СПИД/ВИЧ-пен ауырған науқастың терминалды кезіндегі паллиативті ем. Орындаған:Сарбаева А.С Тобы: ЖТД-710
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті
Шымкент кампусы
«Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру» факультеті
«Жалпы дәрігерлік практика 1» кафедрасы
Анықтама Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса қатерлі вирустық дерт[1]. Қоздырушы - адамның иммундық дефицит вирусы HIV (ИДВ)[2][3]. Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады Тарихы Қауіпті ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ Ал 1984 жылы американдық ғалым Р. Галло вирустың барлық өсиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. Адам ағзасына енген ол қанның лимфооцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Осының әсерінен жасуша жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа жасушыларға жабысып, өткен процесті қайталайды. Лимфоцит жасушаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзада иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша есте ұстайтын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ ол өзімен қатынасындағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді. СПИД вирусы химиялық немесе физикалақ әсерлерге өте төзімсіз. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса өледі. Сондықтан вирус бар зат қайнатылса, оның шыдамайтыны анық. Әдеттегі медициналақ тәжірбиеде қолданылатын спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, натрий және т.б. дезинфекциялық заттар СПИД вирусын оп-оңай жоқ қылдырады.
Патогенез
Жұғу жолдары
Достарыңызбен бөлісу: |