғарғы бөлігінде автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен атағы жазылады. Парақтың ортасында бас әріптермен материалдың аты, сосын – тірек сөздер (4-6 сөз) жазылады. Кейін тасымалдаусыз басылатын мәтін жазылады, жиектердің келесі өлшемдері сақталады: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 15 мм, төменгі жағы – 20 мм. Азат жол үшінші белгіден басталады. Мақалаға Wordта жасалынған 2-ден көп емес кестені, 2 суретті (Word, топтау) пайдалануға болады. Формулаларды формула редакторы (Microsoft Equation) қосымшасында ғана теруге болады.

Мәтінде тік жақшада пайданылған әдебиетке сілтемелер басылады, әдебиеттер тізімі мақала соңында жазылады. Әдебиет тізімінен кейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қысқа түйіндеме (4-6 сөйлем), сонымен қатар мақаланың аты үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) болуы керек; ТМД және алыс шетел елдерінің ғалымдары үшін – орыс және ағылшын тілдерінде.

Мақала соңында толық аты-жөні, тегі, қайтарма мекен-жайы, телфондары (қызметтік және үй), факс, электронды поштаның нөмірін (е-mail) көрсетуін өтінеміз.

Баяндаманың негізгі мәтінінде қою, курсивті және асты сызылған әріптердің қолданылуы жіберілмейді. Автоматтық және еріксіз тасымал, жолдарға, беттерге еріксіз ажырату белгілерін пайдалану жіберілмейді.

Машинамен басылған мәтіннің көлемі – 5 бетке дейін.

Жинақта түпнұсқалы, бұрын автордың түзетілуімен жарияланбаған мақалалары орналастырылады.

Ұйымкомитеті мақалалар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда оны басуға қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Қатысу шарттары

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 15 сәуірге дейін мақаланың қағаз және электронды нұсқасын 050013, Алматы қ., Сатпаев даңғылы, 16-18, 18А, «Тұран» университеті, 711,609 каб. мекенжайы бойынша әкелу керек немесе ұйымкомитетітің erubaeva.turan@mail.ru. janakhasanova@yandex.ru; blade19@list.ru электронды мекен-жайына келесі материалдарды жіберу керек:



  1. Талаптармен сәйкес рәсімделген мақала мәтіні.

  2. Белгіленген формада автор туралы мәлімет (бланк қоса тіркелген).

  3. Жинаққа қосу үшін төлем түбертегінің көшірмесі немесе скан-көшірмесі (немесе анық сандық суреті).


Материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Мақала төлем расталғаннан кейін ғана жинаққа қосылады. Басылымдарға конференцияның тақырыбына және рәсімдеу ережелеріне сәйкес келмейтін материалдар, сонымен қатар белгіленген тәртіптің бұзылуымен ұсынылған материалдар қабылданбайды.
Тіркеу жарнасы конференция материалдар жинағының бір данасын алумен 1500 тг (Қазақстан Республикасының ғалымдары үшін конференция материалдарын жеткізусіз) немесе 30 АҚШ долларын (ТМД және алыс шетел елдеріне белгіленген мекен-жай бойынша конференция материалын жіберумен) құрайды. ТМД және алыс шет елдер докторларының тезистері тегін басылады (конференция материалдары е-mail бойынша электронды түрде ұсынылады).

Бір қатысушы ең көбі екі мақала (тезис) жариялай алады. Бір автормен (немесе авторлар ұжымымен) екі мақаланы (тезисті) жариялау кезінде тіркеу жарнасы конференция материалдар жинағының екі данасын алумен әрбір мақала бойынша бөлек енгізіледі.


Тіркеу жарнасы қолма-қол ақшамен қабылданады немесе пошталық аударумен Хасанова Яна Расимовна атына 050013, Алматы қ., Сатпаев даңғылы, 16-18, 18А, «Тұран» университеті, каб,711 мекенжайы бойынша жіберіледі.

Анықтама алу телефоны: 8(727)260-40-00 (ішкі 758), 260-40-18.


Ұйымкомитеті төрайымы: «Тұран» университетінің ғылым және аккредитация жөніндегі проректоры, п.ғ.д. Исламгулова Светлана Константиновна, 405 каб., тел.: 8(727)260-40-05,

е-mail: svet_islam@mail.ru


Ұйымкомитеті төрайымының орынбасары:Вуколов Владимир Николаевич, туризм ҒЗИ директоры, п.ғ.д., профессор, 711 каб, тел. .: 8(727)260-40-17 (ішкі 762), е-mail: vukolov_vn@mail.ru

Ұйымкомитеті төрайымының орынбасары: Ерубаева Гульжан Кикбаевна, «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., каб, 609, 8(727)260-40-17 (ішкі 732), е-mail: erubaeva.turan@mail.ru
Техникалық хатшы: Хасанова Яна Расимовна, «Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы 711 каб, тел. .: 8(727)260-40-17 (ішкі 762),

e-mail: janakhasanova@yandex.ru; blade19@list.ru



Жинақ авторының тіркелу формасы:


Авторлар

Бірінші

Екінші

Үшінші

Тегі, аты, жөні (толық)










Лауазым, ғылыми дәреже, ғылыми атағы










Мекеменің атауы (толық)










e-mail, үй және қызмет телефоны (қала кодымен)










Мекеме мекенжайы










Мақала аты










Бағыты










Жинақты жіберу үшін мақала авторларының біреуінің мекенжайы пошталық индекспен











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет