ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Экология, өмір тіршілік қауіпсіздігі және ҚОҚ кафедрасы
ӨЗДІГІНЕН ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
Пәні: «Оқушылардың даму физиология және мектепке дейінгі гигиенасы»
Мамандық шифры: 5В010200
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Оқыту формасы: күндізгі
Көкшетау, 2017
Пәннін атауы: 1. Оқушылардың даму физиологиясы және мектепке дейінгі гигиенасы
Кредит саны _2_
Пәннің мақсаты:
Пәннің мақсаты:
“Даму физиологиясы және мектепке дейінгі гигиенасы” курсының мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу.
Міндеттері:
“Даму физиологиясы және мектепке дейінгі гигиенасы” курсының міндеттері:
физиологиялық функциялар туралы түсініктер беру;
жеке мүшелер мен жүйелердің қызметтерін, олардың бір-бірімен байланысын, қызметтерді реттеу механизмдері мен заңдылықтарын, сыртқы ортаға бейімделу ерекшеліктерін зерттеу;
болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;
студенттерді мектептің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;
оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;
өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;
халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру.
Пәннін мазмұны
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарының, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология мен адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдпайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы – жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән. Бұл пәндердің оқытатыны - балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жеке дамуының, қалыптасуының заңдылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бұл пәнде негізгі назар мұғалімдер мен тәрбиешілер еңбегіне іс жүзінде қажет болатын физиология мен гигиена ғылымдарының ілімдері мен қағидаларына аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |