«Информатиканы оқыту әдістемесі»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М012
|
Информатика педагогтарын даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
|
3. Тест мазмұны:
№
|
Тақырыптың мазмұны
|
Қиындық деңгейі
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі, оның объектісі, пәні және міндеттері.
|
1-А,
1-В
|
2
|
2
|
Информатика орта мектепте ғылым және оқу пәні ретінде.
|
1-А,
1-В
|
2
|
3
|
Орта мектепте информатиканы оқыту тарихы
|
1-А,
1-В,
|
2
|
4
|
Мектепте информатиканы оқытудың қазіргі кезеңдегі мақсаты мен міндеттері.
|
1-А,
1-В
|
2
|
5
|
Информатика негіздерін оқытудың нормативті құжаттары
|
1-А,
1-С,
|
2
|
6
|
Информатиканы оқытудың инновациялық әдістері
|
1-А,
1-С,
|
2
|
7
|
Информатиканы оқыту құралдары
|
1-В,
1-С,
|
2
|
8
|
Мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру. Информатикадан білімді бағалау
|
1-В,
1-С.
|
2
|
9
|
Информатиканы сыныптас тыс оқыту
|
1-В,
1-С.
|
2
|
10
|
Мектеп информатика курсының негізгі бөлімдерін оқыту әдістемесі
|
1-В,
1-С
|
2
|
Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
|
20
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмаларының мазмұнында мектепте информатиканы оқыту жүйесінің және олардың арасындағы байланыстың негізгі құрауыштары туралы түсініктерінің қалыптасу деңгейін айқындау қарастырылған.
Емтихан тапсыратын талапкерлер:
оқушылардың жан – жақты тұлғалық дамуын қалыптастырудың мектеп информатикасындағы мәні және рөлін;
мектеп информатикасын оқытудың мақсатының үш аспектісін: білім беру, дамыту, тәрбиелеу;
мектепте информатиканы оқытудың негізгі концепциясының мәнін;
оқытудың әртүрлі деңгейлерінде мектеп информатикасын оқытудың әдістемелік және мазмұндық аспектісін;
курстың бағдарламалық қолданбаларын қолдану біліктілігі және оның әдістемелік мақсатқа бағыттылығын;
информатика мұғалімінің сабақты ұйымдастыру мен жоспарлаудағы қызметтерінің мазмұнын;
оқушылардың оқу іс – әрекетін басқару және әртүрлі ұйымдастыру формаларымен информатика пәнін өткізу мен оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін білу біліктілігін;
топтағы әртүрлі жастағы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту үшін информатика сабағын ұйымдастыру біліктілігін көрсету тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |