Инженерлік геодезия пәнінен 2 - тапсырма
Төмендегі сұрақтарға толық жауап жазыңыздар.
1. План мен картаның айырмашылықтарын атаңыз.
2. Профиль дегеніміз не?
3. Масштаб дегеніміз не?
4. Масштабтың қандай түрлерін білесіз?
5. Сызықтық масштабпен көлденең масштабтың айырма шылығы неде?
6. Құрылыстың Бас планы дегеніміз не?
7. Шартты белгілердің қандай түрлерін білесіз?
8. Горизонтальдар дегеніміз не?
9. Жер бедерін бейнелеудің қандай әдістерін білесіз?
10. Картадан көлбеулік қалай анықталады
1. План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Алдымен жергілікті жердің планы мен географиялық картаның ұқсастықтарын байқастырайық. План да, карта да жер бетінің қағазға (жазықтыққа) кішірейтіліп түсірілген сызба бейнесі екендігі белгілі. Екеуінде де жер бетіндегі заттар масштаб бойынша кішірейтіліп бейнеленеді. Олардың нақты пішінінің орнына шартты белгілер колданылады. Осындай жалпы ұқсастықтарымен қатар план мен географиялық карталардың бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да бар. Олардың бастылары төменде айтылады.
1) Масштаб айырмашылығы. План өте ірі масштабта сызылады:
1 см — 5 м, 1 см — 10 м, т.с.с. Масштабының ірілігіне байланысты планда
жер бетіндегі заттар барынша егжей-тегжейлі көрсетіледі. Одан елді
мекендегі жеке шаршыларды, үйлерді, мектепті, мешітті, мәдениет сарайын және т.е.с. ажыратып ала аласыңдар. Мектеп ауласының, тіпті
өз бөлмелеріңнің де планын сыза аласыңдар.
Географиялық карта үлкен алқапты, яғни облыс, мемлекет, материк, тіпті бүкіл Жер шарын қамтитындықтан, ұсақ масштабта сызылады. Онда жер беті әлденеше миллиондаған есе кішірейтіліп түсіріледі. Жер бетін егжей-тегжейлі бейнелеуі және дәлдігі женінен топографиялық карталар ғана планға біраз жақын тұрады.
Қамтитын аумағының үлкен-кішілігіне қарамастан, картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады (олардың әр түрлі карталар да қандай сызықтар түрінде болатындығын естеріңе түсіріңдер). Меридиандар солтүстік-оңтүстік, параллельдер батыс-шығыс бағыттарды көрсетеді. Планда ондай сызықтар болмайды. Планның дәл жоғарғы жағы -солтүстік, төменгі жағы — оңтүстік, со л жағы — батыс, оң жағы шығыс бағыттарына тура келеді.
Шағын ғана алқапты қамтитындыктан, планда Жер шарының дөңестігі ескерілмей, жер беті жазық деп есептелінеді. Оның кез келген жерінде түрлі өлшем жұмыстарын жүргізе беруге болады. Үлкен алқап немесе бүкіл Жер шары түсірілгендіктен, картада Жердің шар тәріздес пішіні есепке алынады. Бейнеленетін жердің көлеміне қарай картадағы бұрмалау мөлшері арта түседі (дүние жүзі картасы мен жарты шарлар картасындағы бұрмалану жағдайларын естеріңе түсіріңдер).
Шартты белгілердің айырмашылығы. Пландағы шартты белгілер бойынша көптеген заттардыя нақты мөлшерін анықтауға болады (жолдың, өзеннің ұзындығы, көлдің немесе бақшаның ауданы және т.с.с). Картада ондай мүмкіндік жоқ. Мәселен, планнан елді мекеннің қандай пішінде екендігін, көшелерінің қай бағытта созылып жатқандығын оңай анықтауға болады. Ал картада оның алып жатқан орны ғана белгіленеді.
Географиялық картаның адам өміріндегі маңызы. Күнделікті өмірде географиялық картаның маңызы зор. Карта кез келген аумақтың жалпы ерекшеліктерін бірден көз алдыңа елестетеді. Одан жер бетіндегі заттар мен құбылыстардың бір-біріне орай орналасуы, қасиеті айқын көрінеді.
Географиялық карта белгілі бір аумақты зерттеу және игеруге көмектеседі. Пайдалы қазбаларды іздеу, егіншілікке жарамды жерді есепке алу, су электр станциясын, зауыт, фабрикаларды, жол құрылысын жобалау бәрінен бұрын картаға негізделеді. Теңізде жүзу мен әуе қатынасында міндетті түрде карта пайдаланылады.
Карта Отан корғау ісінде өте қажет. Әскер басқару, шабуылға шығу, қорғаныс шебін құру картаның көмегімен жүзеге асырылады.
Әркім-ақ күнде теледидар мен радиодан алдағы уақытқа ауа райы қандай болатынын тыңдайды. Ауа райының алдағы өзгерісі, жай-күйін білу үшін алдын ала болжам карталары жасалады.
Географиялық картаның көмегімен түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Жер бедерін, топырақты, өсімдікті, халықтың коныстануын, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісін және т.б. зерттеу картадан басталып, картамен аяқталады. Қарастырылатын аудан туралы
белгілі мағлұматтар алдын ала картадан алынады. Өз кезегінде зерттеу нәтижелері де картаға түсіріледі.
Осы айтылғандармен қатар карта мектепте география пәнін оқып үйренуде де баға жетпес құрал болып табылады. Ол — сендердің екінші оқулықтарың. Картаның түрлерін меңгерген жагдайда ғана географиядан тиянақты білім ала аласыңдар.
2. Профиль — география мен геология ғылымдарында кездесетін вертикалды (тік) қималар немесе кейбір рельеф формаларының (аңғардың, таудың, теңіздің), геологиялық қабаттардың көлденең қимасы. Бұл вертикалды жазықтықта рельеф формаларьшың, жер қабығы құрылысымен құрамының өзгеруін зерттеуде картаны толықтыру үшін жасалады. Өсімдік, топырақ тағы басқалар. комплексті профиль ландшафт құрайтын әрбір табиғат элементтерінің байланыстарын түсіндіру үшін сызылады.
3. Масштаб (нем. Mastab. Ma — өлшеуіш, мөлшер және Stab — таяқ)[1] — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.
4. Масштаб сандық, сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.
5. Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік аракашықтық планға 1 см-лік кесінде түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі бірнеше сандық масштабтар 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000, т.б. ірісінен үсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандык масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне не керісінше, пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын анықтауға болады. Бірінші мысал: жер бетіндегі сызықтық проекциясы 275 м-ге тең делік. 1:5000 сандық масштабта бұл қашықтық планға 275 : 5000,00. 055м5, 5 см-ге тең кесінді болып кескінделеді. Екінші мысал: 1: 2000 масштабы пландағы кесінді ұзындығы 6,5 см болса, онда жер бетіндегі ұзындығы 6,5 х 2000 1 3000 см 130м. Іс жүзінде бұл есептерді қолдану ыңғайсыз болғандықтан, сандық масштабтың орнына сызықтық, көбінесе көлденең масштаб қолданалады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнелеуін-сызықтық масштаб дейді.
Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді . Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ үшы 0- деп белгіленеді. Сандық масштабтың да кемшілігі бар, ол сызықтық масштабпен пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің үсақ бөлшектерінің аралығын көз мөлшермен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштаб қолданылады. 1:5000 масштабына сэйкес келетін көлденең масштаб 11 -суретте көрсетілген.Түзу сызық жоғарыдағыдай «масштаб негізін» 2см-ге тең етіліп, бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен перпендикуляр тұрғызылып, олар төменге түзу сызықтан бастап, әрқайсысы 2 не 3 мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы қабырғалары «10- ға бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Олар суреттегідей қиғаш сызыкгармен қосылады. Осылай сызылған көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bо» кесіндісі «ВО'» -ның 1/10 не, яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді. Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады:
t = cb =А' О=a/m*n
мұндағы а-масштаб негізі 2см; «-масштаб негізі бөліктерінің саны; m-масштаб биіктігі бөліктерінің саны. Мысалы: 1:1000; 1:2000; 1:5000 масштабтарының графиктік дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 м тең болып келеді. Мұндай көлденең масштабтар топографиялық транспортирлер мен металдан жасалған сызғыштарға қондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді.
6. Бас жоспар — жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, үймереттерді, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын және инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі
7. Карталардың шартты белгілері[1] — графикалық белгілер; олар арқылы карталарда заттар мен құбылыстардың тұрған орнын, сонымен қатар олардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсетеді. Ауданы карта масштабында көрсетілген нысандар аудандық шартты белгілерімен бейнеленеді, олар контурдың белгісінен және оны толтырудан тұрады. Контур нысанның тұрған орнын және кескінін, толтырма сапалық сипаттамасын жеткізеді. Тұрқы ұзын, бірақ ені шағын нысандар сызықтық белгілермен бейнеленеді, олар осі бойынша нысандардың дол тұрған орнын көрсетеді, бірақ кейде енін ұлғайтады. Мысалы, 1:1 ООО ООО масштабғағы картада темір жолдың шартты белгісі оның енін 75—100 есе ұлғайтады. Шартты белгілердің ерекше категориясын изосызықтар құрады.
Шартты белгілерге қозғалыс сызығы да жатады, олардың көмегімен қандай да болса құбылыстардың жылжуы көрсетіледі (халықтың көші-қоны, жүк ағындары, ауа массаларының қозғалысы және т.б.). Мөлшері карта масштабында көрсетілмейтін нысандар масштабтан тыс шартты белгілермен бейнеленеді, олар нысандардың тұрған орнын және әр түрлі сипаттамаларын бейнелеуге мүмкіндік береді. Нысандардың тұрған орны шартты белгінің кандай болса да айкын нүктесімен, сапалық ерекшеліктері оның пішінімен, ал сандық айырмашылығы мөлшерімен белгіленеді. Әр түрлі мақсаттағы және масштабтағы карталарда бірдей нысандар аудандық және масштабтан тыс белгілермен белгіленуі мүмкін. Мысалы, елді мекендер топографиялық карталарда аудандык, ал ұсақ масштабты географиялық карталарда, әдетте, масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Шартты белгілер жасалатын картаның мақсатына және мазмұнына сәйкес жете зерттеледі және оның оқылуын, мазмұнының ұғынылуын едәуір оңайлатады. Шартты белгілерді талдап-белгілеу картографияның бір міндеті болып табылады.
8. Горизонтальдар — жер бетіндегі абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын және жинақталғанда бедер нысанын беретін картадағы сызықтар. Қима биіктігін тандау бедердің, масштабтың сипатына және картаның арналу мақсатына байланысты. Горизонтальдарды салу мен олардың картадағы суреттеріне қарай бедер бағаланады, баурайдың тіктігін, жергілікті жер нүктелерінің абсолюттік, салыстырмалы биіктігін анықтайды, сондай-ақ жергілікті жердің пішінін салады.
9. Көлденең- жер бетіндегі контурға сәйкес келетін, барлық нүктелері теңіз деңгейінен бірдей биіктікте орналасқан картадағы тұйық қисық сызық.
Достарыңызбен бөлісу: |