Психология ғылымы. Даму тарихы. Басқа ғылымдармен байланысы



Дата05.09.2023
өлшемі0.51 Mb.
#476623
психология

Психология ғылымы. Даму тарихы. Басқа ғылымдармен байланысы


Психология- психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері.

Ойшыл-ғалымдар

Еңбектері

И.Ф.Гербарт

Немістің эмпирикалық психологиясының негізін қалаған.Ғылымға ассоциация және апперцепция енгізген ұғымдары психологияда сақталған және өз мәнін жойған жоқ.

В.Вундт

Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалаған, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды.

И.М.Сеченов

Оның “Бас ми рефлекстері” атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады.

В.М.Бехтерев

Ол Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.

Зигмунд Фрейд

Ол психоанализ бағытының негізін салушы.Оның негізгі еңбегі “Түс көруді талқылау” 1900 жылы жарық көрді.

Джон Уотсон

Америка психологі психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырады.”Психология, оны бихевиорист қалай көреді”,”Бихевиоризм”деген еңбектері бар.

Роберт Вудворте

Көрнекті америка психологі функционалдық психологияның негізін салушылардын бірі. Ол бихевиористердің ұсынған “стимул -реакция” үлгісін жоққа шығарып, оның құрамына аралық буын – ағза мен ұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді талдады.

Ойшыл-ғалымдар

Еңбектері

Аристотель

Жан туралы ғылыми-психологиялық еңбектің-трактаттың авторы. Ол адамда болатын негізгі 5сезім органдарын атап көрсетті: көру, есту, тері, дәм, иіс.

Р.Декарт

Ол сырттан әсер еткен ықпалға жауап берудің автоматтық, механикалық тәсілі ретінде рефлекс ұғымын енгізді. Рефлекстің көмегімен жануарлар мен адамдардың іс-әрекетін түсіндіре бастады.

Б.Спиноза

Спиноза дуализмнің орнына жан денемен тығыз байланысты, онсыз өмір сүре алмайды деген көзқарасты ұсынды.

Т.Гоббс

Ғылыми жаратылыстану жолымен адамдардың қабілеттерінің айырмашылығын түсіндіруге талпыныс жасады.

Джон Локк

Ағылшын ойшылы психологиялық құбылыстарды тәжірибелік түсіндіруді және сипаттауды бір жүйеге келтірді, сонымен қатар тәжірибелік психологияның негізін салушы болып есептеледі.

Д.Гартли

Ағылшын ғалымының еңбектерінде ассоциативтік психология аяқталған түрде берілді. Оның айтуынша, адамның бүкіл жан дүниесі үш элементтің: түйсіктердің, идеялардың, және сезімдердің бір-бірімен байланысы, біріктірілуі негізінде құрылған.

Ойшыл – ғалымдар:

Еңбектері:

Әбу –Насыр әл-Фараби

Ол психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне “Ақыл-ой туралы”, “Темперамент туралы”, “Түс көру туралы”, “Жанның мәні туралы”, “Ақыл-ой және ұғым”, “Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап”, “Ересектердің ақыл ойы туралы кітап” және т.б. еңбектерін арнады.

Жүсіп Баласағұни

“Тіл адамның даңқын асырады”, “ Адам ол арқылы бақыт табады”, “Тіл адамға жапа шектіреді”, “ Абайламаса, басынан да айырады”, “Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа” деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.

Төлеген Тәжібаев

Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында “К.Д.Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Мағжан Жұмабаев

Қазақ топырағында алғаш рет 1922жылы “Педагогика” атты оқулық жазған.

Жүсіпбек Аймауытов

Қазақ топырағында тұңғыш рет “Педагогика” оқулығын 1926 жылы жазды.

В.Я.Струминский

1923 жылы Орынбор қаласында “Педагогика” оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектиканың негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады.

Әбдірахман Асылбеков

Ол бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, әсіресе, оның “Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу”(1958), “Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларға коммунистік тәрбие беру”(1959), “Бала тәрбиесінде семьяның рөлі”(1969).

Психологияның салалары

Еңбек психологиясы

Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

Педа

гогикалық психология

Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет