- Жүйелі қызыл жегінің висцералдық көрінісінің ең жиісі – кардит. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – перикардит(ауырсынумен, үйкеліс шуымен білінетін). Айқын коронарит. ЭКГ-да реполяризация өзгерісі анықталады.Люпус-миокардит көбіне жалпы миопатиялық синдроммен бірге жүреді.Миокардиттің болуын жүректің ұлғаюынан, тондардың әлсіреуінен, ырғақ бұзылысынан, жүрек шамасыздығының белгілерінен және систолалық шудың болуынан анықтайды. Панкардит болғанда эндокард зақымданады.
- Жүйелі қызыл жегіде орта және ұсақ калибрлі артериялар басым зақымданады. Науқастардың 20-30%-да Рейно синдромы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |