Сабақ жоспары с абақтың тақырыбы: Өндірістік қалдықтар. Қауіпті қалдықтар



Дата27.09.2024
өлшемі20.97 Kb.
#504066
түріСабақ
өндірістік қауіпті қалдық


Атырау көлік және коммуникация колледжі
(білім беру ұйымының атауы)
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Өндірістік қалдықтар. Қауіпті қалдықтар.

Модуль/пән атауы: Қазақ тілі мен әдебиеті


Педагог: Г. Шулгаубаева
2023 жылғы « 31 » қазан
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс – АЭ2/23, ТМ2/23
Сабақтың түрі: Теориялық

2. Мақсаты: Тұрмыстық қалдықтар туралы түсіндіру. Өндірістік қалдықтардың пайдасы мен зияны туралы ұғындыру. Қауіпті қалдықтардың адам өміріне зияны туралы түсіндіру.
Сөйлемнің байланысу түрлері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- ойтүрткі, тірек сөздер, түсіндірме сөздер мәтіндердің мағынасын ұғындырады ;
- мәтін бойынша түйінді идеяны ұғынады;
- мәтіндер негізінде тапсырмаларды орындайды.
- Үстеудің жасалу жолын меңгерту.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
1. Тұрмыстық қалдықтар туралы түсінеді.
2.Өндірістік қалдықтардың пайдасы мен зияны туралы ұғынады.
3.Қауіпті қалдықтардың адам өміріне зияны туралы түсінеді.
4.Сөйлемнің байланысу түрлері туралы түсінеді.
4. Қажетті ресурстар: Интербелсенді тақта, оқулықтар, электронды оқулық.
5. Сабақтың барысы:
5.1 Ұйымдастыру кезеңі: Топтың сабаққа дайындығын тексеру.
5.2 Үй тапсырмасын тексеру: Берілген тапсырманың орындалуын тексеру, бағалау. Жалпылау сұрақтары мен үй жұмысын қорытындылау.
5.3 Жаңа материалды түсіндіру:
Жоспар:
1.Тұрмыстық қалдықтар туралы түсіндіру.
2.Өндірістік қалдықтардың пайдасы мен зияны туралы ұғындыру.
3.Қауіпті қалдықтардың адам өміріне зияны туралы түсіндіру.
4.Сөйлемнің байланысу түрлері туралы түсінік беру.


5.4 Берілетін тапсырмалар:
3-тапсырма. Мәтінде айтылған қауіпті қалдықтар болуы мүмкін? Болжам жасаңдар.
4-тапсырма. Сөздіктің көмегімен мәтіндегі термин сөздердің мағынасын ашыңыздар.
7-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша диалог құрыңыздар.


5.5 Бекіту сұрақтары:
1.Тұрмыстық қалдықтар туралы өз ойларыңды айтыңдар.
2.Өндірістік қалдықтардың пайдасы мен зияны туралы не түсіндіңдер.
3.Қауіпті қалдықтардың адам өміріне зияны туралы өз ойларыңды айтыңдар.
4.Сөйлемнің байланысу түрлері туралы түсінік беріңдер.
6. Рефлексия:
-Не білді? Нені үйренді? .
- Не түсініксіз болды?
-Немен жұмыс жасау қажет?


7. Үйге тапсырма : 8-тапсырма. 144-бет. Пластик қалдықтарымен күресуде қандай ұсыныстар айтар едіңіз? Төрт ұсыныс жазыңыздар.


ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжі
(білім беру ұйымының атауы)
Оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту)
Жәркен Бөдешұлының өмірі мен шығармашылығы. «Жалғыз» поэмасы.
(сабақ тақырыбы)

Модуль/пән атауы: ЖБП 02 Қазақ әдебиеті


Педагог: Отесинова Д.М. дайындады
2022 жылғы « » ақпан
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс - СЭЗ-21-1
Сабақтың түрі: Теориялық

2. Мақсаты: Көркем шығарманың мазмұнын ашу, идеясын талдау, жүйелеу, әдеби эссе жазу. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау.
Міндеттері:
- ойын, сана сезімін, шығармашылықтарын дамытады;
- түйінді идеяны ұғынады
- пікірталасқа түсе алады.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
1) Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды.
2) Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдайды.
3) Өзекті мәселені қозғайды.
4. Қажетті ресурстар: Кітаптар, интербелсенді тақта, оқулық.
5. Сабақтың барысы:
5.1 Ұйымдастыру кезеңі: Топтың сабаққа дайындығын тексеру.
5.2 Үй тапсырмасын тексеру: Берілген тапсырманың орындалуын тексеру, бағалау. Жалпылау сұрақтары мен үй жұмысын қорытындылау.
5.3 Жаңа материалды түсіндіру:
Жоспар: 1. Ж.Бөдешұлының өмірі мен шғариашылығы
2. Поэмамен танысу, мәнерлеп оқу
3. Поэманың мазмұны мен идеясын табу, талдау
5.4 Берілетін тапсырмалар:
1-тапсырма. https://adebiportal.kz/kz/news/view/10526 сілтемеде берілген «Жалғыз» поэмасын немесе оқулықтағы 100-104 беттердегі поэма үзіндісін оқып, дәптерлеріңізге «Қос жазба күнделіг-ін» сызып, толтырыңыз.
5.5 Бекіту сұрақтары: Жәркен Бөдешұлы қашан дүниеге келген? Оның қызметі туралы не білесің? Қандай шығармалары бар? «Бұл жалғанда кім жалғыз? поэмасы не туралы?
6. Рефлексия:
-Не білді? Нені үйренді?
- Не түсініксіз болды?
-Немен жұмыс жасау қажет?
7. Үйге тапсырма : Поэманы оқу, талдау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет