Іі. Негізгі бөлім



бет1/2
Дата07.02.2024
өлшемі31.55 Kb.
#491174
  1   2
геронтология түсінігі


Дүние жүзінде қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.
Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады.
Содержание
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Геронтология және гериатрия түсінігі
Әлеуметтік – психологиялық даму тарихы
Демографиялық – әлеуметтік даму тарихы
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Дүние жүзінде қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.
Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады. Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі — әлеуметтік геронтология. Ол өмір ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.
Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да білу қажет. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия деп аталады.
Геронтология ұғымының қай кезеңде пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер айтылады. Бір зерттеушілер геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.
Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.
Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар: дәрігер – физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.
Бірақ бұл ғылымның пайда болуына өз үлестерін қосқан ғылымдардың қатары бұдан да көп. XX ғасырда геронтология жаңа, өте жас ғылымдардың жетістіктеріне байыды: биохимия, биофизика, психоаналитика, психофизиология және т.б. Негізінен геронтология – комплекстік тәртіпаралық зерттеулер негізіндегі ғылым болып табылады.
Əлеуметік геронтология: мазмұны мен түсінігі
Геронтология (gerontos – қарт адам, logos - ғылым) – бұл организмнің қартаюының жалпы процесін, жасаралық динамиканың биологиялық қырларын, яғни кəрілікпен жəне өліммен аяқталатын жасралық процесс туралы ғылым.
Жалпыға белгілі, қартаю дегеніміз – бұл күрделі мəселе, сондықтан бұл ғылыммен мəселенің барлық биологиялық реңін білетін жəне сезетін кəсіби- геронтологтар, сол сияқты ғылымның басқа салаларының мамандары – биологтар, физиологтар, математиктер, гигиенистер, физиктер, демографтар, социологтар мен психологтар айналысуы қажет. Қарттық пен кəріліктің органикалық түрлері туралы білімнің зор көлемінің жиналуы қазірге кезде жалпы геронтологиядан бірнеше бағыттардың бөлініп шығуына алып келді. Олар қазіргі кезде өз бетінше ғылыми сала болып қарастырылады. Биологиялық геронтология қартаюдың іргелі алғашқы механизмдері зерттейді, ағзаның өмір сүруінің түрлі деңгейлеріндегі қартаю процестерінің өзара байланысын қондырады, ағзаның қоршаған ортаға бейімделуінің жасаралық ерекшеліктерін анықтайды. Биологиялық геронтологияның негізгі міндеті – кəрілік қалай жəне неге дамитынын түсіндіріп қана қоймайқартаюшы ағзаның жағымсыз ішкі жəне сыртқы əсерге қарсы тұру жəне бейімделу мүмкіндіктерін жоғарылататын тиімді құралды табу болып табылады.
Əлеуметтік геронтология – бұл егде жəне қарт адамдардың əлеуметті демографиялық, əлеуметтік-этникалық, əлеуметтік-саяси, əлеуметтік-психологиялық, жəне əлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешу мен зерттеумен айналысатын ғылым. Гериатрия - егде жəне кəрілік жастағы ауруларды зетттейтін медицина саласы. Гериатрияның негізгі міндеті болып жасаралық даму ерекшеліктерін, клинкалық өзгешелігімен ағымын анықтау, уақытынан бұрын қартаюдың емделуі мен профилактикасы табылады.
Қартаюдың əлеуметтік-психологиялық теориялары
Біздің заман өзінің бірегей ерекшелігімен сипатталады: БҰҰ-ң, əртүрлі халықаралық жəне ұлттық қайырымдылық қорлар мен ұйымдардың, конфессиялардың, қоғамдық ұйымдардың егде жəне қарт адамдарды
қоғамның дамуына үлкен үлес қосқандары үшін қоғамның мүшесі ретінде қарастыру жөніндегі ұранына қарамастан қарттарға деген дұшпандықтың тұрақты тенденциясы байқалып келеді. Ереже бойынша, жас ұрпақ жағынан егде жəне қарт адамдарға деген дұшпандылықтың тұрақты тенденциясы нақты бір үлкен жас өкіліне деген агрессия емес, кəріліктің алдындағы қорқыныш ретінде бағаланады.
Кəрілік проблемасын зерттеудегі көп таралған амал болып философиялық-социологиялық бағыт СТРУКТУРАЛИЗМ табылады. Структурализм өзінің қатынасы мен құндылығы толығымен өзі өмір сүріп жатқан қоғамның ұйымы мен құрылымына негізделген адамның əлеуметтік жүріс-тұрысын қарастырады. Осы социологиялық бағыттың жақтастырының пікірі бойынша, кез-келген қоғам келісімге немесе дауға негізделген тұрақты толық білімді көздейді. XX 60 жылдардың басында құрылымдық функционализм көлемінде кəріліктің социологиялық теориясы ШЕТТЕТІЛУ теориясы ұсынылды. Бұл теорияға сай, қартаюына қарай егде адамдар қоғам ары қарай жақсы жұмыс жасай алуы үшін қоғамдық мағынасы бар қызметтер мен рөлдерден жайлап шеттетіле бастайды. Бұған қарама қарсы теория ретінде ІСКЕРЛІК теориясы алға шығады. Бұл теорияның жақтастары, егде адамдар қоғамның тұрақты дамуы мен жақсы жұмыс жасай алу мақсатында, жас жəне орта жасындағы өздеріне тəн белсенді рөлдерін сақтап қалуы тиіс деп санайды. Бұл теорияның апологеттері «Табысты қарттық» теориясын ұсынды, яғни өмір сүру стилін сақтау қажеттілігі барлық тұлғаға тəн.
Қартаю əлеуметтік-демографиялық процесс ретінде
Соңғы 50 жылда соғытан кейінгі жылдары экономикалық, медициналық, ғылыми-техникалық, мəдени жетістіктер арқасында, маңызды əлеуметтік-экономикалық табысқа жеткен барлық мемлекеттерде жаңа демографиялық құбылыс пайда болды – Тұрғындардың қартаюы. Яғни бұл демографиялық қартаю, халықтың жалпы құрылымындағы егде адамдардың санының көбеюіне негізделген.
Демографиялық қарттық – тұрғындардың прогресті күйі, өйткені ол қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік дамуының жоғары деңгейінде ғана мүмкін. Əлеуметтік геронтологияның маңызды құрамы ДЕМОГРАФИЯ - өзіне сандық əдістер тəн, тұрғындардың құрамы мен оны аймақтық орналасуын, олардың өзгерісін, бұл өзгерістердің себеп-салдарын, əлеуметтік-экономикалық процестер байланысын, тұрғындардың көбею заңды лықтарын ашатын ғылым. Тұрғындар – бұл нақты бір аймақта өмір сүретін адамдар жиынтығы.
Халықтың көбеюі – бұл халық қозғалысының үш түрі нəтижесіндегі ұрпақтың əрқашан жаңару процесі:
Жаратылыс (туу мен өлудің өзараəрекет салдары);
Механикалық немесе миграциялық (аймақ арасында адамдардың
қозғалыс салдары);
əлеуметтік (адамдардың бір əлеуметтік топтан екінші бір топқа
өту салдары).
Тұрғындардағы динамикалық өзгерістерді талдау үшін əдетте келесі
көрсеткіштердің кешені қолданылады:
тұрғындар саны;
тұрғындар тығыздығы;
тұрғындардың жасаралық құрылымы;
тұрғындардың жыныстық құрылымы;
тұрғындардың білімдік құрылымы;
тұрғындардың отбасылық құрылымы.
Үлкен жастағы тұрғандар денсаулық концепциясын талдау жəне медициналық қызметке қажеттілігін оқыту əдістері Əлеуметтік экономикалық саясатты жүргізу барысында демографиялық тенденцияларды ескере отырып, қазақстандықтардың лайықты қарттық өмірге ие болып, түрлі қызмет көрсету түрлеріне қол жетімділікті қамтамасыз етіп, ең бастысы əлеуметтік медициналық көмек көрсетуіміз қажеттігін есте сақтау керектігін меңзейді. Көптеген зерттеулердің нəтижелері көрсеткендей жасы 75 жастан жоғары халықтың бөлігі келесідей проблемаларға жолығады екен: 50%- жүру мен тетпешектен көтерілу, 31%- өзін өзі күту, 26%- көздің көру қабілетінің нашарлауы, 15%- зірін ұстай алмау, 11% - ойлау жəне интелектуалды функцияларының бұзылуы. Сонымен қатар қарт адамдар қоршаған ортасының өзгерісіне жастарға қарағанда баяу үйренеді. Медициналық деректерге сəйкес қарт адамдар 1,5 есе дəрігерлерге шағымданып, 2 есе жиі стационарлық ем қабылдайды екен. 60 жастан асқан қарттардың жедел жəрдем шақыру үлесі 40-63% құрайды екен. Жас ұлғайған сайын адамдардың ағзасы ауруға бейім келіп, 50 жастан жоғарғы жастағы адамға 3,5 диагностикалық аурулардан тиеді. 70 жастан жоғарғы жастағы адамдарға
5-7 аурудан тиеді. Аурулар қатарында рак, қант диабеті, жүрек аурулары, туберкулез. Адам жасы ұлғайған сайын адам ағзасының қарсы тұру қасиеті төмендеп бір аурудың үстіне екіншісі жамала береді, сəйкесінше бұндай жағдай адамның физикалық күйіне өз əсерін тигізетіні айқын. Соңғы кездері көптеген медициналық əдебиеттерде мынадай хабарландырулар жарық көруде. Ол қарттарға арналған медициналық көмектің жеткіліксіз мөлшерде бөлінуі жəне қарттарға көрсетілетін қызмет түрі қарапайым науқасқа көрсетілетін ем жұмыстарынан айырмашылығының жоқтығы. Соңғы кезде Ресейде жүргілген зерттеулер нəтижесі көп жағдайларда қарт адамдарға қымбат медициналық көмектің жоғарғы технологиялы түрі көрсетілмей, көмектің қарапайым түрі ғана көрсетілетіні анықталған.
Бірақта көптеген елдерде медициналық қызметтер сақтандыру қорларыарқылы төленсе де ең қымбат медициналық қызмет түрі қарттарға арналған қызмет болып анықталып отыр. Нəтижесінде егде жастағы адамдарға арналған медициналық қызмет түрінің екі жолы ұсынылады. Олар стационарлық жəне үйде емдеу болып бөлінеді. Бірақ көптеген егде жастағы адамдар аурулары əбден асқынып соматикалық жағдайы əлсіреген де барып қана дəрігердің көмегіне жүгінеді, яғни аурудың асқынған кезінде жəне алдында берілген дəрі дəрмектердің күші кеткенде барып дəрігерді қажет ететіндері байқалған.
Геронтологиялық күту мен реабилитацияның əлеуметтік
аспектілері
Геронтологиялық реабилитация – бұл ұзақ процесс, ол тек əлеумеғттік қорғау мен денсаулық сақтау мекемелерінің кең жəне тығыз берлестіктері арқасында ғана мүмкін. Əрбір қарт адамда қандай да бір өмірлік мақсаты немесе ұзақ өмір сүру ниеті болғаны маңызды. Реабилитациялық шаралардың тиімділігі қарт адамның ниеті мен оның өмір сүру жағдайына тəуелді. Күнделікті жекебастық іс-əрекет кəріліктегі өмірдің əлеуметтік мəнге толы болуына үлкен мəнге ие. Жағымды ағымдағы психикалық жəне физикалық кəрілікте əлеуметтік көмектің формасы мен түрін егде жастағы адамда өзі таңдайды. Əлеуметтік жұмыстың мəні – бұл əлеуметтік реабилитация. Дəл осы тұрғыда мұндай реабилитация бұл əдеттегі міндетіндегі, функциясындағы, қызмет саласындағы, адамдармен қатынасқа түсу сипатындағы жəне ең маңыздысы қарт адамның əлеуметтік жұмыс объектісінен оның субъектіге ауысуы болып табылады. Қоғамға қажеттілігін əр адам өзінің өмірлік тəжірибесі негізінде құрады. ББірақ қандай жағдай болмасын адам өзінің ішкі рухани құндылығын, тұрақтылығын, беделдігін
сақтап қалуға үйренуі керек. Қазіргі кезде қарт адамдар отбасынан бөлек тұрады жəне осыған байланысты жалғыздықты немесе кез келген қиындықтарды төтеп бере алмай жатады. Егер бұрын қарттарға жауапты отбасы болса, қазір бұл жауапкершілік, мемлекеттік жəне жергілікті органдардың жəне халықты əлеуметтік қорғау ұйымдарының қарауында. мойынына түсіп отыр.
Ұзақ өмір сүрушілердің əлеуметтік – медициналық проблемалары ең алдымен əлеуметтік жəне медициналық деп бөлінеді. Бірақ бұл бөлу негізіне байланысты емес, көбінесе формасына байланысты. Бұл екі проблема да өркениет жəне мəдениетпен бірге пайда болды. Қарт адамның қоғамдағы, өмірдегі орнының өзі басқа жастағы топ өкілдерінен өзгеше. Кəрілікке дəл осы қоғамның қатынасына байланысты сəйкесінше əлеуметтік – медициналық проблемаларды анықтап, шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет