Қазақстан Республикасының
Ғылым және Білім Министрлігі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Алматы Заң Академиясы
Қылмыстық іс жүргізу кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі мен негіздері
орындаған: Әділет және сот төрелігі органдары факультеті
КССЮ - 405 топ студенті
Сәндібек Әйгерім
Ғылыми жетекші: Заң ғылымдарының
кандидаты Нуралиева А.С.
Алматы – 2007 ж
“Қорғауға жіберілді”
Қылмыстық іс жүргізу кафедрасының
меңгерушісі заң ғылымының докторы
_______________Миндагулов А.Х.
“____”____________ 2007 жыл
Жоспар
1. Кіріспе
|
3-6 бет
|
2. Негізгі бөлім
|
|
1- тарау. Сезіктіні ұстаудың мәні мен маңызы
|
|
1.1. Қылмыстық процесте сезік деген ұғымның мәні
|
7-11 бет
|
1.2. Сезіктіні ұстау- мәжбүрлеу шарасы ретінде
|
11-29 бет
|
1.3. Сезіктіні ұстау- тергеу әрекеті ретінде
|
29-36 бет
|
|
|
2- тарау. Сезіктіні ұстаудың негіздері мен процессуалдық тәртібі
|
|
2.1. Сезіктіні ұстаудың негіздері
|
36-46 бет
|
2.2. Сезіктіні ұстаудың мотивтері
|
46-56 бет
|
2.3. Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі
|
56-60 бет
|
|
|
3. Қорытынды
|
61-62 бет
|
|
|
4. Қолданылған әдебиеттер
|
63-66 бет
|
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына өтуімен біздің қоғам күрделі мәселелерге тап болды. Соңғы кездердің әлеуметтік-саяси, экономикалық өзгерістері заңдардың түп негізінен өзгертуін кажет етті. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан процестер демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің бекітілуі жөніндегі конституциялық ережелердің қамтамасыз етілуіне бағытталған. Ал, мұндай мемлекеттің негізгі құндылықтары болып адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары табылатындығы белтілі.
Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстан 2030" атты халықка жолдауында: "Бізге заңдарымыздың жарты кештігіне және тұрлаусыздығына көңіл бөлу қажет. Үйдің ірге тасын қалау жеткіліксіз — оның қабаттары, қабырғалары мен шатыры болуы қажет" — деп көрсетеді.1
Басымды міндеттердің ішінде мемлекет Президентімен келесілерді белгілеп көрсетеді:
- Сот билігі мен құқық қорғау органдарының реформасының
белсенді түрде жалғасуы;
- Заңның абсолютті билігін бекіту және заңды құрметтейтін
азаматтарды қылмыстылықтан қорғау2.
Қазақстан Республикасының Конституциясы өзінде адамның ажыратылмайтын құқықтарын, тұлғаның қауіпсіздігі мен құқықтық тұрғыдан қорғаушылығын алып жүреді.
Қамауға алу және қамауда ұстау тек заңмен көзделген жағдайларда ғана және қамалғанға сот шағымдану құқығын бере отырып, тек сот шешімімен немесе прокурордың санкциясымен ғана жол беріледі.
Прокурордың санкциясынсыз тұлға 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстала алады.3
Сезікті мәселесі қылмыстық сот өндірісінің тез және толық ашу, кінәлілерді әшкерелеу және заңды дұрыс қолдану сияқты міндеттерімен тығыз байланысты. Сезікті мәселесінің өзектілігі тұлғаның қылмыстық процестегі құқықтары мен заңи мүдделерін қорғау қажеттілігінен шығады; оны шешу құқық қорғау органдарына процессуалдық мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде ұстау мен қамауды занды және негізді түрде қолдануға мүмкіндік береді.
Осы мәселенің шешілуі қылмыстық процестің әрі қарай жетілуін қамтамасыз етуге, алдын ала тергеу міндеттерін шешуге, тергеу әдістемесінің дамуына мүмкіндік береді.
Терең ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелердің маңыздылығы жөнінде айта отырып, қылмыстық процесте қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғалардың қатысуымен байланысты сұрақтар көп көңіл аудартады. Бұл назар (интерес) сезіктінің алдын ала тергеудегі процессуалдық жағдайы мен сезіктіні іс бойынша өндіріске тарту тәртібі заңмен толық анықталмағандығымен, ал заң әдебиеттерінде бұған байланысты әр түрлі көзқарастардьң болуымен түсіндіріледі.
Қылмыстың жауаптылыққа нақты тұлғаны тарту әр кезде де тұлғаның кейінгі тағдырын анықтайтын, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық қатынастардың дамуын анықтайтын объективтік және субъективтік факторлардың суммасы.
ҚР-да С.Т. Тыныбековтың және Қ.Бековтың жұмысынан басқа сезікті мәселесін қарастырған монографиялық зерттеу болған жоқ С.Т.Тыныбеков сезікті мен айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету кағидаларын зерттеді. Ал Бековқа болса сезіктінің алдын ала тергеудегі процессуалдық жағдайын қарастырды. Сезікті мәселесі көптеген ғалым-заңгерлердің назарын аудартты. Сұрақтардың кең шеңберін немесе кейбір жекелеген аспектілерін шешумен байланысты сезікті мәселесіне Ж. Алексееванын, А. А. Альперттің, А. А. Александровскийдің, Д.Н.Беляковтың, П.Бекешконың, А.Я. Дубинскийдің, Н.А.Козловскийдің, Л.Д. Кудиновтың, А.М. Лариннің, М.М. Михеенконың, М. Строговичтің, В.И. Шпиляевтың, А.А. Чувилевтың және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері арналған. Осы мәселенің теориялық өңделуіне бағаланбас үлесін танымалы қазақстандык ғалымдар: Н. А. Абдиканов, А. Н. Ақпанов, 3. О. Ашитов, А. А. Әлдекеев, Қ.А. Бегалиев, Л.Ш. Берсугурова, Т. К. Биятов, А. Я. Гинзбург, Б. X. Төлеубекова т. б. қосты.
13.12.97 жылы ҚР-ның ҚІЖК-ін қабылдануымен сезіктінің кылмыстық процестегі мәселесі шешілгенімен, сезіктінің пайда болу негіздерін бекіту мәселесі шешілусіз қалды. Тәжірибеде әлі күнге дейін сезікті туралы мәселені бірыңғай түсінушіліктің әлі де жарық екендігін айта кеткен жөн. Тергеушінің, анықтаушының пікірі бойынша қылмыстық жауаптылыққа әлі мұндай шешім қабылданғанға дейін тартылған азамат ол әлі ұсталмағанымсн және әлі бұлтартпау шарасы қолданылмағанымсн, одан жауап сезікті ретінде алынады. Мұндай тәжірибе заңсыз, өйткені ол заң бойынша сезікті болып табылмайтын тұлғаны сезікті жағдайына қояды.
Зерттеу пәнінің аспектілері болып келесілер көрініс табады: алдын ала тергеуде сезіктінің процессуалдық жағдайын қамтамасыз етудің нақты тәжірибесі; сезікті ретінде ұстауды жүзеге асыру; сезіктінің процессуалдық жағдайының құқықтық реттелу жағдайы және бұл мәселенің заң әдебиеттерінде көрініс табуы. Бітіру жұмысының зерттеу объектісі кұқықтық нормалардың жүйесі, сондай-ақ уақытша ұсталған тұлғаларды ұстау үшін тергеу органдарының, прокурордын, изолятор қызметкерлерінің, кезекші бөлімдердің сезіктінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша және оларға жүктелген міндеттерді орындау бойынша кызметтері.
Бітіру жұмысын дайындау процесінде ҚР Конституциясы, КР ҚІЖК - сі, ҚР Президентінің жарлықтары, "Қылмыс жасалуына сезіктілер және айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы " ҚР заңы, 15 қыркүйек 1999 жылғы "ҚР-ның жедел іздестіру қызметі туралы" ҚР Заңы, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы полициясының, Кіріс министрлігінің нормативтік қүкықтык актілері, ҚР Прокуратурасының бұйрықтары мен нұсқаулары және т. б. нормативтік құқықтық актілері қолданған.
-
Сезіктіні ұстаудың мәні және маңызы
1.1. Қылмыстық процестегі "сезік" деген ұғымның мәні.
Өзімізге мәлім, зерттеу негізінде бірқатар авторлар "сезік" түсінігін қолданады. Осыған сәйкес ғалым-процессуалистер сезіктің мәнін ашуға тырысқан еді. Л.В. Франк бұл мәселені ең алғаш "Кеңес қылмыс процесіндегі сезіктіні ұстау және камау" деген қызықты әрі тиімді еңбегінде атап, сезікке анықтама береді. Л.В. Франктың пікірінше, "сезік — ол тергеушінің шынайы фактілерге, тәрбиелік-ғылыми ережелермен ой-тұжырымдарға, сондай-ақ қандай да бір деңгейдегі болжаммен осы тұлғаны қылмыс жасады деп әшкерелеуге болатын тексерілмеген деректерге негізделген істің белгілі жағдайы мен белгілі бір тұлғаның арасындағы өзара катынас, байланыс және сәйкестігі туралы ойы (суждение)" 4
Біздің ойымызша, бүл анықтаманың аргументтелгенінс қарамастан, бірқатар кемшіліктер де бар. Л.В. Франк сезікті накты тұлғаның кінәлігі жөніндегі болжаумен ұксастырады. Біз Л.В. Франктың ой - тұжырымы даулы деп есептейміз, өйткені сезік пен қылмыс субъектісі жөніндегі жекелеген болжамдар әр түрлі ұғым болып табылады. Біздің ойымызша, жорамалдардың қандай да бір процессуалдық салдары болмайды, себебі ол криминалистикалық категория ретінде орын алады. Сезік, біздің ойымызша, тек қылмыстық - процессуалдық тұрғыда, қылмыстық процесте сезікті фигурасының пайда болу негізінде қарастырылуы керек.
Қылмыстық процессуалдық әдебиетте авторлар «сезік» деген түсінікті көптеген мағынада саралайды. Л.И. Корнеева сезікті 3 аспектіден қарастырады: "Бұл, біріншіден, тергеушінің зерттеп отырған фактіге оның субъективтік қатынасын анықтайтын оның ақыл - есінің психологиялық сипаттамасы ; екіншіден, тергеу мен болжамдар келтіруге негізделіп пайдаланатын криминалистикалық ұғым ретінде; үшіншіден, пайда болған сезікпен қатар заң белгілі бір құқықтық салдардың пайда болуымен байланысты процессуалдық категория".5
А.М. Ларин сезік деген түсінікті екі мағынада түсіну керек деп есептейді:
-
криминалистикалық;
-
қылмыстық процессуалдық
Оның тұжырымы бойынша "арнайы криминалистикалық мағынадағы сезік — ол қылмыс субъектісі ретіндегі болжамның нәтижесі".6
Көптеген авторлар криминалистикалық және қылмыстық процессуалдық сезіктің арасынан ерекшелейтін шекті жүргізуге болады деп есептейді. Пищак Я.7, Васильев А.Н.8, Ларин А.М., Арцашевский Г.В., Образцов В.А.9 "Криминалистикалық сезік-процессуалдық мәні жөніндегі, қылмыстық процессуалдық кодексте оның негіздері көзделген болжамның тұжырымы деп есептейді. Жоғарыда аталған ғалымдардың анықтамаларын біз тавтологиялық деп есептейміз. Өйткені, болжамның өзі өзінің сыртқы көрінісінде тұжырым ретінде көрініс табады және оны басқадай етіп елестету мүмкін емес.
Жалпы болжамдар (версиялар) бір деректерге негізделуі мүмкін, ал кез келген болжам әр кезде де жалғыз емес, қарастырылып отырған мүмкін түсіндірмелердің біреуі болғандықтан, тергеушіден бар бір фактілі деректер квалификациясы бойынша әр түрлі қылмыстардың жасалуы туралы болжамдарға жалпы негіз ретінде қызмет етеді.
Козловский Н. А. сезікті тек бір мағынада, яғни қылмыстық процессуалдық мағынада ғана түсінген дұрыс деп есептейді. Біз оның көзқарасымен толығымен келісеміз, аспектіде қарастыру керек деп есептейміз.
Тәжірибеден мәлім, қылмыстық істі тергеудің бастапқы кезеңінде тергеушіге қылмыс субъектісі жөнінде өте аз ақпарат мәлім болады. Қылмыс жасаған тұлға жөнінде барлық дәлелдемелер жиналғанға дейін тергеушіде орын алған нақтылық жөнінде сенім қалыптаспайынша, кез келген баска білім мүмкін болады. Бұл мәселенің маңыздылығы заң актілерінде де, теорияда да атап өтілген. М. С. Строгович: "Сезікті жөніндегі азаматты сезікті ретінде шақырту мен жауап алу мүмкін болатын шарттар мен жағдайлар туралы сұрақ ол тек теория мен терминологиялық мәселе ғана емес, ол азаматтық тұлға мүдделерімен жанасатын үлкен тәжірибелік маңызы бар мәселе" деп жазған10.
Біз қылмыстық - процессуалдық қызмет сапасына сезікті тұлғаларды тартудың негізімен, тәртібімен байланысты мәселелер (сұрақтар) мәнді, азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін жанап өтетін, қылмыстық процестің міндеттерінің дұрыс шешілуіне тікелей әсер ететін және жалпы қылмыстылыққа қарсы күреске бағытталған деп есептейміз.
Козловский Н. А. сезікті ұғымы мен оны қылмыстық процессуалдық қызметке тартудың негіздері мәселесіне процессуалдық әдебиеттерде қарама- қайшы позициялары да бар деп есептейді. Оған сәйкес тұлғаларды қылмыстық процессуалдық қызметке тартудың негізін сезікті ретінде тарту деп қарастыру керек деп ойлайды. Козловский Н. А., 11 Ермаков Г., Кобликов А. сезікті деп соларға қатысты алдын ала тергеу жүргізілетін тұлғаларды білу керек дейді12. Боровский Э. тұлға сезікті деп есептеле алады, егер оған қатысты ұстау немесе бұлтартпау шарасы қолданғаннан кейін ғана емес, сонымен қатар тінту, корреспонденцияға қамау салу және т.б. с.с. шаралар қолданған кезден бастап деп есептейді.13 Кузнецова Э.Ф. тұлғаны сезікті ретінде тану үшін келесілер қажет деп есептейді:
а) нақты осы тұлға қылмысты жасады деуге негіз беретін
деректердің болуы;
б) мүндай тұлға сезікті жағдайына түсетін процессуалдық актіні шығару.
Мұндай актілердің қатарына Чувилев А.А., Линагор И.А. келесілерді жатқызады: ұстау хаттамасы, бұлтартпау шарасы туралы қаулы, сезікті ретінде жауап алу хаттамасы, сезіктінің қызметіне байланысты сараптама тағайындау туралы қаулымен танысу туралы хаттама, тінту, куәландыру немесе мүлікке тыйым салу өндірісі туралы қаулы, тану үшін көрсету хаттамасы.14
Тәжірибедегі қызметкерлердің осындай позициясымен келісетіндігін айта кеткен жөн. Сұрау салу көрсеткендей, сұралған 110, қаржы полициясы, әскери полиция органдарының, әділет органдарының қызметкерлерінің 92%-ті тұлғаны сезікті деп танудың негіздерін кеңейту кажеттілігін білдірген. ҚР ҚІЖК-де сезіктінің пайда болуын тек нақты адамға қатысты қылмыстық іс қозғаумен, не міндетті ұстауды қолдану, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдануымен ғана байланыстырмау керек. Бұл көзқарасты Михайленко А. Р.,15 Осташенко В. Г.,16 Берсугурова Л. Ж...17 Тыныбеков С. Т.,18 Қоғамов М. Ч.,19 Төлеубекова Б. Х.20 Леви А. А.21 ұстанады.
-
2. Сезіктіні ұстау-мәжбүрлеу шарасы ретінде
Сезіктіні ұстау — дәстүрлі түрде қылмыс жасағаны үшін сезік келтірілген тұлғаға қысқа уакытқа қамауда ұстауды білдіретін қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы ретінде сипатталады.22
Заң әдебиеттерінде сезіктіні ұстаудың мәніне қатысты өзге де көзқарастар кездеседі, яғни бүл бас бостандығынан айыру түріндегі қысқа мерзімді процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде де, дәлелдемелерді жинауға бағытталган тергеу әрекеті ретінде де қарастырылады. 23
Сезіктіні ұстау превентивтік сипаттағы процессуалдық шараларға жатады. Осы шаралардың қатарына сезіктіні ұстаудың қылмыстық іс жүргізу шарасына баска әкімшілік ұстау, қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеу шарасы ретінде қамауда ұстау, үкімді орындау процесіндегі ұстау шаралары жатады.24
Сезіктіні ұстаудың процессуалдық белгісі оның материалдық құрамына қатысты қызметтік ролін білдіреді. Бұл шара қылмыс жасау фактісі бойынша тек өндіріспен байланысты ғана пайдалану үшін ғана арналған.
Сезіктіні ұстаудың провентивтік сипаттамасы оның қылмыс фактісімен байланысты істі өз өндірісіне алғантұлғаның қалыпты іс жүргізуін қамтамасыз ету үшін шара болып табылатынын білдіреді. Осы белгі бойынша аталған шара қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазалау шарасынан ажыратылады. Бұл белгі сезіктіні ұстау мақсатының негізінде болады.
Сезіктіні ұстаудың мақсаты – заңда тікелей көзделмеген. Заңда қылмыс жасаған айыпталушыны және сезіктіні ұстау ҚР ҚІЖК- де көздлген мақсаттарда жүзеге асырылады. ҚР ҚІЖК –де бұл мақсатттар туралы тікелей ештеңе айтылмаған. Бұл ұстау мақсаты қылмыс жасауға сезік келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімге ұстау тәртібі туралы ережеде көзделген болатын (13.07.1976 жылғы СССР-дің Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Бұйрығымен бекітілген Ереже.) Осы Ереженің 1 бабына сәйкес ұстау ұсталған. Адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін және оған қамаудан ұстау мақсатында қолданылады. Бұл ереже заңды түрде әрекет етпейді. Алайда онда қамтылған норма заңды тәртіпте өзгермеген және доктрина түрінде әрекет етуін жалғастыруда. Оқу және ғылыми әдебиеттерде, ол қандай да бір өзгерістерсіз қолданылады.25 Мысалы, кейбір авторлар қазіргі кезде Ереже нормалары әрекет етпесе де, өзге мақсаттарда ұстауды жүргізу аталған қылмыстық іс жүргізу институтының мәніне қайшы келетіндігін негізді ескереді. 26
Сезіктіні ұстау мақсатының доктриналды анықтамасын бере отырып, кейбір авторлардың оны кеңейте отырып, толықтыруына талпынғандығын ескеру керек. Мәселен, А.К.Трусов ұстау мақсатына қылмыс жасауға сезік келтірілген тұлғалардың жеке басын анықтауды да қосады27, В.С.Чистякова – сезіктіге қылмыстық әрекетті жасауға тергеу мен соттан жасырынуға, ақиқатты орнатуға кедергі келтіруді қосады.28
Мұндай көзқарастар біздің ойымызша, нақты емес деп ойлаймыз. Сезіктінің жеке басын анықтау сезіктінің қылмыс жасауға қатыстылығын анықтаудың бір бөлігі болып табылады және ұстаудың бөлек мақсатын құрамайды. Ал сезіктінің қылмыстық әрекетті жасауына, тергеу мен соттан жасырынуына, ақиқатты орнатуға кедергі жасауына қатысты оны ұстаудың міндеті ретінде сипатталуға, ал осындай ниеттер жөнінде мәліметтер дәстүрлі түрде ұстаудың себебіне жатады.
Құқық қорғау тәжірибесінде доктриналдық көзқараспен бірге сезіктіні ұстаудың тұрмыстық көзқарастарын да кездестіруге болады. Ол сезіктіні айғақ бруге мәжбүрлеу, қылмыс жасауды мойындау, қызметтестіктен бас тартуына жазалау мақсаты үшін ұстау туралы тұржырымдарды қамтиды. Мұндай көзқарастар құқық қорғау органдарының бөлек қызметкерлерінің теоретикалық дайындықтарының шектеулігінен туындайды, заң шарттарының жүзеге асырылуының технологиялық қиындықтарымен, қылмыспен күрес бойынша қызметтің көптеген ұйымдастырушылық және психологиялдық мәселелерімен шартталған.
Ұстаудың мақсаты туралы мұндай көзқарастардың әртектігі ерекше аргументациялауды қажет етпейді. Олардың практикадағы зияндылығы да көззге көрінеді. Әдетте, олар заңды бұзуда, теріс пайдаланудан көрініс табады және әртүрлі ауыр зардаптарға әкеп соғады. Оларды, сонымен қатар, назардан тыс қалдыруға да болмайды. Мұнда тек заң бұзушылықпен күресу туралы сөз болып отырған жоқ. Кейде милициялық “тұрмысқа” байсалды қатынас оны күн ілгері орналастыру талпынысы құқық қорғау тәжірибесінле кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді және олардың алдын алу мен жою бойынша заңдық және ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкесінше шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. “Алдын-ала тергеу мен анықтауға прокурорлық қадағалау туралы” ҚР Бас Прокурорының Бұйрығында тікелей көзделген: “ұстау мен қамауға алуды сезіктіден немесе айыпталушыдан қылмыс жасаудағы кінәлілігін мойындауды таныту құралы ретінде пайдалануға жол берілмейді.”
Мұндай құбылыстардың талдауы айқасушы “тәжірибешілердің” оларды норма мен заң қалыбына енгізудегі жиі кездесетін талпынысын өз уақытында жоюға мүмкіндік береді.
Қылмыстық процестің дұрыс қалпыты барысын қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес ұстаудың барлық мақсаттары ұстауды қолданудың негізінде қосымша факторлар ролін атқара алады деуге де болады. Бұл міндеттер өздігімен ұстауды қолдануды шарттамайды, алайда, басқа міндеттер мен жиынтықта ұстауды қолдану туралы шешіледі. Қолдануға сенімнің құрылуына әсер ете алады. “Бұл шараның мәні- қылмыс жасады деп сезіктілген тұлғаларды, оларды қамауға алу жолымен қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады” деген тұжырымға келген А.С.Сергеев ұстаудың мәнін қысқаша түсіндіреді. 29 Бұл берілген анықтамалар, біздің ойымызша, ұстау институтының мәнін жеткілікті толық ашпайды, өйткені мұнда негізсіз ұстаудың ұстаудың бір белгілері көрсетіліп, "оның мәнін дұрысырақ ашатын басқа белгілсрі ашылмай қалады".30
ҚР ҚІЖК - нің мәжбүрлеу шарасы ретіндс сезіктіні ұстаудың мазмұны бас бостандығынан айырудан тұрады. А.А. Чувилев өзінің ұстауға берген анықтамасында ұстаудың ең жоғарғы мерзімі мен оның мақсаттары білдіреді. Олар қылмыс жасады деп сезік келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімді31 ұстау 72 сағаттан аспайтын мерзімде тұлғаның қылмысқа қатыстылығын тексеру және оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу жөнінде сұрақты шешу мақсатында бас бостандығынан айырудан тұрады.32 Қылмыс жасауда сезік келтіру бойынша ұсталғандарға ҚР-ның 30.03.1999 жылғы "Сезіктілерді және қылмыс жасаган айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" ҚР-ның Заңы қолданылады. Осы заңның ... бабына сәйкес сезіктінің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы және ішкі оқшаулауды, қадағалауды, сонымен қатар ҚР ҚІЖК –де көзделген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін режим көзделген. Ұсталған тұлғалар ұсталғандар үшін арналған камераларда, ал өзге жағдайларда өзге арнайы жабдықталған орындарда ұсталады. Ұсталғандар үшін камералар сезіктілер айыпталушылардың уақытша ұстаудың изоляторында жабдықталады. Ұсталғанды қамауда ұстау уақыты жазалау мерзіміне есептеледі. (ҚР ҚІЖК -нің ... бабы).
Сол сияқты осы ережеде бекітілген ұстаудың мақсаттарына негізделе отырып, барынша ашық түрде ұстау ұғымын Б.Н. Григорьев былай береді: "Сезіктіні ұстау дегеніміз - анықтау не тергеу орындарымен кейінге қалдырылмайтын жағдайларда ұсталған тұлганың қылмысқа қатысын анықтау және оны қамауға алу туралы сұрағын шешу мақсатында оны ұсталғандар орнына жеткізу жолымсн тұлғаны бас бостандығынан айырудан тұратын, сондай-ақ процессуалдық санкциямен қамауға алғанға дейін не ұсталған тұлғаны босатқанға дейін бұл шараның қысқа мерзімді бастапқы кезеңі түрінде көрініс табатын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтауға болады.33 Бас бостандығынан айыру күзетте ұстау түріндегі қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасының мазмұнын құрайды. Қамауға ұстау түріндсгі мәжбүрлеу шарасы таңдалған тұлғаларға арнайы бектілген режим қолданылады. Ол ҚР-ның 30.03.1999 жылғы "Сезіктілерді және қылмыс жасаған айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" Заңында көзделген және мәні бойынша ұқсас болып табылады. Күзетте ұсталатындар ҚР Әділет Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесіндегі тергеу изоляторларында ұсталады.
Сезіктіні ұстаудың кідіртілмейтін сипаты. Сезіктіні ұстау тек іс кейінге қалдыруды көтермейтін жағдайда қолданылады. Бұл жағдай мынадай екі шарттың үйлесуімен туындайды:
-
қауіпсіздік мақсатында сезіктіні дереу оқшаулау қажеттілігі, яғни
еркіндікте қалған ол анықтау және алдын - ала тергеуден
жасырынады немесе қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға
кедергі жасайды немесе қылмыстық әрекетпен айналысады;
-
жеткілікті нсгіздердің жоқ болуы немесе тиісті түрдс рәсімдеуге
объективтік кедергілердің болуынан қамауға алу бұлтартпау
шарасын дереу қолданудың мүмкін еместігі.
Егер де осы талаптардың кем дегенде біреуі болмаса, ұстау қолданылмайды, соның ішінде, егер де сезікті жасырынады ақиқатты анықтауға бөгет келтіреді немесе қылмыстық әрекетпен айналысады деген қорқыныш туындамаса, ол бостандығынан айырылуға тиіс емес. Осындай салдардың түсуін болжауға жеткілікті негіздер және нақты мүмкіндіктер болса, қаулы шығарып және прокурордың санкциясымен сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасы - қамауға алу қолданылады.
Бұл байланыс ұстаудың қамауға алуға қатысты бағыныштылық сипатын куәландырады.
Ұстаудың қамауға алудан айырмашылығы. Сезіктіні ұстау мен қамауға алудың бірыңғай мәнімен матасқан сипатын белгілеп және оның айырмашылық белгілеріне көңіл аударамыз. Әдетте ұстау қамауға алудан кезектілігі, сатысы, субъектісі, мерзімі, қолдану тәртібі бойынша ажыратылады. Соның ішіндс ұстау бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолданудың алдында қолданылады, басқа жағдайларда мүмкін болмайды. Сонымен қатар ұстау тек анықтау және алдын - ала тергеу кезінде қолданылатын шара болса, ал қамауға алу қылмыстық процесстің басқа сатыларында қолданылуы мүмкін, яғни үкімнің заңды күшіне енгенге дейінгі кезең аралығында. Сезіктіні ұстауды заң анықтау органы мен тергеушінің өкілеттігіне жатқызса, қамауға алу прокурор да, сот та қолдануы мүмкін. Ұстаудың мерзімі заңмен бекітілген, ол 72 сағаттан аспауы тиіс және ұзартылуға жатпайды; қамауға алудың мерзімі екі айға дейін және бұл мерзім жалпы алғанда бір жарым жылға дейін ұзартылуы мүмкін, кейбір жағдайларда тағы да алты айға ұзартылады.
Қолданудың процессуалдық тәртібіндегі айырмашылык ең алдымен қамауға алу үшін алдын — ала сот шешімінің немесе прокурор санкциясының қажеттілігі. Ал сезіктіні ұстауда мұндай талап жоқ. Ұстау тек сезіктіге қатысты қолданылады, ал қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде айыпталушыға (сотталушыға, сотталған адамға) қатысты, ерекше жағдайларда ғана сезіктіге қатысты қолданылады. Ұстау барысында хаттама толтырылады, күзетпен ұстау қаулы шығарылады; бұл жағдайда хаттама толтыру қарастырылмаған. Ұсталғандарды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторы (УҰИ) бар, ал күзетпен ұстау тергеу изоляторында жүзеге асырылады.
Сезіктіні ұстаудың әкімшілік ұстаумен және үкімді орындау процесіндегі ұстаумен ара-қатынасы. Сезіктіні ұстау мен әкімшілік ұстаудың мазмұнына байланысты сыртқы ұқсастықтары бар, ол - екеуі де тұлғаны бостандықтарынан айырумен көрінеді. Алайда олар мәні бойынша ерекшеленеді. Сезіктіні ұстау – қылмыстылықпен күресу аясында қолданылатын және нақты қылмыспен байланысты оған қатысты қылмыстық іс өндірісі шегінде әрекет етудегі қылмыстық мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік ұстау - әкімшілік құқық бұзушылықпен байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында қолданылады.
Жалпы алғанда сезіктіні ұстаудың үкімді орындау процесіндегі ұстаумен қатынасы ұқсас болып келеді, тек олардың әртүрлі мәні бұл шаралардың сыртқы айырма белгілерін келтірудің қажеттілігін көрсетеді (мерзімдері, субъектілері және т.б.).
Алайда кейбір жағдайларды бұл шаралар бір-бірімен шиелінісіп кететін жағдайлар болады. Алғашында ұстау әкімшілік тұрғыдан болып, артынша ол тұлғаның әрекетінде қылмыстың белгілері орын алғаннан кейін сезіктіні ұстау түріндегі мәжбүрлеу шарасымсн ұштасады.
Қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау - қылмыстық істер бойынша тергеу органдарымен қолданылатын процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады. Ол қылмыстың алдын ала құқық бұзушылардың қашып кетпеуін ескертуге, оның жеке басын анықтауға, жасалған қылмысқа қатысын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл Конституциямен кепілденген адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасын мәнді түрде жанап өтеді.
Петрухин И.Л. қылмыстық процестегі ұстау дегеніміз қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны прокурордың санкциясынсыз және соттың қаулысынсыз қысқа мерзімді бас бостандығынан айыру деп түсіндіреді.
Ұсталған тұлғаның құқықтары біршама шектеледі. Ұсталған тұлға жүріп-тұру еркіндігінен басқа тұлғалармен қатынасу құқығынан, мүлікке билік ету еркіндігімен айырылады, хат алмасуы бақыланады, ол тінтіледі.34 ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабына сәйкес келесідей етіп толықтыруға болар еді. Прокурор, жүргізілген ұстау жөнінде хабарлама алғаннан кейін қамауға санкция беруі тиіс, не ұсталған тұлғаны жіберуі тиіс. Ол дегеніміз ұсталған тұлға бас бостандығынан айырылады, сондықтан оны не жіберу жөнінде оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдану туралы сұрақты шешу қажеттілігі туындайды. Қылмыстылықпен күрес мүдделері, яғни бүкіл қоғам мүдделері ұстауды қолдану қажеттілігі білдіреді. ҚР Конституциясының 16-на бабына сәйкес ерекшелікті көздей отырып қылмыс жасады деген сезік туындаған тұлғаны прокурордың санкциясынсыз тек 72 сағатқа дейін ғана ұстауға рұқсат береді. Сонымсн қатар ұстау жүргізілген сағаттан бастап 12 сағат ішінде прокурор жөнінде хабарлануы тиіс. Бұл қатаң шараның мұндай болып жазылуының мақсаты - тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері кепілінің тиімді жүйесін құру, тәжірибеден анықтау және алдын алу тергеу органдарының заңсыз жәнс негізсіз ұстауларын жою болып табылады. Мұндай ұстауларды жүргізу адам құқықтарының негізгілерінің бірі — тұлғаға қол сұқпаушылық құқығының өрескел бұзылуына алып келеді. Алдын алу тергеу органдары өздерінің тәжірибелік қызметінде ұстауды көп қолданады. Сондай-ақ тәжірибеде негізсіз ұстау жағдайлары да орын алып отыр. Алайда, өмір мен қоғамның барлық жақтарының демократизациялануының бастаулымен бұл салаға да жаңа өзгерістер келеді: ұстаудың нақтылығы мен негізділігінн ведомстволық, прокурорлық қадағалау да күшейтілді. Мұндай прогрестің оң да, теріс те жақтары бар. Ұстаудың заңдылығы мен негізділігіне қатаң қадағалауға талаптың өсуімен ұстау кезінде заңдылықтың бұзылуының санын азайту мүмкіндігінен пайда болды. Алайда, сонымен қатар мүмкін болатын теріс салдардан сақтану мақсатында кейбір тәжірибедегі қызметкерлер бұл процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың барлық негіздері мен шараларын қолданудың барлық негіздері мен мотивтері болуына қарамастан одан бас тарта бастады. Бұл сұрақты тәжірибедегі қызметкерлер арасында зерттеу кезінде кейбір прокурорлар ұстауды көрсетті. Ол оның заңға қайшы келетіндігін өзімізде білеміз. Мұндай тәжірибе қылмыстылықпен күресте өте зиянды, өйткені ол соларға қатысты ұстау қолданылмаған тұлғалардың қылмыстық әрекетін жалғастыруы үшін жағдайлар құрайды. Біздің ойымызша, алдын ала тергеу органдарының қызметінде зандылықтың қатаң сақталуы процессуалдық мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде ұстауды қолданудан бас тартуды білдірмейді. Тұлғаның бостандығы қылмыс жасады деп сезіктелген азамат заңмен белгіленген негіздер болған жағдайда ғана ұсталуы мүмкіндігімен кепілдейді. Кез келген ұстауды ақтауға болады, егер ол қылмыстық процессуалдық институтты реттейтін құқық нормаларына сәйкес жүргізілетін болса. Процессуалдық әдебиеттерде бас бостандығынан айырудың жеке түрі ретіндегі ұстаудың құқықтық сипатта анықтауда қарама-қайшылықтар бар. Айтарлықтай, Л.В.Франктың пікіріне көз жүгіртсек, ұстау - ол қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны бас-бостандығынан айыру және ол үшін соған бас-бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.35 Е.М. Клюковтың ойынша, ұстау дегеніміз қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны заңмен белгіленген тәртіпте оны қамағга алу мүмкіндігі сұрағын шешу мақсатында тұлғаны дереу қамауға алудан тұратын процессуалдық мәжбүрлеу шарасы.36 Ұстаудың басқа белгілерінс З.В. Коврига көңіл бөледі. Оның ойынша, сезіктіні ұстау дегеніміз заңмен тәртіп пен негіз бойынша қылмыстың алдын алу мақсатында, тергеуден жалтаруының алдын алу және іс бойынша шындықты анықтауға бөгет келтіруінің алдын алу мақсатында қолданылатын мәжбүрлі түрдегі қысқа бостандығынан айыру.37 Бұл анықтамада ұстаудың басты белгілерінің бірі бас бостандығына айырудың қысқа мерзімділігі көрсетіледі. Сонымен қатар, мұнда ұстаудың мақсаттары да көрсетіледі. Алайда, "тергеуден жалтару" енгізеді. Сонымен қатар қылмыстық әрекеттің алдын алуда бұл процессуалдық мәжбүрлеу шарасын қолданудың жеке міндеті ретінде көрініс табады деумен келісу де қиынға соғады. Қылмыстық процесстің дұрыс қалыпты барысын қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес ұстаудың барлық мақсаттары ұстауды қолданудың негізінде қосымша факторлар ролін атқара алады деуге де болады. Бұл міндеттер өздігімен ұстауды қолдануды шарттамайды, алайда басқа міндеттер мен жиынтықта ұстауды қолдану туралы шешіледі.
Қолдауға сенімнің құрылуына әсер ете алады. "Бұл шараның мәні –қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды, оларды қамауға алу жолымен қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады” деген тұжырымға келген А.С.Сергеев ұстаудың мәнін қысқаша түсіндіреді.38 Бұл берілген анықтамалар, біздің ойымызша, ұстау институтының мәнін жеткілікті толық ашпайды, өйткені мұнда негізсіз ұстаудың бір белгілерін көрсетіліп, оның мәнін дұрысырақ ашатын басқа ұғымдар ұмытылып қалады.39 А.А.Чувилев өзінің ұстауға берген анықтамасында ұстаудың ең жоғарғы мерзімі мен оның мақсаттарын білдіреді. Ол қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды ұстау қысқа мерзімді болып табылады деп есептейді.40 Осыған сәйесс ұстау 72 сағаттан аспайтын қысқа мерзімде тұлғаның қатыстылығын тексеру және оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу жөнінде сұрақты шешу мақсатында бас бостандығынан айырудан тұрады.41 Сол сияқты осы ережеде бекітілген ұстаудың мақсаттарына негізделе отырып, бірақ барынша ашық түрде ұстау ұғымын Б. Н. Григорьев береді: "Сезіктіні ұстау дегеніміз - анықтау не тергеу органдарымен кейінге қалдырмайтын жағдайларда ұсталған тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оны қамауға алу туралы сұрақты шешу мақсатында оны ұсталғандар орнына жеткізу жолымен түлғаны бас бостандығынан айырудан тұратын, сондай - ақ процессуалдық санкциямен қамауға алғанға дейін не ұсталған тұлғаны босатқанға дейін бұл шараның қысқа мерзімді бастапқы кезеңі түрінде көрініс табатын қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтауға болады.42
Алайда бізге ең дұрысы болып И.М. Гуткиннің ұстау ұғымына берген анықтамасы табылады. Оның берген анықтамасында ұстаудың барлық негіздері көрініс тапқан, яғни процессуалдық кейінге қалдырмайтын және қысқа мерзімділік сипаты, мазмұны мен мақсаты; прокурордың санкциясының керек еместігі, ұстауды жүргізугс құқылы органдар. "Ұстау — деп жасады И.М. Гуткин, тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұратын (сағаттармен есептеледі) және алдын ала тергеу және анықтау органдарымен прокурордың санкциясынсыз қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаға қатысты оның сол қылмысқа қатыстылығыны анықтау мен соған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау арасын қолдану туралы сұрақты шешу мақсатындағы заңмен реттелген кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеті.43 Егер ұстаудың мәнін қысқаша айқындасақ, онда біздің көзқарасымыз бойынша оны келесідей етіп көрсетуге болар еді. Ұстаудың мәні — қылмыс жасады деген сезік туындаған тұлғаға қатысты оны уақытша ұстау изоляторына (одан әрі УҰИ) не т.б. ұсталған тұлғаларды арнайы арналған орындарда ұстаудан тұратын тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығына айыру. Сонымен қатар бір қатар процессуалистер ұстауды қысқа мерзімді қамау деп есептейді және ұстау мен алдын ала қамауға алудың арасында тығыз байланыстың бар екендігін көрсетеді. Мысалы, В.А. Стремовский ең көп тараған көзқарас бойынша сезіктіні ұстау – ол анықтау немесе тергеу органдарымен мен Е.А. Матвиенко ұстауды заңмен көзделген негіздер бойынша прокурордың санкциясынсыз жүргізілген қысқа мерзімді қамау ретінде көрсетеді.44 В.А. Похмелкин ұстауды қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны кейінге қалдырмайтын жағдайда прокурордың алдын ала санкциясынсыз сезіктіге сот пен тергеуден жалтаруына кедергі жасау, сезіктіні тұлғаның қылмыстық әрекетінің алдын алу не ескерту мақсатында жүргізілетін қысқа мерзімді қамау деп анықтайды.45 Аталған авторлар біздің пікіріміз бойынша ұстау институтының негізгі белгілеріне өте негізді көрсетеді, бірақ жеткілікті негізсіз оны қамаудың бір түрі ретінде қарастырады. Қылмыстық процессуалдық ұстау - ол қамау емес, ол бас бостандығынан айырудың жеке дара түрі болып табылады. А.Н. Сергеев "қамау дегеніміз қазіргі әрекет етіп тұратын қылмыстық процессуалдық заң бұлтартпау шарасы ретінде алдын ала қамауға алу деп түсіндірсе, онда ұстауды анықтау кезінде "қамау" терминін қолдану тиімсіз, өйткені ол терминологиялық қатысушылықты енгізеді деп есептейді.46 Сезікті ұстау да, қамау да бас бостандығынан айырумен байланысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасының түрлері болып табылады. Сезіктіні ұстауды қолдану тұлғаны қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға міндетті негіз болмайтындығын ескеру қажет. Ұстау-көмекші сипатқа да ие болуы мүмкін, бірақ ол ұстау тек өзіне ғана тән процессуалдық міндеттер мен мақсаттары бар дегенге қайшы келмейді. Біздің ойымызша, ұстау мен алдын-ала қамауға алудың арасындағы басты айырмашылық ұстаудың кейінге қалдырылмайтындығы мен қысқа мерзімділігінде.
Сезіктіні ұстаудың негіздері бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың негіздерімен тең емес. Ұстау - ең алдымен ұсталғанның қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Егер сезік құпталатын болса, онда бұл тұлғаға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін, ұсталғанды жіберу керек. Біздің ойымызша, оны талқыланып отырған институттың мәнін нақты түсіну үшін бас бостандығынан айырудың жеке түрі ретіндсгі ұстаудың өзіне ғана тән белгілерді көрсету қажет. Бұл белгілер, негізінен келесілерден көрініс табады: біріншіден, ұстау- ол қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығынан айыру. Тұлға УҰИ-на не арнайы соған арналған орындарға орналастырылады. Сөйтіп, ол еркін жүріп-тұру бостандығы мен қатынасу мүмкіндігінен айырылады; екіншіден, ұстаудың маңызды белгісі болып оның кейінге қалдырылмайтындығы табылады; үшіншіден, бұл процессуалдық мәжбүрлеу шарасын анықтау және алдын ала тергеуді жүргізуге өкілетті органдардың прокурордың санкциясынсыз жүргізе алады; төртіншіден, қамауға алу тек осы тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау не оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу, бірақ 72 сағаттан артық емес мерзімге қолдану туралы сұрақты шешуге қажетті уакытқа ғана мүмкін. Қысқа мерзімділігі ұстауды басқа ұстау институттарынан ерекшелеу сұрақтарына арнайы тоқтау керек. Заңда да, сондай-ақ процессуалдық әдебиеттерде де "ұстау" термині әртүрлі мағынада түсіндіріледі. Онда фактілі ұстау туралы да айтылған еді. Ол фактілі және қылмыстық процессуалдық ұстауды нақты айыруға міндеттейді. Сонымен қатар бірқатар процессуалистердің еңбектерінде фактілі және қылмыстық процессуалистік ұстаудың арасында нақты айырмашылықтар келтірілмеген еді. Тәжірибеде ұстаумен алдымен нақты орнында ұстады; екіншіден, полицияға алпи келу және ұстағанды анықтау органның жайында ұстау негізін, онымен жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, оның тұлғасын сипаттайтын мәліметтерді алғанға дейінгі қысқа мерзімі ұстауды; екіншіден, қылмыстық істі қозғау, ұстау хаттамасын толтыру және сезіктіні УҰИ-на орналастыруды түсінеді. Фактілі ұстау дегеніміз - тұлғаны орнында ұстап, қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны анықтау органына немесе тергеушіге мәжбүрлі түрде алып келу. Бірақ бұл қылмыстық - процессуалдық жағдайдағы ұстаудың пайда болуының бастапқы сатысы емес. Осыған қарамастан әдебиеттерде сезіктіні тұлғаны полицияға алып келу кей кездерде ұстаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады.47 Біздің ойымызша, құқық бұзушының полицияға алып келетін полиция қызметкерлерінің әрекеттері ұстаудың міндетті элементтері ретінде қарастырылуы керек. Сезікті тұлғаны ұстау мен алып келу полицияның кез келген қызметкерімен, сондай-ақ кез келген азаматпен жүргізілуі мүмкін. Бұл әрекеттер, егер олар анықтау қызметкерімен немесе осы тұлғаны ұстау туралы қаулыны орындау тәртібінде жүргізілмесе, бұл ұғымдарды шатастырмау үшін жеткізу деп атау керек. Мұндай жағдайларда полицияға қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғалар алып келгендігіне қарамастан мұндай ұстау әкімшілік құқықтық сипатқа ие және полицияның әкімшілік қызметінің шегініп шықпайды. Мұндай жағдайдағы тиісті органға құқық бұзушыны жеткізу милицияға жүктелген қоғамдық тәртіпті сақтау функциясынан шығып, сол полиция қызметкерлерінің өзінің қызметін жүзеге асыру барысында пайда болады. Кез келген тәртіпке қол сұғушылықты ол әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық орын алған, алмағандығына қарамастан алдын алу міндетімен байланысты болады.48 Сонымен қатар "ұстау" терминінің тағы бір мағыналық мәні бар. Ол -әкімшілік құқықтық сипаттағы ұстау И.И Гуткин заңды зерттеу негіздеріне сүйене отырып, әкімшілік ұстаудың келесі түрлерін көрсетеді: Ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарды заңмен белгіленген мерзімдерде оларға материалдарды полиция бағытыме немесе аудандық судьямен қарау үшін ұстау; әкімшілік құқық бұзушының жасаған тұлғалардың бұзушылықтарының алдын алу үшін, егер басқа әсер ету шаралары — қолданылып болса, сондай-ақ құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып отырып, құқық бұзушылық тұлғасын анықтау үшін 3 сағатқа дейін ұстау:
1) Прокурордың санкциясымсн қабылдаушы — бөлуші (приемник-распределитель), қайыршылық үшін ұсталған тұлғаларды олардың тұлғасын анықтауға, сондай-ақ ол тұлғаларды жүмысқа орналастыру жөніндегі сұрақтарды шешуге кажетті;
Қарт адамдар мен мүгедектер үйіне орналастыру үшін немесе оларға қорғаншылықты белгілеу үшін не заңға сәйкес жауапқа тарту үшін ұстау, бірақ 30 тәулікте көп емес мерзімге ұстау жүргізіледі. Егер қалада немесе ауданда мұндай қабылдаушы-бөлуші (приемник-распределитель) болмаса, мұндай тұлғалар прокурордың санкциясымен УҰИ-да 10 тәуліктен аспайтын мерзімге ұсталуға жатады.49
Процессуалдық әдебиеттерде ұстау тек процессуалдық қызмет ретінде қарастырылады. Ол оның мәнін, қолданудың шарттары мен жағдайларын анықтайтын қылмыстық-процессуалдық заңмен көзделген. Осының барлығы осы институтының қылмыстық процессуалдық табиғатын көрсетеді.
Ұстау институтының мәні туралы айта келе ұстау қылмыстық процестің әрі кейінгі дұрыс барысы үшін жағдайлар құрады, ұсталған тұлғаны, егер оның кінәлігі дәлелденсе, жауаптылыққа тарту үшін жағдайлар құрайтындығын айта кеткен жөн. Ұстау қылмыстардың тез және толық ашылуынша, жасалған қылмыстың "ыстық іздері"бойынша ("горячие следы") дәлелдемелерді тағу мен бекітуге септігін тигізеді.
Ұстаудың мәні оның дәлелдеу процесіне тигізетін әсерін де анықталады. Ұстаумен бірқатар кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеттеріне байланысты. Олардың көмегімен дәлелдемелер жиналады. Мысалы, жеке тінту, киімді қарау, куәландыру және т.б.
Ұстаудың мәні, сондай-ақ ол сезіктіні қылмытық әрекетін жалғастыру мүмкіндігінен айыра отырып, жаңа қылмытың жасалынуынан алдын алады. Мұндай процессуалдық мәжбүрлеу шарасының қолданылуы куәлардың, жәбірленушілердің қылмыстық процестің өзге де қатысушыларының қорғалуын қамтамасыз ету аспектілерінде де өте маңызды.
Бүгінгі кездс тұлғаға қол сұқпаушылықтың процессуалдық кепілдерінің тиімді жүйесін құру үшін міндеті тұр. Бірақ қандай да бір нормативтік-құқықтық акт қабылдамайынша және оның қолданылуына мүмкіндік берілмейінше мұндай жүйені құру мүмкін емес. Осы процесте бізге перспективті болып ұстау институтының дамуының келесідей бағыттары көрінді:
-
ұстаудың қолдану шектерін тарылту;
-
оның қолданудың процессуалдық тәртібін жетілдіру;
3) қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғалардың процессуалдық мәртебесін бекіту;
4) ұстаудың заңдылығы мен негізділігіне прокурорлық сот қадағалауының құқықтық негіздерін кеңейту;
-
ұстауды қолдануға ведомстволық процессуалдық бақылауды
жетілдіру;
-
заңсыз және негізсіз ұстау нәтижесінде бұзылған азаматтардың құқыктарын, қадір-қасиетін қалпына келтіру тәртібін реттеу.
Ұстаудың құқықтық реттелуінің дамуының негізгі бағыттарын қарастыра отырып, қолданудың заңдылығы мен негізділігінің процессуалдық кепілдерін дамытуға көңіл бөлу керек.
Осыған сәйкес қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны қылмыстық іс қозғалғанға дейін ұстау мүмкіндігі туралы сұрақты қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |