КеАҚ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» Кафедра: патологиялық физиология Мамандығы: жалпы медицина Тақырыбы: Тыныс жетіспеушілігінің этиологиясы және патогенезі. Жасына байланысты ерекшеліктері. Дәріскер: м.ғ.к. Жексенова А.Н. Ақтөбе-2020 Дәріс мақсаты: Сыртқы тыныс жетіспеушілігінің даму механизмін, себептерін және өкпе ұяшықтардағы желдетілу, өкпе қылтамырларындағы газдардың диффузиясы мен өкпе перфузиясының бұзылыстарының маңызын түсіну Дәріс жоспары: 1. Тыныс жетіспеушілігі анықтамасы, этиологиясы. 2. Тыныс жетіспеушілінің механизмі, салдары. 3. Жедел жіне созылмалы тыныс жетіспеушілігі. 4. Тыныс жетіспеушілігінің клиникалық түрлері, патогенетикалық емдеу принциптері. 5. Патологиялық тыныс түрлері. 6. Балалардағы патологиялыө тыныс ерекшеліктері. 7. Сыртқы тыныс бұзылысы кезіндегі компенсаторлы-бейімделу механизмдері - Тыныс жүйесі аурулары балаларда алдыңғы орында (реанимация, интенсивті терапия)
- АҚШ-та пневмониямен жылына 4 млн адам ауырады, (әр үшіншісі госпитализацияға мұқтаж),- яғни дәрігер барып қарауының 1 %-ын құрайды, науқастардың жалпы емделу құны бір жылда 1 млрд доллардай, соның ішінде, шамамен 10 %-ы антибиотикотерапияға жұмасалады (2019ж) https://mybook.ru/author/viktor-kazancev/pnevmoniya-rukovodstvo/citations/
- Ресейде тыныс мүшесі ауруларынан өлім көрсеткіші 54,5, соның ішінде пневмониядан – на 100 мың. тұрғынға 27,2.(2014-15жж) https://core.ac.uk/download/pdf/229199509.pdf
Анықтамасы- «Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі (ТЖ) – ~insufficientia respiratoria – латын)- деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмауы, организмнің тыныш күйінде тыныс бұлшық еттерінің күштелуімен орындалатын сыртқы тыныс жүйесінің жағдайын айтады».
Достарыңызбен бөлісу: |