Иммунопрофилактика принциптері. Ұлттық егу күнтізбесі


Вакцинация жүргізу ережелері



бет5/5
Дата19.10.2023
өлшемі3.84 Mb.
#481150
1   2   3   4   5
Иммунопрофилактика принциптері

Вакцинация жүргізу ережелері

Жүргізілген егу туралы мәліметтер (вакцинаны дайындаған мекеменің аты, егу жасалған күн, ай, жыл, вакцинаның жарамдылық мерзімі, сериясы, номері, енгізілген мөлшері, егуге болған реакция сипаты) келесі медициналық есепке алу формаларына тіркеледі:

  • Профилактикалық егу картасына (форма 063/у),
  • Баланың даму тарихына (форму 112/у),
  • Балаланың медициналық картасына (форму 026/у),
  • Егу паспортына
  • Вакцина қозғалыс журналына (форма 064-2/у)

Вакциналардың барлық түрлеріне уақытша және жалпы қарсы көрсеткіштер:

  • температурасына байланыссыз орташа және ауыр дәрежелі жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, сауыққаннан 2-4 апта өткеннен кейін иммунизация жүргізіледі;
  • әртүрлі патологияларда стероидтарды және басқа иммуносупрессивті қасиетке ие препараттарды қолдану (преднизолон бойынша тәулігіне салмағына есептегенде >1 миллиграмм, 14 күнненнен артық жүйелі қолдану);
  • орталық жүйке жүйесінің жедел аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – сауыққан күннен бастап 1 жылға дейін вакцинация шегеріледі;
  • жедел гломерулонефрит – сауыққаннан бастап 6 айға дейін; нефротикалық синдром – кортикостероидтармен емдеу аяқталғанға дейін иммунизация шегеріледі;
  • созылмалы үдемелі аурулары бар адамдарға вакцинация жүргізілмейді; созылмалы аурулары бар адамдарға толық ремиссия кезеңінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет