Информационно-справочный материал



Дата27.06.2016
өлшемі41.66 Kb.



Информационно-справочный материал




«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!»
















АСТАНА, 2013 жылдың 13 наурызында Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» аймақтық форумы өтті.

***


Форумның Алматы облысындағы эстафетасын Кербұлақ және Ұйғыр аудандары қабылдады. Мұндағы бүгінгі күннің ерлері қатарында Алматы облысының Құрметті азаматы Төленді Сарыбаев; аудандық «Ардагерлер» ұйымы жанында әжелер алқасының төрайымы Рая Сартолова; аудандық «Ардагерлер» ұйымының төрағасы Нурвяг Сейітов; Қонаев атындағы орта мектебінің директоры, Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы Күләш Меренбаева; Кербұлақ ауданы жұмыспен қамту орталығының бас маманы, II республикалық «Жас Отан» ЖҚ съезінің делегаты Жанарым Хамидуллаева; Сарыөзек орта мектебінің «Алтын белгіден» үміткер 11 сынып оқушысы Зере Маратқызы көрінді.

«Мен Қазақстанда дүниеге келіп, осында өстім, – деп бастады өз өмірі жайлы сөз алған Шонжы ауылы №1 орта мектебі директорының орынбасары, ҚР Білім беру ісінің үздігі Екатерина КОЖЕВНИКОВА. – Еңбек жолымды Шонжыда бастадым. Мектепте жұмыс істедім. Қазіргі кезде өткен күн мен бүгінгі күннің өзгерісін салыстырып қараймын. Білім беру жүйесінің қалай өзгеріске түсіп жатқанын, өмірімізге қандай жобалар енгенін, балалардың қалай өсіп келе жатқанын зор қанағатпен қабылдаймын! Шын мәнінде, толыққанды білімге қол жеткізбеген кез келген ұлт әлемдік процестің интеллектуалды шекарасында қалып қояды да, ал мемлекет ешқашан олжалы бола алмайды. Сонымен бірге, жаһанданудың бүгінгі талабында білім ұлттың күш-қуаты мен дәулетін анықтайтын факторға айналуда. Бұл басымдықты еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та әрдайым айтып келеді...».

«Бүгінгі форум аудан жастарының ғана емес, Қазақстанның барлық азаматтарының кеудесіндегі патриоттық сезімдерін арттыратынына сенімдімін. Сондықтан өз атымнан еліміздің болашағы – жас жеткіншектерге айтарым, қандай жағдай болса да, еліміздің қауіпсіздігін, тыныштығын, болашағын сақтау мен Отанымызды қорғау жолында күш-жігерімізді аямайық!», – деді жиналғандарды отаншылдыққа шақырған №2534 әскери бөлімнің қызметкері Мехришат АШИМАХУНОВ. Бұл жай айтыла салған сөз емес еді: Мехришат 2010 жылы шекара бұзушыларды қолға түсіру барысында жарақаттанады, кейін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.
***

«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» аймақтық форумы Батыс Қазақстанда бірінші болып Жәнібек ауданында өтті. Осынау салтанатты шараға ауданның танымал тұлғалары, меморган өкілдері, ҮЕҰ, интеллигенция мен жастар шақырылды. Елінің тағдырымен сабақтасқан ғұмыры туралы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекет Әліпқалиев, аудандық мәслихат депутаты, Е.Ниетқалиев атындағы орта мектебінің директоры Тоқтаған Үмітаева, «Здоровье» ЖШС директоры Нина Дуюнова, Т.Жароков атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мирасбек Төрешов пен аудандық жасөспірімдер мен балалардың спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Сырым Байысов қатысты.

«...дәріханалық ісімен айналыса бастаған кезде, қиындықтар аз болған жоқ, – деп еске алады кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қадамдарын еске түсірген Н. ДУЮНОВА. – Бизнесті дамыту түрлі меморгандарының басшылары мен қарапайым тұрғындардың өзара түсіністігі мен көмек көрсетуіне жол ашты. Бұған, әсіресе, дәріханам жанып кеткенде анық көзім жетті. Сол кезде маған түрлі ұлт өкілдері мен кәсіп иелері қолдау көрсетті. Сонда мен біздің халқымыздың достығы пен бірлігінің берік екеніне көзім жетті. Мұндай халықпен бірге кез келген асуды тайсалмай бағындыруға болады!»
***
Бұл күні Отанға деген ең басты махаббаты туралы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында аудан әкімі, ауған соғысының ардагері Қайрат Нөкеш, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдениет Сәтеков пен еңбек ардагері Торғай Ақпанбаева, Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайының директоры Тұңғышбай Мұқан, аудандық жастармен жұмыс жасау орталығының бас маманы, аудандық маслихаттың депутаты, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Мирас Қасымхан сөз сөйледі.

«Бар деген оңалады, жоқ деген жоғалады» деген бабалар сөзін де естен шығармаған жөн, – деді сөз алған М. ҚАСЫМХАН. – Бір күн аш, бір күн тоқ болсаң да туған жеріңде кеудеңді кере демалып жүргенге ештеңе жетпейді. Қазақстанның алдағы асулардан сүрінбей өтуі үшін, жастардан қашанда белсенділікті күтеді. Жұмылсақ жұдырық, ашылсақ алақан болсақ – бізді ешқандай дау да, ешқандай жау да ала алмасы анық. Біз – жастар, еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласып, оның гүлденуіне үлесімізді қосуға тиістіміз!»



Еске сала кетсек, бірінші республикалық «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» форумы 2012 жылдың шілдесінде, Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілген болатын. Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі болды. Форум қоғамда кеңінен резонанс туғызып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданды. 

Аймақтық форум екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – аудандық деңгейде; екіншісі – облыстық, Астана және Алматы қалалары деңгейінде. Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» екінші республикалық форумына қатысуға лайықты дегендері жолдама алады.    
Көп функциялы ғылыми-талдамалық және

гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі

«Назарбаев Центр»

Астана қ., Республика даңғылы, 2

Қоғаммен байланыс жасау бөлімі

тел./факс: +7  (7172)57 23 37
е-mail: nazarbayevcenter@gmail.com ц


frame2


Каталог: media -> upload
upload -> С. Шапағатов селолық оругінің әкімі 2014 жылда жасалған жұмыстары туралы есебі Аппарат құрамы
upload -> 5. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің 2014-2018 жылдарға арналған болжамы
upload -> Форт-шевченко қаласы әкімінің 2014 жылға жасаған жұмыстары бойынша есебі қала әкімі аппараты 2014 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан-2050»
upload -> Баутин ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қортындылары және іс- қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі Ауыл әкімінің аппараты 2014 жылғы жұмысын Елбасының «Қазақстан – 2050»
upload -> Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қорытындылары туралы
upload -> Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2013 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдындағы жылдық есебі
upload -> Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде
upload -> Қазақстан археологиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет