Индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға гранттық қаржыландыру бойынша ақпарат.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (бұдан әрі - Агенттік) жобаларды жүзеге асыру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау үшін инновациялық гранттар алуға келесі 8 бағыт бойынша тұрақты негізде өтінім қабылдап жатыр:
1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.
2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
4. Биотехнологиялар.
5. Химия және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.
6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.
7. Баламалы энергетика және энергия тиімділігі технологиялары.
8. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Инновациялық гранттар 9 түр бойынша беріледі:
1) шетелде инженерлік-техникалық персоналға тағылымдамадан өтуге;
2) Жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға;
3) Консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға;
4) Басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге;
5) Технологияларды сатып алуға;
6) Өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге;
7) Бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға;
8) Шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге;
9) Технологияларды коммерциялау.
Инновациялық гранттың сомасы оның түріне байланысты 2 млн. теңгеден 150 млн. теңгеге дейін түрленеді.
Қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда, 8 72351 2 22 91, 8 72351 6 90 73 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |