1) “True or False” («Дұрыс немесе Бұрыс»)
Ұсынылған тұжырымдар бойынша «Т» немесе «F» карточкаларын қолданып қорытынды жасандар
a) Тіктөртбұрыштың b ені осы тіктөртбұрыштың ұзындығынан 2 есе артық болса, онда b=2∙a;
b) Егер жеңіл көліктің V1 жылдамдығы жүк көліктің жылдамдығынан 30 км/сағ-қа артық болса, онда V1+30= V2;
c) Егер 2 кг алма a тг болса, онда 3 кг алма 3a тг тұрады.
d) Егер тіктөртбұрыштың ауданы шаршының ауданынан 2 есе кем болса, онда тіктөртбұрыштың ауданы S:2 ге тең.
e) Егер қазір Сауле Олядан 1 жасқа үлкен болса, онда а жылдан кейін ол одан (1+а) жасқа үлкен болады.
2) Жұппен жұмыс
1. XVII ғасырдағы математика жазбаларынан ескі есеп.
«Екі ұста ауланы дұрыстамақ болады. Біріншісі былай дейді:
- Егер мен жалғыз істесем, жұмысқа 3 жыл уақыт кетер еді.
Екіншісі:
- Ал мен бұл жұмысқа 6 жыл уақыт жұмсар едім.
Екі ұста жұмысты бірлесіп істейтін болып келіседі. Олар ауланы қанша уақытта дұрыстап бітіреді?»
2. Жылқы бір арба шөпті бір ай жейді, ешкі – екі ай, қой – үш ай жейді. Жылқы, ешкі, қой барлығы бірлесіп бір арба шөпті қанша уақытта бітіреді?
№
|
Мақсат
|
Дескрипторлар
|
+/-
|
1-4
|
5.5.1.3
|
Мәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады (мысалы, бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);
|
|
Сұраққа байланысты қажетті белгілеулерді қолдана алады
|
|
Есеп шарты бойынша өрнек құрай алады
|
|
Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады
|
|
Дұрыс жауабын бере алады.
|
|
3) Фронтальды жұмыс
Қыштан зат істеуші 3 сағатта 12 құмыра істей алады, ал оның шәкірті – 6 сағатта істейді. Егер шебер мен шәкірті 2 сағат бірлесіп жұмыс жасаса, қанша құмыра жасап бітіреді?
Мектеп кабинетін жөндеуді екі бригада жасады. Бірінші бригада кабинетті 15 күнде бітіреді, егер екінші бригадамен бірлессе 12 күнде бітіреді. Ал екінші бригада бұл істі неше күнде бітірер еді?
Ағасы, інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса 24 минутта,егер інісі ғана жасаса 40 минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды?
1 нұсқа
Егер сыйымдылығы 240 л ыдыс бір құбырдан 15 минутта, екіншісі 18 минутта толатын болса, онда ыдыс екі құбыр арқылы қанша минутта толады.
Бір кісі бір бочка квасты 14 күнде ішеді, ал әйелімен бірге 10 күнде ішіп бітіреді. Оның әйелі 1 бочка квасты қанша күнде бітіреді.
2 нұсқа
Құс фермасына үйрекке 30 күнге, ал қазға 45 күнге жететіндей жем әкелінді. Әкелінген жем үйрек пен қазға қанша күнге жетеді.
Дайындалған материалдар 10 күн ішінде екі цехтың немесе 15 күн ішінде бірінші цехтың жұмысына жетеді. Бұл материалдарды тек, екінші цехтың жұмысына қанша күнге жетер еді?

Достарыңызбен бөлісу: |