Инженерлік дайындық



бет1/3
Дата19.11.2022
өлшемі76.16 Kb.
#465232
түріҚұрамы
  1   2   3
#1
stud.kz-12987, Teaching CLIL, МЛжДМ РК1, Реф, Сводеш тізімі, Реферат Та ырып «Таным ж не шы армашылы .», Халы лирикасы ле ж не оны т рлері, №9 СРСП Райханова Ж. КФ- 41, Вопросы.ГП, Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Мазмұны:




1.Инженерлік дайындық 2
2.Әскери-инженерлік дайындықтың мәні және міндеттері 2
3.Фортификациялық құрылыстар және құрылымдар 3
ҚОРЫТЫНДЫ 4
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 5




  1. Инженерлік дайындық

Инженерлік дайындық (Инженерная подготовка) — әскер түрлері мен арнайы әскерлердің белімшелерінің, бөлімдер мен құрамаларының жеке құрамын соғыс қимылдарын қамтамасыз ететін инженерлік міндеттер мен шараларды орындауға үйрету.


Инженерлік дайындық — барлық әскер түрлері мен арнайы әскер дайындығының құрамды бөлігі. Бөлімшенің жеке құрамы өздігінен танкіге және жаяу әскерге қарсы бөгеттер жасап, олардан өтуге, лектік жолдар жасап, бөгеттерден өтуге, өткелден өтудің табельдік және жергілікті құралдарын пайдаланып, су тосқауылдарынан шабуылдап өтуге, басқару, атысты жүргізу және бақылау, жеке құрам мен әскери техниканы тасалау пунктері үшін құрылыстар салуға, табельдік және жергілікті құралдар көмегімен өзінің позициясы мен орналасқан ауданын бүркемелеуге, жергілікті су көздерінің негіздерінде қарапайым сумен қамтамасыз ету пунктерін салуға, фортификациялық құрылыстарды қалпына келтіруге, өзі орналасқан ауданды үйінділерден тазартып, өрттерді сөндіруге үйренеді. Бөлімдер мен құрамалар штабтарының командирлері, офицерлері бөлімдердің (құрамалардың) соғыс қимылдарын инженерлік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, инженерлік есеп және жоспарлау әдістемелерін меңгереді.
Ал бөлімшелердің офицер командирлері, сонымен қатар, инженерлік дайындық сабақтарын еткізу әдістемесін меңгереді. Сабақтар штабтарда жоспарланып, бағдарламаға сәйкес еткізіледі.
  1. Әскери-инженерлік дайындықтың мәні және міндеттері


Инженерлік әскерлер өздерінің міндеттеріне қарай жалпы (саперлер) және арнаулы (понтонды көпір салушылар, инженерлік құрылыс, бүркемелеу және т.б. жұмыстарын жүргізетін бөлімдер мен бөлімшелер) болып белінеді.


Инженерлік әскерлер өз міндеттерін моторландырылған атқыштар, ракета әскерлері, артиллерия, танк және т.б. әскер түрлерімен өзара қоян-қолтық қимылдай отырып орындайды. Инженерлік әскерлер бекініс, жол, көпір салатын, ағаш дайындайтын күрделі техникамен, машиналарыен, бүркемелеу құралдарымен, далада сумен қамтамасыз ететін ыдыстармен, миналайтын және минасыздандыратын аспаптармен жабдықталады. Армияның ядролық қарумен қарулануына байланысты Инженерлік әскерлердін мәні де артты.
Осыған байланысты олардың ұрыс даласында бөлім мен бөлімшелердің маневрлілігін арттыруға және жаппай қырып-жоятын қарудан сенімді қорғауға бағытталған инженерлік жұмыстары күрделілене түсті. Ұрыс кезінде Инженерлік әскерлер инженерлік барлау жүргізеді, басқару пункттерін жабдықтайды, миналандырылған жерден өтуге жол салады және минасыздандырады, өткелдерді ретке келтіреді, қарсыластың ядролық шабуылының зардаптарын жоюға қатысады және т.б. міндеттерді орындайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет