Имам ғазали жүректің сырлары


(ақиреттен) артық көрген болса, онда шүбәсіз, оның ақыр соңында барып



Pdf көрінісі
бет6/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Жүректің сырлары T.a

(ақиреттен) артық көрген болса, онда шүбәсіз, оның ақыр соңында барып 
паналайтын жері сол жалын атқан жаһаннам болмақ! Ал кімде-кім күндердің 
күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан болса 
һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса, шүбәсіз, оның ақыр соңында барып 
паналайтын жері – жаннат болмақ!»
18
 
18
 
«Назиғат» сүресі, 37-41 
Кім Алланың азабынан құтылуды, сауабына және мейіріміне жетуді қаласа, бұл 
дүниенің қиыншылықтарына шыдасын, сабырлы болып, күнәлардан сақтансын. 
«Заһрур-рияд» атты кітапта айтылғандай, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«Пейіштіктер пейішке кіргенде періштелер оларды түрлі тамақтар, сан алуан 
сусындар, мейманханалар, орындықтар, қысқасы, пенденің ойына да келмеген 
әрқалай нығметтермен күтіп алады. Олар қатты таңғалады. Сонда Алла Тағала: 
«Біздің бір уәдеміз бар еді. Соның уақыты келді», – дейді де, періштелерге: 
«Жүздеріндегі перделерді ашыңдар!» – деп бұйырады. Періштелер: «Уа, Жаратқан 
Алла! Бұлар күнәһар болып тұрып Сенің жамалыңды қайтіп көреді?» – дейді. Алла 
Тағала былай дейді: «Перделерді ашыңдар! Себебі олар дүниеде маған келу үшін зікір 
қылып, көз жасын төкті». 
Сөйтіп көздегі перделер ашылады. Пенделер Алланың жамалына қарап, дереу 
сәжде жасайды. Сонда Алла Тағала былай дейді: «Бастарыңды көтеріңдер! Себебі бұл 
жер ғибадат жасайтын жай емес, сыйдың жайы». Сонда олардан: «Уа, пенделерім! 
Сендерге сәлем. Мен сендерге разымын. Сендер де маған разы болдыңдар ма?» – 


10 
деп сұрайды. Олар: «Уа, Жаратқан Иеміз! Қайтіп разы болмаймыз? Сен бізге пенденің 
құлағы естімеген, көзі көрмеген, ешбір кісінің қиялына келмеген нәрселерді бердің», – 
дейді. 
«
Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза»
19
 
және «Һәм олар ерекше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет