«информатика»


Тапсырма: СТУДЕНТ кестесін шебер көмегімен құру, кестенің бес жолын мәліметтермен толтыру Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар



бет26/32
Дата15.06.2016
өлшемі10.94 Mb.
#138114
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

Тапсырма: СТУДЕНТ кестесін шебер көмегімен құру, кестенің бес жолын мәліметтермен толтыру

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  • Microsoft Access-ті жүктеңіз. Жаңа МҚ құрыңыз. Оны ДАННЫЕ атымен сақтаңыз.

  • Экранның жоғары бөлігінде орналасқан меню қатарынан Кірістіру (Вставка) – Кесте (таблицы) командасын орындаңыз. Немесе, мәліметтер қоры терезесінде Кестелер қабаттамасы - Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа кесте сұхбат терезесі шығады (Сурет 16)



Сурет 16. Жаңа кесте сұхбат терезесі

  • Тышқанмен Кесте шебері (Мастер таблиц) таңдап, сонымен ОК батырмасына басыңыз. Кесте құру сұхбат терезесі шығады.

  • Қызмет (Деловые) өрісіне белгі қойыңыз. Сонда осыған кестелер тізімі шығады. Кестелар үлгісі тізімінен Студенттер кестесін таңдаңыз. Жаңа кесте өрісіне қажетті өрістерді суреттегідей таңдаңыз (Сурет 17)



Сурет 17. Кесте құру терезесі

  • Өрістер үлгісі тізіміндегі >-бір өріс жылжыту, >>-барлық өрістерді жылжыту дегенді білдіреді.

  • Қандайда бір өрістің атын өзгерту қажет болса, оны белгілеп көрсетіп, өрістің атын өзгерту батырмасын шертеміз. Сотовый телефон жолының жаңа атын Телефон деп енгізіп, ОК батырмасын басыңыз. Одан кейін Ары қарай батырмасына басыңыз (Сурет 18).



Сурет 18. өріс атын өзгерту терезесі.

  • Келесі сұхбат терезедегі Жаңа кесте үшін ат (тСутендты) беріңіз (Сурет 19).



Сурет 19. Кесте құрудың екінші қадамы.

  • Келесі қадамда кілттік өріс құруды сұрайды. Оны жүйенің өзі құруын таңдайық (Сурет 20).



Сурет 20. Кесте құрудың үшінші қадамы.


  • Ары қарай батырмасын басқаннан кейін соңғы қадам терезесі ашылады (Сурет 21). Соңғы сұхбат терезеде,ары қарай кестемен не істейтініңізді таңдауға болады. Кестелер конструкторы режиміне бару үшін Кестеның құрылымын өзгертуді таңдаймыз. Дайын (Готово) батырмасын шертеміз.

  • Осы кезде кестені конструктор режимінде ашады. Ал осы сұхбат терезеде екінші ауыстырып қосқышты таңдасақ, бірден кестеге мәліметтер енгізуге болады. Содай-ақ форма көмегімен де мәлімет енгізуге болады. Біз бірінші жағдайды таңдап, кестені конструктор режимінде құрып аяқтаймыз.




Сурет 21. Кесте құрудың соңғы қадамы.

  • Келесі Терезе ашылады (Сурет 22). Бұл терезеде жоғарыда таңдаған өрістеріміздің типтерін өзгертуге болады. Осы жерде мән беретін ерекшелік жүйе өзі кілттік өріс ретінде Есептеуіш (Счетчик) өрісін құрған.



Сурет 22. Кестенің конструктор режиміндегі түрі


  • Енді кестеге мәліметтерді енгізіп кестені сақтаңыз (Сурет 23).



Сурет 23. Толтырылған кесте

Тапсыру формасы: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1-9,12]/[1,2,3,4]


Бақылау сұрақтары:

  1. Кесте құрудың неше тәсілі бар?

  2. Кесте не үшін қажет?

  3. Кестені конструктор режимінде қарау дегенді қалай түсінесіз?

  4. Кесте режимінде (Режим таблицы) кесте құрғанда өріс аттарын қалай өзгертуге болады?

Зертханалық жұмыс №6 (7 сағ)



Тақырыбы: MS Access. Форманы қолдану. Шебер көмегімен форма жасау. Сұраныс құру және оларды қолдану.

Мақсаты:

  • MS ACCES МҚБЖ шебер көмегімен форма құрып үйрену. Басқару элементтерімен жұмыс жасау

  • MS ACCES МҚБЖ сұраныстар құрып үйрену. Сұраныс құрудың шарттарын жазу тәсілдерін меңгеру.

  • MS Access МҚБЖ-де есеп құру режимдерімен танысу

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS ACCES 2003 МҚБЖ



Теориялық түсініктеме:

Форма – көрнекі түрде берілген ақпараттар жиыны.

Форма құрудың төрт түрі бар:

  • Конструктор

  • Форма шебері (Мастер форм)

  • Автоформа (баған бойынша, ленталық, кестелік, қиылысқан (сводная) кесте, қиылысқан диаграмма)

  • Диаграмма

Келесі терезеде көрсетілген (Сурет 24).



Сурет 24. Жаңа форма құру терезесі

MS Access-тегі сұраныс дегеніміз алдын-ала дайындалған сұрақ. Керек мәліметтерді қандай да бір шартқа байланысты шығаруға, сұрыптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныс құрғанда кейбір есептеулерді де жүргізуге болады.


Сұраныс құрудың төрт түрі бар:

  • Конструктор

  • Қарапайм сұраныс (Простой запрос)

  • Қиылысқан сұраныс (Перекрестный запрос)

  • Қайталанатын жазулар (Повторяющиеся записи)

Есеп – мәліметтерді баспаға шығару үшін құрылатын объект. (Сурет 25)

Есеп құрудың түрлері:

  • Конструктор

  • Есеп шебері (Мастер отчетов)

  • Автоесеп (баған бойынша, ленталық)

  • Диаграмма шебері

  • Почталық наклейкалар



Сурет 25. Жаңа есеп терезесі

Тапсырма:

Тапсырма 1

Зертханалық сабақ №6 құрған тСтуденты кестесіне форма шебері арқылы форма құру.



Тапсырма 2

СОӨЖ №4 құрған «Абитуриент» МҚ кестелеріне шебер көмегімен көмегімен формалар құру.



Тапсырма 3

Зертханалық сабақ №6 құрған тСтуденты кестесіне сұраныстар құру. Конструктор көмегімен аты «А» әрпінен басталатын студенттер тізімін шығару, Фамилия өрісін кему реті бойынша, Дата рождения өрісін өсу реті бойынша, Телефон өрісін өзгеріссіз шығару.



Тапсырма 4

Осы кестеге қарапайым сұраныс көмегімен Аты, Фамилия, Дата рождения өрістерін өзгеріссіз шығару.



Тапсырма 5

Қосымша №1, 2, 3 берілген МҚ сұраныстар құрыңыз.



Тапсырма 6

СОӨЖ №5 құрған ДАННЫЕ МҚ тПРЕДМЕТ кестесіне шебер көмегімен есеп құру.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1

  1. Форма шебері арқылы тСТУДЕНТЫ кестесіне форма құрайық. Ол үшін ашылған терезеден форма шеберін және кесте атын таңдаймыз. ОК батырмасын басамыз.

  2. Келесі ашылған терезеде форма құруда керек өрістерді таңдаймыз (Сурет 26).




Сурет 26. Форма құрудың екінші қадам терезесі

  1. Суретте көрсетілген 3 өрісте таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 27).




Сурет 27. Үшінші қадам терезесі.

  1. Ленталық түрін таңдап ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 28)




Сурет 28. Төртінші қадам терезесі.

  1. Стиль түрі «Международный». Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 29).




Сурет 29. Соңғы қадам терезесі.

  1. Бұл терезеде форманы ашуға болады немесе оны конструктор режимінде өзгерту үшін ашуға және формаға ат беруге болады. Біз Форма макетін өзгерту деген жерге белгі қойып (Изменить макет формы) форма атын фСТУДЕНТЫ деп өзгертейік те, дайын батырмасын басайық. Сонда форма конструктор режимінде ашылады (Сурет 30).



Сурет 30. Конструктор режимінде ашылған форма


  1. Бұл терезеде тСТУДЕНТЫ кестесінің өрістер тізімі, форма шебері арқылы құрған формамыз және Элементтер тақтасы (Панель элементов) көріп тұрмыз. Элементтер тақтасында басқару элементтері орналасқан.

  2. Аталған тақтадан Батырма (Кнопка) элементін таңдап алып, форма Форма ескертулерінен (Примечание формы) төмен орналастырыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 31).




Сурет 31. Батырма құру терезесі

  1. Батырманың қызметін анықтау үшін, біз Категориялар өрісінен қажет категорияны таңдаймыз. Ол - формалармен жұмыс (работа с формой). Категорияны таңдағанда сәйкес әрекеттері ашылады.

  2. Ол жерден Форманы жабу (Закрыть форму) әрекетін таңдаймыз. Ары қарай батырмасын басыңыз (Сурет 32)



Сурет 32. Келесі қадам терезесі

  1. Ашылған терезеден сурет түрін таңдаңыз. Сурет орнына Леп белгісін (!) таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басамыз (Сурет 33).



Сурет 33. Соңғы қадам терезесі


  1. Батырмаға ат береміз. Дайын батырмасын басамыз.

  2. Формадағы өзгерістерді сақтап, форманы ашыңыз (Сурет 34).




Сурет 34. Дайын форма терезесі

  1. Батырманы басқанда форма жабылады.

Тапсырма 2

тАбитуриент, тАттестат, тОплатаОбучения, тСвязьАбВУЗ кестелеріне шебер көмегімен жоғарыдағы нұсқауларға сүйене отырып, әр түрлі формалар құрыңыз.



Тапсырма 3

  1. Конструктор көмегімен сұраныс құруды қарастырайық. Ол үшін ДАННЫЕ МҚ сұраныс қабаттамасына барып Құру (Создать) батырмасын шертеміз. Келесі терезе ашылады (Сурет 35). Конструктор режимін таңдап ОК батырмасын шертеміз.




Сурет 35. Жаңа сұраныс терезесі

  1. Келесі сұхбат терезе ашылады (Сурет 36):



Сурет 36. Кесте қосу терезесі


  1. Осы жерден тСтуденты кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіп, содан кейін терезені жабамыз.

  2. Кестені қосқаннан кейін керек өрістерді тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, сұраныс құру терезесіне әкелеміз. Осы мысалда Аты, фамилия, адрес, дата рождения ,телефон өрістерін алыңыздар.

  3. Осы терезеде: Өріс (Поле) - өріс аты, Кесте аты (Имя таблицы) – қай кестенің өрісі екені жазылып тұрады, Сұрыптау (Сортировка) - өрістерді өсу және кему реттері бойынша сұрыптауға болады, Экранға шығару (Вывод на экран) – таңдалған өрісте сұрыптау шартын жазуға болады, бірақ сұраныс нәтижесінде ол өрісті шығармауға да болады (жалауша белгісін алып тастаймыз), Сұрыптау шарты (Условие отбора) – сұраныс шарты жазылады.

  4. Келесі суреттегі (Сурет 37) түрге сұраныс терезесін әкеліңіз.

Сурет 37. Сұраныс шартын жазу

  1. Бұл жерде аты «А» әрпінен басталатын студенттер тізімін шығару керек. LIKE(*) операторы көмегімен қай әріптен басталатыны бойынша сұраныс жасауға болады. Басқа да сұраныс жазу шарттарының үлгілері келесі кестеде берілген (Кесте 11). Фамилия өрісін кему реті бойынша, Дата рождения өрісін өсу реті бойынша, Телефон өрісін өзгеріссіз шығару керек. Адрес өрісін экранға шығармау керек.

Кесте 11

Шартты өрнектер

Мәндері

Саратов

Саратов мәніне ие

Not Саратов

Саратов мәніне ие емес

In (Саратов, Томск, Уфа)

Саратов, Томск немесе Уфа мәніне ие



А-Л әріптерінен басталады

>=М

М-Я әріптерінен басталады

100

100 санына тең

<=20

20 кіші және тең мәнін қабылдайды

Date()

Ағымдағы датаны көрсетеді

>=01.01.94

01.01.94 датасынан кейінгі датаны береді

Beetween 01.01.93 AND 31.12.93

1993 жыл аралығындағы мәндерді береді

*.02.*

Ақпан айындағы мәндерді береді

Null

Өрісте бос мәнді береді

Is Not Null

Өрісте бос мән жоқ

Like "Р*"

Р әрпінен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет