182
Келтірілген жалпы үлгілердің көмегімен болған сабақтың
жалпы таладуын және
өздік талдауын жасауға болады. Әйтсе де,
тәжрибеде сабақтың талдауын
жасағанда жалпы үлгіден
басты
жағдайларды ерекшелеу қиынырақ болуы.
Сондықтан
жалпы үлгіден басты жағдайларды ерекшелеудің
бір нұсқасын келтірейік:
1.
Сабақта қандай білімділік, дамытушылық және тәрбиелік
мақсаттар орындалды? Олардың ішінен қайсысы басты болды және
неге? Олардың өзара байланысы қандай?
2. Сабақтың өзгешелігі қандай? Оның типі қандай?
Берілген
сабақтың тақырыптағы, бөлімдегі, курстағы алатын орны?
3. Сабақты жоспарлағанда оқушылардың мүмкіндіктері қалай
ескерілді?
4. Сабақтың құрылымы мен сабақтың жеке бөлімдеріне
уақыттың бөлінуі тиімді ме?
5. Қай материалға немесе
сабақ бөліміне басты акцент
қойылады?
6. Оқу әдістерін таңдау және олардың байланысы қалай
түсіндіріледі?
7. Сабаққа оқу формалары қалай таңдалды?
8. Сабақта сараланған әдіс-амалдың қолданылуы не себебті?
Қалай ол іске асырылды?
9. Сабақта қолданылған оқушылардың білімін тексеру мен
бақылау формаларының таңдалуы немен түсіндіріледі?
10. Бүкіл сабақ барысында оқушылардың
жұмыс қабілеттілігі
немен қамтамасыз етіліп отырды?
11. Оқушылардың қажуы алдын ала қалай ескеріліп отырды?
Достарыңызбен бөлісу: