Пәннің сипаттамасы
Пән атауы
|
Коды
|
Білім беру бағдарламасы
|
Анатомия
|
Anat 1203
|
6ВМ10109 «Mедицина»
|
Оқытушылар
|
Құрылымдық бөлімше
|
Жауапты (ҮИМББ):Балмагамбетова Ару Дюсеновна
|
Қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасы
Актобе, Маресьев көшесі 68, Морфологиялық ғимарат 1-3 қабат
|
Оқытушылар: Балмагамбетова Ару Дюсеновна, Жанабаева Айгуль Болатбековна, Адилгереева Акмарал Сапарбаевна, Сарсенова Майгуль Сагиновна, Жумабай Нурканат Асанович, Даржанова Клара Батеновна, Отесин Махмудсултангали Аскарович
|
Оқу деңгейі
|
Пән циклі
|
Модуль
|
ҮИМББ
|
БП
|
Морфология
|
Міндетті пререквизиттер:
|
Қосымша пререквизиттер:
|
Мектептегі биология курсы
|
|
Пәннің мақсаты
|
Клиникалық пәндерді оқу барысында жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктерін, мүшелердің анатомо-топографиялық қатынастарын ескере отырып, адам ағзасының құрылысын, оның жүйелерін құрайтын туралы білімдерін қолдану
|
Пәннің қысқаша мазмұны
|
Анатомия бойынша оқуды бітірген студент жалпы адам ағзасының құрылысы туралы білім алады. Ол әртүрлі жүйелер мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктерін және олардың өзара байланысын, сондай-ақ олардың функционалдық ерекшеліктерін білетін болады. Анатомияны білу қолданбалы клиникалық пәндерді зерттеуге негіз болады.
|
Академиялық адалдықты қамтамасыз ету саясаты
|
Академиялық адалдық оқу үдерісіен ұйымдастырудың негізі болып табылады және университеттің Академиялық саясатымен және осы силлабуспен анықталған нақты, әділ және объективті стандарттармен қамтамасыз етіледі. Академиялық адалдықты алға жылжыту және қорғау - білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Пән бойынша барлық жазбаша жұмыстар, олардың сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, плагиатқа тексерудің автоматтандырылған жүйелері арқылы түпнұсқалығына тексерілетін болады. Плагиат анықталған, университетте қабылданған басқалардың және өз жұмыстарына сілтеме жасау ережелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Академиялық адалдық саясатында көзделген академиялық адалдықтың басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылатын болады. Сіз академиялық адалдықты сақтауға жауаптысыз.
Академиялық саясатпен және Академиялық адалдық саясатымен университет сайтында www.zkmu.edu.kz танысуға болады.
|
Пән саясаты
|
Пән саясаты - пәнді оның ерекшелігін ескере отырып, оны барынша толық игеруге бағытталуы және оқу үдерісінде студенттерге қойылатын ұйымдастырушылық және әкімшілік талаптарды көрсетуі керек (кешігу, сабақ жіберіп алу, аудиториядағы тәртіп, мұғалім белгіленген мерзімнен кейін жазбаша жұмыс беру және т.б.). Білім алушы кестеге сәйкес практикалық сабақтарға қатысуға және оларға жүйелі түрде дайындалуға, әдістемелік нұсқамалар мен қойылатын талаптарға сәйкес белгіленген мерзімде пән бойынша тапсырмаларды толық көлемде орындауға міндетті.
Қалыпты анатомия кафедрасының білім беру үдерісі кезіндегі білім алушыларға қоятын жалпы талаптары:
Пәнді зерттеу ерекшелігі студенттердің, зиянды химиялық зат болып табылатын, формалинмен өңделген өлексе материялымен тығыс байланыста болуымен байланысты. Студенттер оқытушының кафедрада бірінші күні өткізген қауіпсіздік техникасы мен нұсқамасын қатаң сақтауы қажет.
Морфологиялық ғимараттын 1 қабатында, кіргеннен кейін бірден оң жағында «Муляждар және Препараттар» (Anatomical Specimens Room), бөлмесі орналасқан, онда практикалық сабақтарға және студенттердің өзіндік дайындығына препараттар беріледі. Практикалық сабақтан 10 минут бұрын студенттер сабақ тақырыбына байланысты препарттар алу үшін лаборантқа студенттік билет тапсырады.
Студенттер практикалық сабақта анатомиялық препарттармен жұмыс үшін резеңке қолғап қолдану қажет, қолғап аудиториядан шығар кезде шешіледі. Сонымен қатар қабылданған студенттік медициналық форма міндеттеледі: медициналық халат, медициналық бас киім, екінші аяқ киім.
Әр студентте тек анатомиялық пинцет болуы керек, хирургиялық пинцет қолдану тыйым салынады, өйткені хирургиялық пинцет табиғи препаратты зақымдауы мүмкін.
Әр группада практикалық сабақтын оқу процессіне дайындығын қадағалайтын кезекші студент тағайындалады (препараттармен қамтамасыз ету).
|
Достарыңызбен бөлісу: |