ПОӘК 042-18-12.1.25/03-2013
|
№3 басылым 09.09.2013ж 03.09.2012ж №2 басылым орнына
|
беттің беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-18-12.1.25/03-2013
|
«Инженерлік және компьютерлік графика » пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№3 басылым 09.09.2013ж 03.09.2012ж
№2 басылым орнына
|
«ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА»
пәнінен оқу-әдістемелік кешен
5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық және лабораториялық сабақтар
4. Студенттің өздік жұмысы
1. глоссарий
Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:
Растрлік графика-негізгі элементі нүкте болып табылатын графиканың саласы
Векторлы графика-негізгі элементі түзу болып табылатын графиканың саласы
Фрактальді графика-базалық элементі ретінде математикалық формула алынатын графиканың саласы
AutoCad сызба-графикалық жұмыстарды автоматтандыратын жүйе
Қабат-жеке-жеке элементтерді орналастыратын сызбаның бір бөлігі
Сызық салмағы – салынатын сызық қалыңдығы
Объектіні байлау-әртүрлі объектілерді бір-бірімен қандай да бір мақсатта байланыстыру
Компьютерлік графика - программалық-аппаратты есептеу комплекстері көмегімен бейнелерді құру және өндеу негізгі әдістерін зерттейтін информатиканың арнайы саласы
Пиксел – растрдың элементар нүктесі
Сызық – векторлық графиканың базалық элементі
Рендеринг – нақты бейнелерді есептеу процессі
Мультимедия – қолданушыға бірнеше канал арқылы бір уақытта әсер ету
Командалық жол – қолданушымен жүйенің байланысатын облысы
Экспорт – AutoCAD жүйесінің суреттерін басқа графикалық жүйелердің форматында сақтау
3-орбита – модельді кез-келген бағытта қозғалтатын команда
Екі өлшемді объектті қысу – биіктікті өзгерту операциясы
ISOLINES – бейнеленген беттерде жасаушы сызықтар санын көбейтетін команда
Видовой куб – AutoCAD-тың көлемді және беттік модельдердің жазықтық бейнесін айландыруға мүмкіндік беретін құрал
Штурвал – орбита бойынша айналдыру, панорамирлеу, центрлеу және зуммирлеу командаларын тез қосуға мүмкіндік беретін құрал
2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы:
№ 1-Дәріс. Графикалық мәліметтерді бейнелеу негіздері
Компьютерлік графикаға кіріспе
Растрлік графика
Векторлік графика
Фрактальді графика
Үш өлшемді графикасының негізгі түсініктері
Мәліметтерді компьютер мониторында графикалық түрде бейнелеу ғылыми және әскери зерттеулерде қолданылатын үлкен ЭЕМ-ге 50-ж –да іске асырылды. Сол уақыттан бастап мәліметтерді графикалық түрде бейнелеу компьютерлік жүйелердің көбінде негізгі болып табылады.
Программалық-аппаратты есептеу комплекстері көмегімен бейнелерді құру және өндеу негізгі әдістерін зерттейтін информатиканың арнайы саласы компьютерлік графика деп аталады. Ол монитор экранында немесе сыртқы тасымалдауыштағы бейнелерді шығарудың барлық түрлерімен формаларын қамтиды. Компьютерлік графикасыз компьютерлік әлем ғана емес, барлық шынайы өмірді де елестету мүмкін емес. Мәліметтерді визуалдау адамның өмірінің әртүрлі салаларында қолданыс табады. Мысалға медицинаны келтірейік (компьютерлік томография), ғылыми зерттеулер (заттың құрылысын, векторлы өрістерді визуалдау және т.б.), матаны және киімді модельдеу, тәжірибелі-конструкторлы жұмыстар.
Бейнелердің құрылу әдісіне байланысты компьютерлік графиканы растрлік, векторлы және фрактальді деп бөлуге болады.
Виртуалды кеңістікте объектілердің көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді графика жеке пән болып саналады. Мұнда бейнені құрудың векторлы және растрлік әдістері қолданылады.
Түстік қамту бойынша ақ-қара және түсті графика деп бөледі. Әртүрлі салаларда қолдану бойынша инженерлі графика, ғылыми графика, Web-графика, компьютерлі полиграфия және т.б.
Компьютерлі, телевизионды және кино-технологиялар тоғысуында компьютерлі графиканың және анимацияның жаңа облыстары дамуда.
Компьютерлі графикада ойындар үлкен орын алады. Ойындарда мәліметтерді графикалық бейнелеу механизмі түсінігі пайда болды. Ойын программаларының нарығының айналымы оншақты миллиардпен есептеліп, графиканың және анимацияның дамуының жаңа этапы ретінде қабылданады.
Компьютерлі графика тек құрал ретінде есептеледі, оның құрылымы және әдістері фундаменталды және қолданбалы ғылымдар жетістіктеріне негізделген: математика, физика, химия, биология, статистика, программалау және т.б. Компьютерлі графика информатиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі және көптеген жағдайларда бүкіл компьютерлік индустрияны алға тартатын локомотив болып саналады.
Растрлік графика
Нүктелерден құрылған растрлік бейнелер үшін ұзындық бірлігіне келетін нүктелер санын білдіретін шешуші түсінігі маңызды. Келесі түрлерін ажыратады:
Оригинал шешушісі;
Экран бейнесінің шешушісі;
Баспа бейнесінің шешушісі.
Оригинал шешушісі. Шешуші дюймге келетін нүктелермен есептеледі және бейненің сапасына, файл көлеміне, бейнені құру әдісіне, файлдың форматына және т.б. параметрлерге байланысты. Сапасы жоғары болу үшін оригинал шешушісі жоғары болу керек.
Экран бейнесінің шешушісі. Бейненің экранды копиялары үшін растрдың элементарлы нүктесін пиксел деп атайды. Пикселдың мөлшері экранды шешуші, оригинал шешушісі және бейнелеу масштабына байланысты болады.
19-24 дюйм диагональді мониторлар келесі шешушілерді қамтиды: 640×480, 800×600, 1024×768, 1280×1024, 1600×1200, 1600×1280, 1920×1440, 1920×1600, 2048×1536 нүкте.
Баспа бейнесінің шешушісі. Қатты копиядағы және экрандағы растрлі бейне нүктесінің мөлшері қолданылған әдіске және оригиналды растрлеу параметрлеріне байланысты болады. Растрлеу кезінде оригиналға ұяшықтары растрдың элементтерін құратын сызықтар торы салынады. Растр торының жиілігі дюймге келетін сызықтар санымен өлшенеді және линиатура деп аталады.
Векторлық графика
Егер растрлы графикада базалық элемент болып нүкте табылса, векторлық графикада сызық саналады. Сызық математикалық тұтас объект ретінде қабылданады, сондықтан растрлік графикадан қарағанда векторлы графикада бейнелеу мәлімет көлемі аз болады.
Сызықтың келесі қасиеттері болады: форма(түзу, қисық), қалыңдығы, түсі, сызу типі(тұтас, пунктирлі). Тұйық сызықтар толтырылу қасиетіне ие болады.
Тұтас емес сызық түйін деп аталатын екі нүктемен шектеледі.
Векторлы графиканың барлық объектілері сызықтары құрылады. Мысалы, кубты 12 қосылған сызық ретінде көрсетуге болады.
Векторлы графиканың матаематикалық негіздері
Нүкте, түзу сызық, кесінді, екінші ретті сызықтар, үшінші ретті сызықтар, Безье сызығы.
Достарыңызбен бөлісу: |