«Инжиниринг» факультеті



бет1/2
Дата23.04.2024
өлшемі3.18 Mb.
#499618
  1   2
Бекаман отчет (копия)


«Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕ АҚ
«______________Инжиниринг________________» ФАКУЛЬТЕТІ
(факультет атауы)
«________________МЕНЕДЖМЕНТ______________________» КАФЕДРАСЫ
(кафедра атауы)
___6В05201__________________ - «__Экология 19-1__»
(мамандық/БББ шифры) (мамандық/БББ атауы)
(Бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың
(керегінің астын сызу)
_________________4_____________________ оқу курсы
___________________Дипломалды_____________________ тәжірибе бойынша
(тәжірибе түрі)
________________ Төлесбаев Бекаман___________________________
(Т.А.Ә.)
ЕСЕБІ


ТЕКСЕРГЕН:
Кәсіпорныннан тағайындалған Университеттен тағайындалған
тәжірибе жетекшісі: тәжірибе жетекшісі:


__ Алмасқызы Ә__________ _Айтимова А.М_____________
(лауазым, Т.А.Ә. кәсіпорын жетекшісі) (лауазым, Т.А.Ә. университет жетекшісі)
_________ ___________________________________ ____________ ________________________________
(баға) (қолы) (баға) (қолы)


__________________________________ __________________________________
(күні) (күні)


АҚТАУ 2023 ж.


1.Кіріспе
Педагогикалық тәжірибе Ш.Есенов атындағы КТИУ білім алушыларының (бакалавриат, магистратура, докторантура) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 ж. №1080 қаулысымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес өткізілді. Ш.Есенов атындағы КМТИУ Ректорының 27.02.2023 жылғы № 10-47/167 бұйрығына сәйкес инжиниринг факультетінің Э 19-1 тобының студенттері өндірістік, дипломалды тәжірибесін өту үшін 23.01.2023 – 15.04.2023 ж. Аралығында Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментіне жіберілдік.
Педагогикалық практика басталар алдында, 23.01.2023 ж. практиканттарға техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаунама өткізілді. Тәжірибенің жұмыс бағдарламасына сәйкес білім алушылар практикаға жолдама, тәжірибе күнделігін және жеке тапсырмалар алдық. Практиканттарға практика қорытындысы бойынша есеп тапсырудың жолдары түсіндірілді.
Тәжірибенің мақсаты – тәжірибелік дағдылары мен оқытудың әдістемесін отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен байланыстыру; оқыту үдерісінде алынған теориялық білімдерін бекіту; оқитын мамандығы бойынша тәжірибелік дағдыларын, құзыреттілігі мен кәсіби тәжірибелерін жинақтау.
Тәжірибенің міндеттері – бақылау-инспекциялық қызметі жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама жасау, табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне зертханалық талдау-бақылау жүргізу болып табылады. Департамент қауіпті қалдықтардың паспортын тіркеу, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру бағытында қызмет етеді. Сондай-ақ экологиялық заңнамалардың сақталуы, табиғат қорғау шараларының орындалуына, табиғат пайдаланушылардың жағдайларына және тәртіп бұзушылылықтарды түзетуге берген ескерпелерді орындауына бақылау жасайды
2.Негізгі бөлім

Практиканың алғашқы күнінде бағыт беру конференциясына қатыстық. Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері-аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.Осы жөніндегі мәселелермен таныстық.

Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу мүмкіншілігін тудырады.
Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде ақпаратты қабылдауды, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтауды негіздейді. Бұның бәрі оқу экологиялық соқпақта демалу және танып білу кезінде органикалық үйлесімділікпен іске асады. Табиғат соқпағында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдесетіндігі жөнінде мәлімдеме жасау арқылы түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті мектеп жасынан қалыптастырып, кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру қажет. Экологиялық біліктілікті терендетуге жаңа саналық деңгейде экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу, окушылардың өз бетімен ізденіп, жұмыстарына талдау жасауына өз септігін тигізеді.





Біз осы дипломалды тәжірибе барысында дипломда қорғайтын тақырыбымызға байланысты материалдармен танысып шықтық.Бүгінгі таңда жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мәселесі, ең алдымен, қазіргі ғалымдардың адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара әрекеттесуін мұқият зерттеуіне байланысты туындап отырған өзекті мәселенің қатарында. Осыған орай, заманауи кезеңде жаһандық деңгейде орын алып отырған экологиялық дағдарысқа байланысты адам мен табиғаттың қандай қарым-қатынасын үйлесімді деп санауға болатындығын, адамның іс-әрекеті қоршаған ортаға қалай әсер ететінін және экологиялық мәдениет пен экологиялық тәрбиенің неге маңызды екенін атап өтуге болады.


Экологиялық тәрбие – бұл адамның табиғатқа және қоршаған ортадағы моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларына эмоционалды-адамгершілік, ізгіліктік және ұқыпты көзқарасын үздіксіз, жүйелі және мақсатты қалыптастыру процесі. Экологиялық тәрбие беру негізінде экологиялық білімді бойына сіңірген тұлға қалыптасқан экологиялық санамен, табиғаттағы экологиялық бағдарланған мінез-құлықпен және белсенділікпен, табиғатты қорғауға ізгіліктік, экологиялық көзқараспен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет