Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Информатика
Дәрістердің тірек конспектісі
Павлодар
БЕКІТЕМІН
ИФМ және АТ директоры
____________С.К.Тлеукенов
“____” ___________200__ж.
Құрастырған: оқытушы А.Е. Жаќсылыќов.
Информатика кафедрасы
Кафедра отырысында құпталды “______” _____________200__ж. Хаттама №_________
Кафедра меңгерушісі________________________ Ж.К.Нұрбекова
«ФМжәнеИТ» институтының оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“______” _____________200__ж. Хаттама №_________
ОӘК төрағасы _____________________________Ин.И.Павлюк
Кафедраның нормаконтролері___________________Т.В.Вихлянова «_____»_________200__г.
-
Информатика тарихы. Ақпарат. Санау жүйелері.
Информатика-ЭЕМ арқылы мәліметтерді жинау, сақтау, түрлендiру, тасымалдау, пайдалану заңдылықтары мен тәсiлдерiн зертейтiн ғылым.
Мәліметтер дегеніміз регистрленген сигналдар.
Физика курсынан белгілі, барлық физ. зат үнемі қозғ/ып, энергиямен алмасып тұрады. Зат энергиямен алмасқан кезде, сигналдар пайда болады. Бұл сигналдар ф/қ денемен әрекеттескенде дененің белгілі бір қасиеттері өзгереді, яғни мәліметтер пайда болады – бұл құбылыс сигналдардың регистрленуі деп аталады.
Ақпарат (информация) –латын сөзi, “informatio”- баяндау, түсiндiру,бiлу. Ақпараттың анықтамасы жоқ, ондықтан оның орнына ұғымды қолданады. Бірақ бір ғылымда енгізілген ақпарат ұғымы екінші бір ғылымда мүлдем басқа ұғым береді.
Ақпарат-белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы берiлетiн мәлiметтер тобы.
Ақпараттың қасиеттері:
-
Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.
-
Толықтығы -информацияны түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.
-
Бағалылығы –информацияны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.
-
Түсiнiктiлiгi -информацияның пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.
-
Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны көрген адамдар әр кім өз түсінігі бойынша әр – түрлі ақпарат береді.
Түрлерi: текстiк, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттiк жазба.
Берiлу жолдары: қимылдар, мимика, сызу-сурет, музыка, сөйлесу тiлдерi, байланыс құралдары, электрондық желiлер арқылы.
Мәліметтермен жүргізілетін негізгі операциялар: сақтау, жинақтау, беру (шығару), өңдеу
Мәліметтердің құрылым типтері:
1. Сызықтық құрылымы (тізімдер) – элемент адресі өз номерімен анықталатын реттелген құрылым.
2. Кестелік құрылым (матрица) - элемент адресі жол мен баған номерімен анықталатын реттелген құрылым.
3. Иерархиялық құрылымда әр элементтің адресі маршрутпен анықталады. Мысалы, калькулятор программасын іске қосу жолы: Пуск – программы – стандартные – калькулятор.
Санау жүйелері
ЭЕМ енгiзiлген информацияны нөлдер мен бiрлер арқылы өрнектейдi. Себебi, 1-проводта сигнал (электр тогы) бар, 0-проводта сигнал (электр тогы) жоқ қалыптарына сәйкес келедi.
Информацияны осылайша 0-дер мен 1-лер арқылы өрнектеу екiлiк кодтау деп аталады. 0 немесе 1 қалыптары бит деп аталады. Бит- информацияның ең кiшi өлшем бiрлiгi.
Хабарламаны жiберуге арналған ең бiрiншi кодты телеграф аппараты үшiн Сэмюэль Морзе жасады.
Қазiргi дербес компьютерлерде (ДК) информация ASCII кодымен ( American Standart Code for Information Interchange ) – американдық стандарттық кодта өрнектеледi. Россияда орыс алфавитiнiң символдары бар альтернативтi ASCII коды пайдалынады.
Санау жүйелерi позициялық және позициялық емес болып екiге бөлiнедi.
Позициялық санау жүйесiнде цифрдың мәнi оның сандағы позициясына (разрядына) байланысты.
Мысалы: 455 санында 4 цифрасы жүздiктi, 245 санында 4 цифрасы ондықты, 184 санында 4 цифрасы бiрлiктi бiлдiредi.
Позициялық емес санау жүйесiнде цифрдың мәнi оның сандағы позициясына (разрядына) байланысты емес.
Мысалы, римдiк санау жүйесiнде ХI санында Х-ондықты, I-бiрлiктi бiлдiрдi; IХ санында да I-бiрлiктi, Х- ондықты бiлдiрдi.
Санау жүйелерiнiң айырмашылықтары оның базалық цифрларына байланысты.
Санау жүйелерi
|
Базалық цифрлары
|
Екiлiк
Сегiздiк
Ондық
Он алтылық
|
0,1
0,1,2,3,4,5,6,7
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F
|
Есептеуіш техника. Ақпараттық технологиялар
Есептеу техникасы – мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылар жиыны.
Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өндеу және тасымадау процестерін айтады. Жаңа информацилық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы-әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы-информацияны дайындау, жинау тасымалдау және өңдеу технологияларын айтады.
Информациялық процестер-адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны тасымалдау, жинақтау және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер-жұмыста, үйде бір адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер.
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда текст теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады.
Оның үстіне осындай шағын не үлкен ЭЕМ-дерге негізделген жаңа информациялық технологиялар-картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтердегі және кітапханалардағы информацияларды жинақтап, біріктіріп сақтай алатын, керектілерін жылдам іздеп таба алатын түрлі-түрлі мәліметтер базасы, әрі информацилық жүйелер болып табылады.
Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін «технология» ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде «технологи» деп белгілі бір заттарды жасау кезіндегі жұмыстар жиынын айтатын еді.
Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру технология ұғымын машиналар, механизмдер, құрал-саймандар және т.б. өндіруді ұйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдады.
Есептеу машиналарын басқару органдары ретінде пайдалана отырып, автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа технологиялар өндіріске кететін жұмыс көлемі мен оны қайта құру істерін әлдеқайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі «технология» ұғымына аз дегеннің өзінде үш компонент -өндіріске керекті жабдықтар, оны құру тәсілдері және оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер қоймасы мен мәліметтер қорлары бар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т.б. мүмкіндіктері ар компьютерлік техникаға негізделген болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын қалай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек.
Қолданылған әдебиеттер [13-16], [18], [28],
Тақырып 2 Аппараттық және программалық қамсыздандырылу.
Есептеу жүйесі – бір жұмыс аймағын қызмет етуге арналған құрылғылар мен программлар жиыны.
Конфигурация- есептеу жүйесінің құрамы. Конфигурация аппараттық және программалық болып бөлінеді.
Аппараттық қамсыздандыру - есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылар жатады.
Аппараттық интерфейс – Лог/қ құрылғылардың көмегімен ЕЖ-нің блоктарын қосады.Аппараттық интерфейс 2 түрлі: тізбекті, параллелді. Тізбекті интерфейс арқылы байттар бірінен соң бірі өтеді, ал параллелді интерфейс арқылы байттар блоктармен өтеді.
ЕЖ-де аппараттық интерфейстің стандартын – протокол деп атайды. Протокол – техникалық шарттардың жиыны. Бұл шарттардың орындалуын құрылғыны жасаушылар қамтамасыз етеді.
Программа – магниттік сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.
Интерфес- программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу щарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақтар – информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді:
-
жүйелік программалық жасақтар
-
қолданбалы программалық жасақтар
Жүйелік программаларды да мынадай етіп жіктеуге болады:
-
операциялық жүйелер
-
утилиттер
Достарыңызбен бөлісу: |