Иманды болу парызың
Иманның отауы-Жүрек. Ал оның сыртқы пішіні-жүректегі нұр мен имандылық. Сол үшін адамдардың, жүрегінде жылуы болуы қажет. Иманды адам жүрегімен иман еткенің тілімен дұрыс айтуы парыз. Ол болмаса адам мұсылман болмайды.
Иман дегеніміз-сену,илану,бір адамның сөйлеген сөзің қоштау, қолдау дегенді білдіреді. Алла Тағала айтады: «Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер де барлығы: Аллаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. «Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың» деді.
Жоқтан бар жасаған, бүткіл әлемге жан сыйлаған, барлық нәрсені жаратуға құдіреті жететін біздің Жаратушымыз. Жаратушымызға сеніп, иманды болуға талпыну әрбір есі дұрыс пендеге міндеттелінетін-парыз. Тіпті біз оны тәжірбиеге, сонымен қатар пәлсапаға сүйенбестен сеніп, құлшылық ету маңызды. Адамның мүмкіндігі шектеулі, ол өз өмірің Алланы зерттеумен, бар екенің дәлелдеумен айналысқанша, оған сеніп, иман келтіргені абзал.
«Имандылық», «Иман» дегенде діни тұрғыдағы ойлар санамызды жаулары анық. Дегенмен, бұл сөздің астарын мен үлкен мағынамен теңестірер едім. Иман – ол сенің тәрбиең, ар-ұятың, сана-сезімің, білімің. Мысалы, адам бір затты рұқсатсыз алса, ол жалпақ тілмен айтсақ ұрлып болып табылады. Ұрлық жасағалы тұрған адам қолы сол нәрсеге бармай, жүрегі дауаламаса яғни, ол адамның жүрек түкпіріндегі иманы осы арсыз әрекетке қолын жібермей тұрады. Адам жүрегінің түкпіріне иман ұяласа ол адамның бойында тәртіп, ұят, білім, саналы іс-әрекеттер өздігінен қалыптаса бастайды дегім келеді. Қазақтың дана сөздерінде «Ұят кімде болса, иман сонда» деген.
Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |