Абуова Н.Ә.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Инженерлік білім берудегі информациялық
технологиялардың ролі
«Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ
ғасырда адамзат дамуының негізгі
қозғаушы күші» Н.Ә.Назарбаев
/Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
студенттеріне арналған лекциядан/
«Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсеткеніндей қазір еліміз жастарға техникалық білім беру желісі бойынша көптеген өзгерістерге қол жеткізді [1]. Сондай-ақ, қоғамдық даму, әлемдік жаһандану талаптарына сай қазір машина жасау мен ауыл шаруашылығы өндірісінің түрлі ұйымдық құрылымдарында техниканы әртүрлі жағдайда пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыздандыру үшін жоғары талаптар қойылуда.
Мұнымен қатар, XXI ғасырдың басты талабы - әлемдегі кез келген ұйымның (жоғарғы оқу орны, фирма, кәсіпорын және т.б.) өзінің жүргізіп отырған іс - әрекет нәтижесі мен негізгі бағыты бойынша бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету болып отыр. Ал әлемдегі барлық ұйымдар мен негізгі салалардың бәсекеге қабілеттілігі – ондағы маман-кадрлардың біліктілігімен, инновациялық-информациялық технологиямен қаруланған білімділігімен, компетенттілігімен, коммунокабельдігімен сипатталады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарында аталған талаптарға жауап беретін маман даярлау, әсіресе инженерлік маман даярлаудың қазіргі таңдағы маңыздылығы өте жоғары.
Соңғы 15 жылда маман даярлау структурасында біршама өзгерістер бол-ды. Атап айтсақ, 1985-1993 жылдар аралығында жаратылыстану ғылымдары бойынша маман даярлау үлесі 10 %-дан 12 %-ға, гуманитарлық профильдегі маман даярлау 9,4 – 16 %-ға, экономистер 7 – 15,5 % - ға өссе, ал инженерлік мамандарын даярлау 48 %-дан 35 %-ға төмендеп, керісінше дамыған елдер-дегі бұл көрсеткіш 14,5 – 21,5 %-ға жоғарылаған [2]. Бұдан шығатын қоры-тынды, инженерлік мамандықтар білім мен ғылымның терең интеграциясын игерген елдер үшін жоғарғы беделге ие. Дегенмен, білім беруде нарықтық экономиканың қиыншылығынан енді шыққан мемлекеттер инженерлік ма-мандықтардың беделін көтеруде әлі де болса дұрыс бағытта қалыптастыра алған жоқ. Ол үшін, білім берудегі интеграциялау, гуманизациялау, гумани-таризациялау, өндіріспен байланысу және компьютеризациялау бағыттарына аса мән беру қажет.
«Қандайлық жақсы және кәсіби болсадағы бір де бір оқытушы, егер сту-денттің өзі білімге ұмтылмаса, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды» деп көрсетілгендей [3] болашақ маман оқытушының талабын бірінші кезекте орындаумен қатар өздігінше үйрену, іздену, салыстыру, қалыптасқан білім алу үрдісінен жаңа информациялық – инновациялық білім алуға ұмтылу міндеттерін орындауды үнемі мақсат тұтуы қажет. Осыған байланысты біз ауыл шаруашылық тех-никаларын диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыс-тары бойынша қалыптасқан операцияларды жаңа инновациялық әдістермен байланыстырған кейбір реттеу, тексеру жұмыстарын ұсынбақшымыз. Мұн-дағы мақсат – бүкіл әлемдік жаһанданудағы техника мен технологияға сәйкес инженерлердің білуі тиіс барлық білімділіктің ірге тасын дұрыс қалып-тастыру және жоғары біліктіліктің алғашқы қадамын жасау.
Ресейдің отандық техникалық білім беретін оқу орындары жоғарыда аталған негізгі бағыттарды оқу процесіне қолдану нәтижесінде мынадай негізгі тұжырымдар жасайды: «оқу процесіндегі маңызды нәрсе инновация-лық-информациялық технологияны қолдану емес, оның сол пәнді игерудегі нәтижелілігімен сипатталады» [4].
Егер оқыту мен білім берудің қалыптасқан әдісінде оқытушы лекцияға көбірек уақыт бөлген болса, ал информациялық технологияларды қолдануда бұл әдістің мазмұны біршама өзгереді. Яғни инженерлік білім беру үшін ма-ңызды нәрсе оқулықтар, лекция мазмұны, орындалған тапсырманың көлемі емес, студенттің ойлау, әрекет жасау қабілеттілігі болуы тиіс. Түсінікті болу үшін инженерлік білім беруде қолданылатын информациялық-инновациялық технологиялардың теориямен және практикамен байланысын төмендегі схема бойынша түсіндірейік (1-сурет).
1 – сурет. Жаңа информациялық технологиялардың структуралық-мазмұндық моделі
Мысал үшін болашақ инженерлерге 1- суретте көрсетілген информация-лық технологияның «компьютерлік технология» деп оқыту әдісін пайдаланып, автотрактор двигательдеріндегі жанармайды бүрку бұрышының оның қуаты мен жанармай үнемділігіне әсерін тексерейік. Оқытудың компьютерлік техно-логиясының 1-этапы ақпарат алудан тұрады. Қажет ақпарат қалыптасқан (традиционный) оқыту әдісі бойынша СМД-17 двигателі мен КИ-5542 ГОСНИТИ – тежеуіш-қлыптастыру стендісінен алынады
а) Жанармайды ерте бүрку бұрышын номинал мәнінен (26...280) 60 ерте, 26...280 аралығында және 60 кеш бүрку бұрышына өзгертіп, көрсеткіштер жа-зып алынады (стенд бойынша).
б) 100 г жанармай жұмсалған уақытты өлшенеді (стенд бойынша).
Оқытудың компьютерлік технологиясының 2-этапы алынған ақпарат бойынша операцияны орындаудан тұрады алудан тұрады. Сондықтан тәжірибе бойынша алынған мәліметтер компьютер көмегімен есептелінеді.
- двигатель қуаты Nе = кВт
- сағаттық жанармай шығыны Q = кг/сағ
- меншікті жанармай шығыны g = г/кВт·сағ
Двигатель қуаты, сағаттық және меншікті жанармай шығындары стенді бойынша алынған бүрку бұрышының көрсеткіштерімен үш рет есептеледі.
-
Жанармайды бүрку бұрышының 210-тағы мәні:
Nе=
Q=
g=
-
Жанармайды бүрку бұрышының 270-тағы мәні:
Nе=
Q=
g=
-
Жанармайды бүрку бұрышының 330-тағы мәні:
Nе=
Q=
g=
Операцияны орындау нәтижесі кестеге түсіріледі (1-кесте).
Жанармайды бүрку бұрышын сынау көрсеткіштері
1-кесте
Сы-нақ
№
|
Жанар-майды бүрку бұ-рышы, α
|
Иінді біліктің айналы-мы, Пт мин-1
|
Таразы механи-змінің көрсет-кіші, Рт, кгс
|
Жанар-май шы-ғыны V, г
|
Уақыт С,
Топыт
|
Тиімді қуат Nе, квт
|
Сағат-тық жа-нармай шығы-ны, Q кг/сағ
|
Меншік-ті жа-нармай шығы-ны Gе г/квт/сағ
|
1
|
210
|
1750
|
62,4
|
75,7
|
15
|
81,9
|
18,16
|
221,8
|
2
|
270
|
1750
|
59,0
|
82,1
|
15
|
77,4
|
19,7
|
254,4
|
3
|
330
|
1750
|
61,3
|
75
|
15
|
80,45
|
18
|
223,7*
|
(*Асты сызылған шамалар компьютермен есептеу нәтижесінде анықталған).
Оқытудың компьютерлік технологиясының 3-этапында алынған ақпараттарды операциялық орындау нәтижесін шығару қажет. Қалыптасқан оқыту әдісінде студент бұл бөлімді жанармай бүрку бұрышының қуатқа, сағаттық және меншікті жанармай шығындарына тәуелділігі бойынша түсіріп анықтай-тын, сол арқылы қуаттың жоғары мәні мен жанармай шығынының төмен мәні-не сәйкес келетін бұрышты анықтап қорытынды жасайтын. Информациялық технологияның талабы бойынша болашақ маман Microsoft Excel програм-масын пайдаланып бұл тәуелділікті иілген (гибкий) диаграммамен төмендегі формада беруге болады (2-сурет).
2-сурет. Тиімді жанармай бүрку бұрышын анықтау диаграммалары
Достарыңызбен бөлісу: |