Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
Мамандығы: Құқықтану
Шифр: 6В04205
Пән: Азаматтық құқық
4. Дәріс кешені
1 модуль. Азаматтық құқықтық міндеттемелер
1
Тақырып: Сатып алу-сату шартын құқықтық қамтамасыз ету.
Түйінді сөздер: шарт
, міндеттеме,
борышқор, несие беруші, үшінші жақтар,
тұтынушы, кепілдік мерзімі,кәсіпкер т.б.
Дәрістің мақсаты: Азаматтық құқықтағы сату сатып алу шартының түрлері мен
ерекшеліктерін анықтау, азаматтық құқықтығы сату сатып алу шартының негізгі
ережелерін саралау, сатып алу сату шартындағы жалпы
тәртібі мен ерекшеліктерін
түсіндіру.
Негізгі сұрақтар:
Сатып алу-сату шартының түрлік сипаттамасы. Сатып алу-сату шартының түсінігі
және маңызы, сипаттамасы. Сатып алу-сату шартындағы тараптардың құқықтары мен
міндеттері. Мүлікті беру мерзімі, саны, сапасы бойынша шарттың талаптарын бұзған кездегі
тараптардың жауапкершілігі. Кепілді мерзім және кепілді мерзімді есептеу тәртібі.
Тауардың жарамдылық мерзімі. Сатушының шартты орындау сәті. Сатып алынған мүлікке
сатып алушының меншік құқығының пайда болуы. Тауардың кездейсоқ бүліну немесе
кездейсоқ жойылу қаупінің сатып алушыға ауысуы.
Бөлшек сатып алу-сату шартын құықтық реттеудің ерекшеліктері.
Тауар жеткізілімі шартының жалпы сипаттамасы.
Тауар жеткізілімі шарты
талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік.Тауар жеткізілімі шартын орындаудан бір жақты
бас тарту негіздері. Энергиямен және басқа қор мен жабдықтау шарттары. Үй,
ғимараттарды сату. Кәсіпорындарды сатып алу, сату.
Тезис:
Сатып алу-сату шарты сияқты мүлікті жалдау шартының да өзінің бірнеше түрлері бар.
Бұл түрлердің айрықша болуы олардың пәнінің,
мақсатының, сонымен қатар басқа да
факторлардың ықпал ету ерекшеліктерінің нәтижесі. Қолданыстағы азаматтық кодекспен,
лизинг, кәсіпорынды жалдау, үйлер мен ғимараттарды жалдау, көлiк құралдарын жалдау
шарттары реттелген. Мүлікті жалдау қатынастарының түрлері бұл тізіммен шектелмейді.
Көлiктi жалдау шартының реттеуші ролі оны заң және нормативтік актілермен
жақындастыра түседі. Шарттың құқықтық нормадан
алдымен екі ұстанымдық
ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Біріншісі мінез-құлық ережесін сақтауға байланысты: шарт – тараптардың ерігін, ал
құқықтық акті оны шығарған органның еркін білдіреді. Екіншісі кез-келген мінез-құлық
ережесінің іс-әрекет шегін айырып отырады: шарт тарап болып саналмайтын оның
тараптарының мінез-құлықтарын реттеуге есептелген және ол міндеттерді құра алмайды,
тек
құқықтарды құрайды, сонымен қатар, құқықтық және басқа нормативтік актінің
негізінде баршаға және әрқайсысына жалпы бірдей ережелер туындайды (құқықтық актінің
қолданысы жүретін кез-келген тұлғалар ортасы онымен белгіленбейді).
Аталған екі
ерекшелік те тек азаматтық-құқықтық шартты айрықшаландырады және көлiк құралдарын
жалдау шартында негiзгi қағида. Көрсетілген ерекшеліктері жоқ шартта (бұл жерде –
бұқаралық-құқықтық шарттардың сан қилы түрлері) оны нормативтік актіден
ерекшелендіріп тұратын шекара жоқ болып кетеді. Алайда нәтижесінде барлық жағдайда
тараптардың ерігі бұқаралық шарттардың басты маңызы болып саналады.
Азаматтық құқықтағы көлiк құралдарын жалодау шарт ұғымы бір-бірінен үзілмес
өзара байланысқан екі элементтер тобынан тұрады. Оның біреуі шарттың заңдық
құрылғысын, екіншісі – оның мәндік сапасын сипаттайды. Бұл элементтер тек қосылған
жағдайда ғана көлiк құралдарын жалдау шарты белгілі бір
әлеуметтік құбылыс ретінде
қоғамдығы өзінің мәртебесіне ие болады. Мұндай ұғымның ғылымдық маңызы өте зор.
Сонымен қатар, ол нарықтық экономика жағдайында шарттың қолдану аясы мен басты
қызметтерін белгілей келе, тәжірибелік міндеттерді де шешіп отыр.