Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет8/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   193
Жүректің сырлары T.a

құлдарына 
өте 
шарапатты. 
Қалағанына 
(қалағанынша) ризық береді. Ол – шексіз күш-қуат иесі, бәрінен үстем һәм 
құдіретті»
24
 
деген аятының баянын міне сол жерден көруге болады. 
24
 
«Шура» сүресі, 19 
Ибн Ата былай деген: «Пенденің шынайы мүмин болып-болмағаны қиыншылықта не 
төрт құбыласы түгел кезде білінеді. Төрт құбыласы түгел кезде шүкір қылып, басына 
бәле келгенде шағымданып жылаған кісі өтірікші». 
Егер біреу адамдардың және жындардың бүкіл іліміне ие болып, бірақ басына бәле 
келгенде шағымдана бастаса, ол ғалымға ілімінің және жасаған жақсы істерінің 
ешқандай пайдасы болмайды. Өйткені Алла Тағала бір құдси хадисте былай дейді: 
«
Кім Менің тағдырыма разы болмаса және Мен берген нығметтерге шүкір қылмаса, 
өзіне Менен басқа құдай іздесін».
25
 
25
 
Табарани, Муғжамул кәбир, 22/320; Дайлами, 169; Хайсами, 7/207 
Уәһб ибн Мунаббиһ төменгідей риуаят етеді: «Пайғамбарлардан біреу Алла 
Тағалаға елу жыл ғибадат жасады. Алла Тағала оның күнәларын кешіргенін 
хабарлағанда, ол пайғамбар: «Уа, Жаратқан Ием! Сен кешіргендей күнә да қылмадым 
ғой?» – дейді. Бұл жауапты естіген Алла оның мойнындағы тамырларының бірін тез 
соғуға бұйырды. Нәтижеде ол пайғамбар түнімен ұйықтай алмай шықты. Таң ағарғанда 
жанына келген періштеге түнімен тартқан азабын айтып берді. Періште: «Алла Тағала 
саған: «Елу жылдық ғибадат сол тамырдағы аурудың (болмау үшін шүкіршілікке) де тең 
емес», – деп айтады», – деді. 
Нәпсіні тәрбиелеу 
Алла Тағала бір аятта пенделерін былай деп ескертеді: «Әркім ертеңгі ақиреті үшін 
(не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. Аллаға шын көңілден 
тағзым етіңдер және Оған қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Шүбәсіз, Алла 
не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар».
26
 
26
 
«Хашыр» сүресі, 18 
Уа, адамзат! Әрдайым жамандықты қалап тұрған нәпсі саған шайтаннан да жаман 
дұшпан екенін біліп қой! Шайтан нәпсіңнің қалауымен мойныңа мініп алып, сені 


13 
Алланың жолынан шығарып жіберуі мүмкін. Нәпсің болса сені құрғақ қиялдармен 
алдап қояды. Себебі нәпсі надандықты, салғырттықты ұнатады және өмірді 
жалқаулықпен өткізуді қалайды. Ол әрдайым бұзақы істерге араласады. 
Тәкаппарлыққа азғырады. Егер нәпсіңе разы болып, оған бас исең, өміріңнің соңы өте 
жаман болады. 
Нәпсі ешқашан жақсылыққа алып бармайды. Нәпсі – бәлелердің басы. Шайтан үшін 
күнәнің құлы болған нәпсісін жақсы көрген кісі Жаратқанды тани алмайды. 
Құранда былай деп айтылады: «Аллаға қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет