Имантау селолық округінің әкімі Махметов Аманбек Ғазизұлының округ тұрғындары алдындағы есебі



Дата22.02.2016
өлшемі49.31 Kb.
#1770
Имантау селолық округінің әкімі Махметов Аманбек Ғазизұлының округ тұрғындары алдындағы есебі.
Құрметті селолық округ тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімі бойынша барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында жариялы түрде есеп береді. Бұл іс-шара әкімшілікпен халық арасында қарым-қатынасты тығыз байланыстырып, көтерілген мәселелерді қоян-қолтық бірге отырып шешіп, алға қойған жоспарларды бағыттап береді.

Бұның бәрі бүгінгі таңда өз жемісін беруде, қоғам демократиялық түрде дамуда, әкімдер өз жұмысын нысаналы түрде жүргізіп, халықпен біте-қайнасып өзекті мәселелерді көтеріп, шешуде.

Имантау селолық округінің аймағы 66357га,ауыл шаруашылығы белгіленген жері 42647 га, оның ішінде егістік 17800га, жайылым 24847га құрап, 3 елді-мекенді қамтиды. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы егістік алқабын 676га ұлғайтылды.

Имантау селосында 2596 тұрғынымен 922 үй, Верхний Бұрлық ауылында 267 тұрғынымен 126 үй, Цуриковка ауылында 12 тұрғынымен 8 үй бар. Жалпы тұрғындар саны 2875 адам.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде 5 ЖШС: «Арыкбалыкское МТС» ЖШС басшысы Ехин О.Ө.- 6272га, «Лобаново» ЖШС басшысы Витэк И.Ю. егістік алқабы 5845га, «Имантау, земля и птица» ЖШС басшысы Дзауров Б.М 1609га, «Восход-Имантау» ЖШС басшысы Цечоев А.М.-604га, «АгроКом-Мадениет» ЖШС басшысы Тимаев С.Б. 1042га және жалпы аумағы 2669га егістікті құрайтын 10 шаруа қожалығы айналысады.

Интенсивтік технологияларды қолданып, агротехникалық іс-шараларды сауатты ұйымдастырып жақсы көрсеткішке жеткен «Имантау, земля и птица» ЖШС, «Восход - Имантау» ЖШС, «Лобаново» ЖШС, шаруа қожалықтары «Маканай», «Генкель», «Дзауров»-ты атап өтуге болады.

Мал шаруашылығы негізінен ауыл тұрғындарында шоғырланған ІҚМ 2238 бас, оның ішінде 1118 сиыр, жылқы- 422 бас, қой -999 бас, шошқалар -876 басты құрайды.

. Құс шаруашылығымен негізінен «Имантау земля и птица» ЖШС басшысы Б.М Дзауров айналысады. Жалпы саны - 34000 бас, оның ішінде қаздар

10000, ал үйректер 24000 құрайды, бұл шаруашылық аудан бойынша ең жақсы дамыған құс шаруашылығы болып табылады.

Селолық округте жасанды ұрықтандырудың 3 бөлімі бар.

2010 жылға ЖК «Қасымов» түйе құс өсіру фермасын ашады.

Округте кіші және орта бизнесті дамытуға жағдайлар жасалған. «Восход - Имантау» ЖШС-те өндірістік күші 1600 нан шығара алатын наубайхана жұмыс істейді.2009 жылы 40 нан шығаратын жеке кәсіпкер «Есильбаева» шағын наубайханасын ашты.

Азық-түлікпен және басқа халыққа қажетті заттар сатылатын 14 дүкен, Верхний Бұрлық селосында – 2 дүкен жұмыс істейді.

Селолық округте 2 ағаш кесетін цех жұмыс істеуде, ауыл тұрғындарының және жақын ауылдардың сұранысын қанағаттандырады. 2010 жылы тағы 2 ағаш кесетін цех ашылады.

2010 жылға 1 шаштараз, 1 көліктерге техникалық қызмет көрсету станциясын, 1 дөңгелек жөндеу ұстаханасын, 1 дүкен ашу жоспарда бар.

2009 жылы 675 шаршы метр тұрғын үй берілді.

Ауыз су мәселесі бойынша 2009 жылы 3 мәрте жөндеу жұмыстарын жүргізіп, демеушілердің көмегімен 100000 теңгеге жаңа су насосын орнаттық.

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін селолық округте 2 мектеп: Имантау орта мектебі және Верхнии Бұрлық негізгі мектебі жұмыс істейді. Имантау орта мектебінде 336 оқушыға 56 ұстаз тәлім-тәрбие беруде. 2009 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша 84 балл жинап, 9 орынға табан тіреді. Имантау орта мектебі материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында аудан бюджетінен заманауй жаңа талаптарға сай 4 млн 50 мың теңгеге биология кабинеті беріліп, жыл соңында 1950000 теңге тұратын Газель автокөлігі сыйға тартылды. Кузахметов Ыдырыс 200 000 теңгенің музыкалық орталығын сыйға тартса, ауыл шаруашылығында еңбек ететін өндіріс басшылары мектепке 1 жиһаз бен 2 кілем сыйлады.

Салауатты өмір салтын дамытуға дене шынықтыру мұғалімдері шаңғы тебу спортынан спорт шебері Миняйлов П.М. пен ауыр атлетикадан спорт шебері Петров И.В. сүбелі үлестерін атап өтуге болады. Олардың шәкірттері Хабибулина Алина ҚР армреслинг спортынан чемпион атанып, спорт шеберіне үміткер нармативын орындаса, спорт шеберіне үміткер Килих Артур шаңғы спортынан республикалық жарыстарда жүлдегерлер арасынан табылды. Федосов Сергей СҚО шаңғы спортынан үш дүркін чемпионы болса, Байпақов Руслан облыстық жарыста жүлделі үшінші орын алды. Шаңғы жарысынан қыздар арасында Жапарова Айшолпан,Абдулина Рима,Григорьева Виктория және Абдулина Суфия облыста шаңғы спортынан жалпы командалық 1 орын жеңіп алды.Ауыр атлетикадан Ляликов Дмитрий екінші орын,Шульгин Влад гір көтеруден облыста екінші орын, Мартысевич Маша армреслингтен облыс бойынша үшінші орын алды.Облыстық селолық «Ақ бидай» жарысында ерлер командасы армреслингтен үшінші орын алса, оқушылар арасында қыздар командасы екінші орынға табан тіреді.Осы жетістіктердің барлығы өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып, отансүйгіштік қасиеттерін оятады.

Верхний-Бұрлық негізгі мектебінде 56 оқушыға 13 ұстаз қызмет етеді. Ауыл мұғалімі бағдарламасы бойынша 2 жас маман ақшалай көмек алып, жұмысқа орналасты.

Округ тұрғындарына медициналық көмекті 2 медициналық мекеме, Имантау дәрігерлік амбулаториясы және Верхний-Бұрлық фельдшерлік-акушерлік пункті қызмет көрсетеді. Екі мекемеде кадрлармен толық қамтамасыз етілген.

Имантау ауылында Казпошта байланыс бөлімшесі тұрғындарға қызмет атқарады. Округте «Kcell», «Beeline» 2 ұялы телефондық байланыс бар.

«Жол картасы » бағдарламасы аясында селолық округте 20 адам әр-түрлі кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылды, олардың еңбек ақысын жеке кәсіпорындардың басшылары мен мемлекеттік жұмыспен қамту орталығы арқылы төленді. Орташа еңбекақы көлемі 30 мың теңгені құрады. Осы бағдарлама бойынша жұмысшыларды: «Восход - Имантау» ЖШС, «Жаңа Шаруа» шаруа қожалығы, ЖК«Замочников» қабылдады.

Жастар практикасы бойынша селолық округте – 4 жас маман жұмыс істеді.

2009 жылы өз білімін арттыру және қайта даярлау курсын 9 адам өтті. Олар: шаштараз, аспазшы, газэлектродәнекерлеуші мамандықтарын алып шықты.

«Жол картасы » бағдарламасы бойынша 2010 жылы да жұмыс жүргіземіз.

Президенттің Жолдауындағы аббаттандыру, көгалдандыру, елді-мекенді тазарту жұмыстары өзінің жалғасын тапты. Бұл бағытта Имантау ауылында көшелеріне қиыршық тас төсеу, жолдарды тегістеу жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша округ бойынша 1570 жас көшет әкімшілік алдына, мектепте, ескерткіште, мешіт алдына отырғызылып, ауыл тұрғындарына таратылды. Верхний-Бұрлық селосынан негізгі трассаға дейін 8 шақырымның 4 шақырымына ұсақ қиыршық тас төселіп, автогрейдермен тегістелді. Қалған 4 шақырым келесі жылы жөнделеді. Жөндеу жұмыстары «Арыкбалыкскае МТС» ЖШС, «Маканай» және «Генкель» шаруа қожалықтарының мұрындық болуымен іске асты.

Мал өлекселерін жою орнын ретке келтірдік.

Имантау ауылдында 11 жанұя жылыжайларында гүл шоқтарын өсірумен айналысады. Бідің ауданымызды, облысымызды, елордасы Астанамызды көркейтуге өз үлестерін қосты. Бұл істе ауыл тұрғыны Омаров Тауфик алғашқы қарлығаштарының бірі деп ерекше атап өтуге болады.Тек қана жылыжайлармен айналасып қоймай, кәсіби бал араларымен де шұғылданып, өз өнімдерін облыс орталықтарында тұтынушыларға ұсынады.

Аудан әкімінің нан және нан өнімдерінің 40 теңгеден аспауы туралы ұсынысын іске асырып, нан өнімдерінің бағасын тұрақтандырдық.

Имантау селолық округінде 17 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Этносаралық жарастық пен саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында жаз айында татар ұлттық салт-дәстүрін жұртшылыққа паш етіп, «Сабантой» мейрамын атап өттік. Қонақтар Петропавл, Көкшетау, қалаларынан көптеп келді. Бұл той да ауыл тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлады.



Президентіміз өз Жолдауында «қиындықты жеңетін бір-ақ күш бар,ол-бірлік»,-деп атап өткеніндей , қазіргі дүние жүзілік дағдарыс кезінде ауызбірлігімізді сақтай отырып,еліміздің көркейуіне еңбек етейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет