Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Табиғат ресурстарын және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) не баламалы негізде осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген мекенжайларындағы халыққа қызмет көсету орталығы (бұдан әрі – Орталық), «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.
Шалғай елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет Ұтқыр Орталықтар арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 20-бабының 3-1) тармақшасына, 68-79-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында:
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;
3) уәкілетті органның немесе Орталықтың үй-жайларындағы стенділерде және ақпараттық тақталарда;
4) Порталда;
5) call-орталығында: (1414) орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасығышта немесе уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру немесе қайта ресімдеу немесе уәкілетті органның мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартылады деген дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет ІІ, ІІІ және IV қауіптілік санатына қызмет түрлері бойынша жатқызылатын объектілері бар жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) айдан аспайды;
2) ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тұтынушы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне тапсырған сәттен бастап - (1) бір ай ішінде;
3) уәкілетті органда көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
4) уәкілетті органда көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;
5) Орталықта қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне жатпайды;
6) уәкілетті орган мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бітуіне бір күн қалғанда Орталықтарға ұсынады.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде ұсынылады.
9. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органда - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
2) Орталықтар – күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда, демалыс және мейрам күндерін есептемегенде, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, үзіліссіз.
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
Ұтқыр Орталықтар құжаттарды қабылдауды бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаттан кем емес Орталықпен бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады;
3) Порталда – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар) көзделеген уәкілетті органның немесе Орталықтардың ғимаратында;
2) порталда – жеке кабинетінде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Уәкілетті органда немесе Орталықта мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:
1) ІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта (уәкілетті органға берген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде) рұқсат алуға өтінім;
эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі;
қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса бере отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы ұсынылады;
2) ІІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта (уәкілетті органға берген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде) рұқсат алуға өтінім;
эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы ұсынылады;
3) IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта (уәкілетті органға берген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде) рұқсат алуға өтінім;
есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері;
4) II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта (уәкілетті органға берген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде) рұқсат алуға өтінім;
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
салық төлеушінің куәлігі.
Порталда:
1) ІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат нысандағы өтінім;
құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге тіркелген эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;
құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге тіркелген қоғамдық тыңдаулар хаттамасын қоса бере отырып, электрондық құжат түрінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы ұсынылады;
2) ІІІ санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат нысандағы өтінім;
құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық өтінімге тіркелген эмиссиялар нормативтері бар жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы;
электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;
электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы ұсынылады;
3) IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты алу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты алуға тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат түріндегі өтінім;
электрондық құжат түрінде электрондық өтінімге тіркелген есептік немесе құрал-сайманды жолмен белгіленген және негізделген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері ұсынылады;
4) II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес рұқсатты қайта ресімдеуге тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат түріндегі өтінім;
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
салық төлеушінің куәлігі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттардың, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің, салық органына есепке қойылғаны туралы куәліктің мәліметтерін уәкілетті орган Портал арқылы уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
12. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтінім нысаны интернет-ресурстарында орналастырылады;
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері туралы ақпарат http://www.ecokomitet.kz интернет-ресурсында немесе www.con.gov.kz Орталық РМК интернет-ресурсында орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұрау электрондық құжат нысаны бойынша толтырылады.
13. Уәкілетті органда және құжаттарды қабылдау осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша кеңселерде жүзеге асырылады.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау «кедергілерсіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Порталға өтініш берген жағдайда электрондық сұрауды жөнелту мемлекеттік қызметті тұтынушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Сұрау таңдалған қызметке сәйкес мемлекеттік органға – жолданатын жерге автоматты түрде жолданады.
14. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) уәкілетті органға немесе Орталыққа өтініш берген кезде:
құжатты қабылдау нөмірі мен күнін;
сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
мемлекеттік қызметтің алынған күнін (уақытын) және құжаттардың берілген орнын;
құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын;
мемлекеттік қызметті тұтынушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
2) Портал арқылы өтініш берген кезде тұтынушыға порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет нәтижелерін алған күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсынуға сұрау қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұтынушының жеке өзі немесе сенімхат бойынша өкілі бару немесе порталда тұтынушының жеке кабинеті арқылы қабылданады.
Орталықтарда дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті тұтынушыға беру қолхат негізінде көрсетілген мерзімде «терезе» арқылы күн сайын Орталық қызметкерімен жүзеге асырылады.
Егер мемлекеттік қызметті тұтынушы көрсетілген мерзімде қызмет қорытындысы алуға келмеген жағдайда, Орталық бір ай мерзімінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға жолдайды.
16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден:
1) рұқсат алу үшін ұсынылған материалдардың толық және дұрыс болмаса;
2) қойылатын табиғат пайдаланудың сұратылып отырған шарттарының Кодекстің 73-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаса;
3) «ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздеме болса бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі тұтынушыға қатысты мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтарын және еркіндігін сақтау;
2) қызметтік парызын орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) тұтынушылармен жұмыс кезіндегі сыпайылық;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы барынша толық ақпарат ұсыну;
5) өтініштерді қараған кездегі лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы;
6) тұтынушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметті көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесу осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің кеңсесінде көрсетіледі.
Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты порталдың call-орталық телефоны арқылы алуға болады: (1414).
21. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жоғары тұрған аппеляция органына - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдіктеріне осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар, телефондар және жұмыс кестелері бойынша беріледі.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган басшысының атына немесе осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Орталық кеңсесіне беріледі.
Порталда call-орталықтың телефон нөмірі бойынша (1414).
Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталықтың мекенжайлары осы стандартқа 4-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерінде көрсетілген Орталықтың немесе «ХҚКО» РМК басшысының атына беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар еркін нысанда қағаз тасығышта немесе электрондық пошта бойынша осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес Орталықта қабылданады.
25. Қабылданған шағым уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі. Шағымды қабылдаудың растамасы онда берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, одан шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талонды мемлекеттік қызметті тұтынушыға беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті тұтынушы Орталыққа немесе «ХҚКО» РМК өтініш берген кезде, шағымның тіркелгені оның қабылданғанын растайды (шағымның екінші нұсқасына немесе ілеспе хатқа мөр, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады).
Портал арқылы мемлекеттік қызметті тұтынушының өтінішін қабылдаудың растамасы оның жеткені және тіркелгені туралы хабарлама болып табылады.
Бұл ретте тұтынушыға өтініштің орындалғаны, жауабы немесе қараудан бас тартуы туралы жаңартылған ақпарат та қолжетімді.
26. Қосымша ақпаратты тұтынушы уәкілетті органның интернет-ресурсынан және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стендтерден ала алады.
___________________
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері
үшін қоршаған ортаға
эмиссияға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімдері мен мекенжайлары
Р/с №
|
Уәкілетті органның атауы
|
Орналасқан мекенжайы
|
Ресми сайты
|
Жұмыс кестесі
|
Телефон нөмірі
|
Басшы телефонының нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
«Ақмола облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Көкшетау қ.,
Абай к., 89-үй
|
e-mail: dpr_2007@mail.ru
|
жұмыс күндері
900 – 1830, түскі үзіліс 1300 – 1430
|
(8-7162) 40-28-07
|
(8-7162) 25-19-86
|
2
|
«Ақтөбе облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Ақтөбе қ.,
Әбілхайыр хан даңғ., 40-үй,
6-қабат
|
www.tabigi-aktobe.kz
e-mail: nedra2004@inbox.ru
|
жұмыс күндері
900 – 1800,
түскі үзіліс 1300 – 1400
|
(8-7132) 550930, 550934
|
(8-7132) 550930
|
3
|
«Алматы облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Талдықорған қ., Қабанбай батыр к., 26-үй
|
www.Priroda.raldykordan.net
|
жұмыс күндері
900 – 1800,
түскі үзіліс 1300 – 1400
|
(8-7282) 270062
|
(8-7282) 271669
|
4
|
«Атырау облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Атырау қ.,
Әйтеке би к., 77-үй
|
www.tabigat-atyrau@ atyrau.gov.kz
|
жұмыс күндері
830 – 1800,
түскі үзіліс 1230 – 1400
|
(8-7122) 320036
|
(8-7122) 354559
|
5
|
«ШҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Өскемен қ., Тоқтаров к.,
40-үй
|
www.e-priroda.gov.kz
|
жұмыс күндері
900 – 1800,
түскі үзіліс 1300 – 1400
|
т. (8-7232) 579468 ф. (8-7232) 261456
|
(8-7232) 268850
|
6
|
«Ақмола қ. табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Алматы қ., Бостандық ауданы,
Республика алаңы, 4-үй
|
www.almatyeco.kz
|
жұмыс күндері
900 – 1800,
түскі үзіліс 1300 – 1400
|
(8-7272) 2727864 (8-7272) 2620987
|
(8-7272) 716525
|
7
|
«Астана қ. табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Астана қ., Ы.Дүкенұлы к., 23/1-үй
|
www.аstana.kz
|
жұмыс күндері
900 – 1800,
түскі үзіліс 1300 – 1400
|
395968
ф. 226293
|
87055645211
|
8
|
«Жамбыл облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Тараз қ.,
Абай к.,
133 а-үй
|
upr_ekologiya@mail.ru
|
жұмыс күндері
900 – 1900,
түскі үзіліс 1300 – 1500
|
(87262) 436808
|
(8-7262) 451503
|
9
|
«СҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 38-үй
|
www.dpr.sko.kz
|
жұмыс күндері
900 – 1800,
түскі үзіліс 1300 – 1400
|
(87152) 465361
|
(8-7152) 466787
|
10
|
«Қарағанды облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Қарағанды қ., Лобода к., 20-үй
|
pr-resurs.kz
|
жұмыс күндері
900 – 1800,
түскі үзіліс 1300 – 1400
|
(87212) 564127
|
(8-7212) 564127
|
11
|
«Қостанай облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Қостанай қ., Таран к., 10-үй
|
www. kostanay.gov.kz
|
жұмыс күндері
900 – 1800,
түскі үзіліс 1200 – 1300
|
(87142) 533853
|
(8-7142) 540166
|
12
|
«Қызылорда облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Қызылорда қ., Абай к., 48-үй
|
www. e-kyzylorda.kz
|
жұмыс күндері
900 – 1900,
түскі үзіліс 1300 – 1500
|
(87242) 235487
235157
|
(8-7242) 235028
|
13
|
«Маңғыстау облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Ақтау қ.,
23-шағын ауд.,
100-ғимарат
|
e-mail: moup@mail.ru
|
жұмыс күндері
900 – 1830,
түскі үзіліс 1230 – 1400
|
(87292) 426791
|
(8-7292) 426790
|
14
|
«Павлодар облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Павлодар қ., Жеңіс алаңы,
17-үй
|
e-mail: dpr_pvl@mail.ru
|
жұмыс күндері
900 – 1830,
түскі үзіліс 1300 – 1430
|
(87182) 326618
|
(8-7182) 326618
|
15
|
«ОҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Шымкент қ., Желтоқсан к.,
н/ж
|
www.priroda-uko.kz
|
жұмыс күндері
900 – 1900,
түскі үзіліс 1300 – 1500
|
т.(87252) 211704,
ф. 41-00-82
|
(87252) 211704
|
16
|
«БҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ
|
Орал қ.,
Бөген тұйық көшесі, 5/1-үй
|
www.priroda.westkaz.kz
|
жұмыс күндері
900 – 1830,
түскі үзіліс 1300 – 1430
|
(87112) 240462
|
(8-7112) 509270
|
____________________
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері
үшін қоршаған ортаға
эмиссияға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |