Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет1/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193
Жүректің сырлары T.a




ИМАМ ҒАЗАЛИ
 
 
 
ЖҮРЕКТІҢ СЫРЛАРЫ 
 
(Мукашафатул-қулуб)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аударған: Қанат Сұлтанбекұлы
Алматы, 2020



ӘОЖ 28 
КБЖ 86.38 
Ғ 21 
 
 
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 
Дін істері комитетінің дінтану 
сараптамасының оң қорытындысы берілген 
Аударған: Қанат Сұлтанбекұлы 
Ғазали И. 
Ғ 21 Жүректің сырлары (Мукашафатул-қулуб) / ауд. Қ.Сұлтанбекұлы. – Алматы: 
«Самға» баспасы, 2020. – 480 б. 
ISBN 978-601-7980-44-3 
Бұл еңбек – Ислам ілімімен жүректерге нұр шашқан, ұлы ойшыл Имам 
Ғазалидің «Мукашафатул-қулуб» (Жүректің сырларын ашу) кітабының қазақша 
аудармасы. Кітапта мұсылманшылықтың бет-бейнесі, Исламның нағыз жолы 
көрсетілген. Адам баласына Алла Тағаланың бұйрықтарына лайық түрде қалай 
өмір сүру керектігін үйретеді. 
Кітап жалпы оқырмандарға арналады. 
ISBN 978-601-7980-44-3 
© Қ.Сұлтанбекұлы, 2020 
© «Самға» баспасы, 2020 



Алғы сөз 
Бүкіл Ислам дүниесіне танымал ұлы ғалым Имам Ғазалидің «Мукашафатул-қулуб» еңбегі – 
қаншама ғасырлардан бері адамзатқа жол көрсетіп келе жатқан бағалы еңбектердің бірі. 
Өйткені бұл еңбек жан дүниесі алай-дүлей болып қиналған не адамдық асыл қасиеттерден 
алыстаған адамдарды Құранның және сүннеттің нұрымен бақытты өмірдің жолына бағыттап 
келеді. 
Қоғамды бұзатын тәкаппарлық, екіжүзділік, атаққұмарлық, кекшілдік, қатыгездік, 
әділетсіздік т.с.с. рухани кеселдер бар. Қайсыбір қоғамда сондай ауруларға шалдыққан 
пенделер көбейсе, сол қоғам моральдық тұрғыдан құлдырауға ұшырап, өз ішінен ыдырай 
бастайды. Адам табиғатын кемшіліктерден арылтып, жан дүниесіне иман, ықылас, 
мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, жомарттық, кешірімділік, әділеттілік сияқты асыл 
қасиеттерді сіңдіруге бола ма? Имам Ғазали бұл еңбегінде жоғарғыдай кеселдерден арылып, 
мәңгілік бақыт пен жан дүние рақатына жетудің жолдарын көрсетіп өткен. 
Рухани дерттер орнайтын жай – адамдың жан дүниесі, яғни жүрегі болғандықтан, шығарма 
«Мукашафатул-қулуб» деп аталған. «Мукашафа» арабша тілінде «көмескі нәрселерді ашу» 
дегенді білдіреді. Кітаптың аталуын кеңірек мағынада «жүректі жаулап алған, адамдық 
қасиетке жараспаған сезімдерді ашып көрсету» десе де болады. 
Егер қоғамдағы мейірімсіздік пен қатыгездіктің орнын кешірім мен мейірім
тәкаппарлықтың орнын сыпайылық, кішіпейілдік; екіжүзділік пен мақтаншақтықтың орнын 
ықыластылық; әділетсіздіктің орнын әділеттілік иеленсе, сол қоғамда бақыт, тыныштық 
орнайды. Міне, сол себептен бұл кітаптың қазақ тіліндегі аудармасының елімізге тарту етілуі 
де өзгеше маңызды іс деп білеміз. 
Бұл жерде айта кетуге тиісті екі мәселе бар: біріншісі, аталған кітаптың атақты Имам 
Ғазалидің қолынан шыққан еңбек екендігіне ғылым дүниесінде біршама күдік-күмәндар бар. 
Өйткені ұлы оқымысты Имам Ғазалидің «Ихия» сияқты көлемді еңбектерінің ғылыми және 
идеялық тереңдігіне, тіл орамдарын қолдану және ой жүгірту стиліне салыстырмалы түрде бұл 
еңбекте көп айырмашылықтар бар делінген. Соған қарамастан, ұзақ уақыттардан бері Имам 
Ғазалидің еңбегі ретінде мұсылмандар арасында қастерленіп оқылып келгендіктен және бұл 
еңбек өте маңызды діни-тәрбиелік құндылықтарды өз ішіне қамтып тұрғандықтан, бүгінгі 
мұсылмандар үшін де өте пайдалы деп есептейміз. 
Екіншіден, кітапта сәнәді (қайнар бұлағы) анықталмаған риуаяттар мен оқиғалар да көп 
кездеседі. Бірақ олар жалпы Ислам құндылықтарын көрсетіп, Құран мен Сүннеттің тура 
жолына бағыттап тұрғандықтан, белгілі ғұламалар тарапынан кеңірек алқада қабыл алынып 
оқылып, айтылып, тәлім-тәрбиеде кеңінен қолданылып келген. Қорыта айтқанда, бұл кітапта 
адамды адам қылған және пенденің дүниелік-ақыреттік бақытына себепкер болатын өте 
маңызды ұғымдар қамтылған. 
Кітаптың авторы, Ислам әлемінің ұлы ойшылдарының бірі Имам Ғазалидің толық аты-жөні 
– Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Ғазали. Ислам дүниесінде ол «Хужжатул-Ислам» 
(Ислам ілімдерінің дәлелдеушісі) лақабымен танымал. Имам Ғазали һижри 450 жылы (1058 
жылы) қазіргі Иран аймағындағы Тус қаласында дүниеге келген. Әкесі «ғаззал», нақтырақ 
айтқанда, мата тоқыған жұмысшы болғандықтан, «Ғазали» деп аталып кеткендігі айтылады. 
Кейбір ғалымдар оны Ғазала деген жерде туылғандықтан «Ғазали» деп те аталғанын айтады. 
Имам Ғазали жас кезінен көп оқып өте терең білім алған және 34 жасынан бастап өз 
дәуіріндегі Бағдат қаласының «Низамия» оқу орнында көп жыл сабақ берген. Оның қолынан 
талай оқымысты-ғалымдар жетіліп шыққан. Кейін әлемді саяхаттап, көптеген аймақтарға да 
барған. Имам Ғазали 53 жылдық өмірінде 200-ге жақын кітап жазып қалдырған. Оның 
кітаптары тәфсир (Құран аяттарының түсіндірмесі), хадис, тарих, философия, фиқыһ (Ислам 
құқығы), тасаууф ғалымдары үшін ғана емес, қатардағы қарапайым халық үшін де зор 



мағынаға ие. Ислам құқықшылары Имам Ғазалидің «Басит» (Құқықтық толық баян), «Уажиз» 
(Құқықтық қысқа баян), «Уасит» (Құқықтық орта баян) сияқты кітаптарынан, тәфсир, ақида 
(иман-сенім) ғалымдары «Қауаидул-ақаид» (Сенім ережелері), «ар-Рисалатул-қудсия» 
(Қасиетті баяндар рисаласы), «әл-Иқтисад фил-итиқад» (Сенім туралы түсіндірме) 
кітаптарынан, тасаууфшылар «Ихияу улумиддин» (Дін ілімдерін жандандыру) сияқты 
кітаптарынан пайдаланып, рухани азық алған. 
Ислам дініне қарсы шыққандармен күресте оның «Хужжатул-Хақ» (Ақиқат дәлелдері), 
«Муфассил әл-Хилаф» (Таластарға нақты жауаптар), «Қауасим әл-Батиния» (Батиния 
ағымының негізгі мәселелері) сияқты еңбектері зор рөл ойнаған. 
Имам Ғазали философия жайында да бірнеше кітап жазған. Олардың ішінен «Тахафут әл-
Фаласифа», «Мақасид әл-Фаласифа» еңбектері маңызды орынды алады. 
Имам Ғазали һижри 505 жылы (1111 жылы 19 желтоқсанда) бұл дүниеден өткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет