Инновациялық экономиканы қалыптастырудағЫ Ұлттық экономика қҰрылымының РӨЛІ



Дата16.06.2016
өлшемі97.3 Kb.
#138993
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ РӨЛІ
The role of national economic structure in terms of forming the innovative economy
Жакешова А., Садыбек Е., Алиева Э.

Zhakeshova A., Sadybek E., Aliyeva E.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан



M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan

zhakesh_a@mail.ru
Түйін

Мақалада инновациялық экономиканы қалыптастырудағы ұлттық экономика құрылымының рөлі қарастырылған. Сонымен қатар ұлттық экономиканыңқұрылымы үнемі өзгеріп, түрленетіндігі, оған ғылыми-техникалық прогрестің зор әсер ететіндігі, ол экономиканың жаңа салаларының және ортасының туындауына ықпал ететіндігіне баса назар аударылған. Нақты ұлттық экономиканың құрылымы географиялық, мәдени, әлеуметтік, психологиялық және т.б. көптеген факторлардың әсер етуімен қалыптасады. Сондай-ақ мақалада Қазақстанның қазіргі таңдағы ұлттық экономиканың салалақ құрылымы жылу энергетикалық кешенінің (ЖЭК) басымдылығымен сипатталатындығынаерекше көңіл бөлінген. Ұлттық экономиканың жиынтықты экономикалық потенциалы – бұл нақты сипаттармен ерекшеленетін белгіленген игіліктерді өндірітін ұлттық экономика салаларының жиынтықты қабілеті болып табылады. Ұлттық экономика салалық құрылымы дамудың келесідей кезеңінен өтеді: біріншісі ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбаларды өндіру тәрізді экономиканың бастапқы салаларын белсенді дамытумен және өзгерісімен байланысты. Екіншісі өндірістің, құрылыстың – қайталамалы салалардың дамуымен және басымдылығымен байланысты. Үшіншісі қызметтераясын үшінші салалардың дамуымен байланысты. Ұлттық экономиканың салалақ құрылымының сипатына ғылыми-техникалық прогресс көп әсер етеді. Ол кейбір салалардың жойылуына немесе тоқырауына жетелейді, ал басқарлары, мысалы атомдық энергетика белседі даму үстінде.
Abstract

The article considers the role of national economic structure in terms of forming the innovative economy. As well as it notices temporary and various national economic structure and huge impact of scientific and technological progress formed by new spheres of economic statement. The definite structure of national economy appears due to influence of geographical, cultural, social, psychological and other factors. Also the article observes current structural branches of national economy of Kazakhstan described by thermal power complex. United economic potential of national wealth is the collected abilities of national economic branches producing specifically chosen goods. 

National economic structural branches have 3 forming steps: first step depends on active development and changing of main and premiere economic spheres like agriculture and ore extraction. The second step connected with majority and development of repeating spheres of con-structure. The third one is about the sphere of service. 

Scientific and technological progress influences on structural statement of national economy. It may lead to removal or crisis of some spheres and may cause growth of another sphere like nuclear power.



Кілттік сөздер: энергетика, экономика, ұлттық байлық, потенциал, элемент, ресурстар, инновация.

Key words: energetics, economy, common wealth, potential, element, resources, innovation.
Ұлттық экономиканың құрылымы – бұл тарихи тұрғыда қалыптасқан ұлттық экономиканың әртүрлі бірліктерінің арасындағы тұрақты, қабілетті функционалдық өзара байланыстардың өсіп-өнуінің жиынтығы. Ұлттық экономика құрылымының келесідей түрлері жіктеледі: 1) үй шаруашылығы, бұл ұлттық экономика құрылымын үй шаруашылықтарының арасындағы өзара байланыс тәрізді қарауды білдіреді. Құрылымның бұл түрін бөліп шығару, яғни үй шаруашылығы өзге өзара байланыстардың сипатына әсер ететін, ұлттық байлықтың елеулі бөлігін өндіретін қуатты экономикалық субъект болып табылады; 2) әлеуметтік құрылым, бұл ұлттық экономиканың жіктелуінен шығатын өзара тығыз байланыста болатын белгіленген сектор. Жіктелу түрлі өлшемдер бойынша жүргізіледі, мысалы тұрғындар, кәсіпорындар топтары, еңбек түрлері. Әдетте экономиканың мемлекеттік және жекеменшік секторы ретінде жіктейді; 3) салалық құрылым, бұл экономика салаларын бөлуді, олардың арасындағы өзара байланыстың сипатын және мәнін анықтауды алға тартады. Ұлттық экономиканың саласы – бұл қоғамдық өндіріс барысында ұқсас функционалдық міндеттерді орындайтын ұлттық экономиканың бірліктері. Ұлттық экономика құрылымының бұл түрінің маңызы зор, себебі экономикалық дамудың сапалы болжануын жүзеге асыруға мүмкіндік береді; 5) аймақтық құрылым, өндірістік күштердің географиялық тұрғыда бөлінуін сараптауды, ұлттық экономика аясында – ұлттық экономиканы түрлі экономикалық аудандарға бөлуді алға тартады; 5) ұлттық экономиканың инфрақұрылымы, экономика салаларының өзара әрекеттесуінің сипатын және бағытын айқындаудан туындайды; 6) сыртқы сауда құрылымы, түрлі тауар топтарының, тауар импорты мен экспортының өзара байланысының сипатын талдауды алға тартады.

Белгіленген ұлттық экономиканың құрылымы үнемі өзгереді және түрленеді. Бұған ғылыми-техникалық прогресс зор әсер етеді, яғни өндірістің сипатын өзгертеді, экономиканың жаңа салаларының және ортасының туындауына ықпал етеді. Қоғамдық өндіріс сипатының өзгеруі, жаңа салалардың туындауы ұлттық экономикада өзара байланыстардың сипатына әсер етеді. Сондықтан ұлттық экономиканың құрылымы үнемі өзгереді, бұл өз кезегінде үнемі құрылымдық мониторинг жүргізу, нақты құрылымды оның келешектегі дамуымен салыстыру қажеттілігін туындатады. Нақты ұлттық экономиканың құрылымы – географиялық, мәдени, әлеуметтік, психологиялық және т.б.көптеген факторлардың әсер етуімен қалыптасады. Ол әрбір белгіленген елге ерекше қолданымды және жасанды енгізілмейді. Оған мемлекет тарапынан тек жанама әсер тиюі мүмкін. Инфрақұрылымның бір мағыналы емес анықтамасы орын алады. Біріншіден, бұл қызмет көрсету жүйесінің жиынтығы, оның негізгі міндеті өндіріс жұмысын қамтамасыз етумен және халыққа түрлі қызметтер ұсынумен тұжырымдалады. Екіншіден, инфрақұрылым – бірліктердің жиынтығы, олардың қызметі ұлттық экономиканың қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Инфрақұрылым ұлттық экономиканың өз бетінше бағынышсыз саласы ретінде келесідей кезеңдерден өтті:


  1. ауылшаруашылығын және кәсіпкерлікті бөлу қалалардың өсуіне және еңбектің мамандандырылуына әкеп соқтырды;

  2. ауылшаруашылығын, қол өнер кәсібін және сауда-саттықты бөлу ұлттық

экономиканың ерекше саласы – сауданың қалыптасынуа жетеледі, нәтижесінде инфрақұрылымның рөлі айтарлықтай жоғарылады.

Ұлттық экономикада инфрақұрылымның келесідей негізгі түрлері жіктеледі:

1. Өндірістік инфрақұрылым – бұл ұлттық экономика бірліктерінің жиынтығы, олардың іске қосылуының негізгі мақсаты өндірістік процестің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады. Мысалы, жүк тасымалдау, тонналық кеме тасымалдаулар және т.б. Өндірістік инфрақұрылымның мәні екі жақты. Біріншіден, ол материалдық өндіріс процесінің қалыпты іске қосылуы үшін қызмет көрсетуге бағытталған. Екіншіден, адамның өзінің бірқалыпты өмір сүруін, ұлттық экономикада еңбек ресурстарының өсіп-өнуін қамтамасыз етеді.

2. Әлеуметтік инфрақұрылым – бұл ұлттық экономика бірліктерінің жиынтығы, оларың іске қосылуы халықтың және адамның бірқалыпты өмір сүруін қамтамасыз етумен байланысты. Қазіргі таңдағы ұлттық экономикада оның рөлі үнемі артуда, ал негізгі міндеті халықтың өмір сүруін барынша жоғары сапа деңгейіне жеткізуді қамтамасыз етумен тұжырымдалады. Ұлттық экономикаға әлеуметтік инфрақұрылымның әсер етуі оның экономиканың негізгі ресурсы болып табылатын еңбек ресурстарының өсіп-өнуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруімен нақтыланады.

3. Нарықтық инфрақұрылым - бұл ұлттық экономика бірліктерінің жиынтығы, оларың іске қосылуы нарықтың бірқалыпты қызметін және оның дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол экономиканың түрлі салаларының қызметін қамтамасыз ететін сан алуан мекемелердің және кәсіпорындардың жиынтығымен ұсынылған. Нарықтық инфрақұрылым келесідей элементтерден тұрады:

1) сауда мекемелері;

2) биржалық сауда;

3) банктік жүйе;

4) банктік емес мекемелер;

5) көлік жүйесі.

Ұлттық экономиканың салалық құрылымы шаруашылық субъектілерін бірыңғай функционалдық сипаттамаларымен байланысты топтың өз құрамы бойынша бірыңғай топтамаға - ұлттық экономиканың саласына топтаумен тұжырымдалады.

Ұлттық экономиканың салалық құрылымы дамудың келесідей кезеңдерінен өтеді:

1) біріншісі ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбаларды өндіру тәрізді экономиканың бастапқы салаларын белсенді дамытумен және басымдылығымен байланысты;

2) екіншісі өндірістің, құрылыстың - қайталамалы салалардың дамуымен және басымдылығымен байланысты;

3) үшіншісі қызметтер аясын – үшінші салалардың дамуымен және басымдылығымен байланысты.

Ұлттық экономиканың салалық құрылымын дамытудың бұл кезеңдері бірін бірі алмастырды, бірақ әрбір ел үшін өзінің ерекше сипаттары бар. Салалық құрылымның динамикалық өзгеруі 10 жылдан 20 жылға дейінгі уақыт қимасында кезеңділікте өтеді. Оларға келесідей сипаттар тән:

1) зияткерлік, ақпараттық қызметтердің аясында саланың маңыздылығын және көлемін арттыру;

2) өзгелермен салыстырғанда кен өндіру саласының көлемін төмендету;

3) экономиканың ауылшаруашылық секторының аясында өнеркәсіп өндірісін арттыру.

Ұлттық экономиканың салалық құрылымының сипатына ғылыми-техникалық прогресс көп әсер етеді. Ол кейбір салалардың жоюлуына немесе тоқырауына жетелейді, ал басқалары, мысалы атомдық энергетика белсенді даму үстінде. Оның айрықша ерекшелігі - экономиканың мұнайхимия, ракеталық-ғарыштық тәрізді және т.б. бір біріне жақын салалардың туындауы болып табылады.

Салалық құрылымның өзгеруі келесідей негізгі бағыттар бойынша өтеді:

1) өндіріс технологиясының түбегейлі өзгеруі;

2) кен өндіру саласымен салыстырғанда өңдеу саласының басым болуы;

3) ұлттық экономиканың ғылымды қажет етеін саласын дамыту;

4) өндірістік емес салалар жаққа ауырлық ортасын жылжыту.

Қазақстанның қазіргі таңдағы ұлттық экономиканың салалық құрылымы жылу-энергетикалық кешенінің (ЖЭК) басымдылығымен сипатталады. Ол барынша капиталды қажет ететін салалардыі бірі болып табылады, осыған байланысты капиталдың басқа салалардан кетуі орын алуда. ЖЭК халықаралық нарыққа бағыт-бағдар алуы Қазақстанды әлемдік баға ауытқуына тәуелді етеді. Осының нәтижесінде елдің ЖІӨ жартысынан жоғарысы ресурстарды сатудан қалыптасады. Экономиканың кен өндіру саласының басымдылығы ұлттық экономиканың дамуының жалпы қарқынына кері әсер етеді. ЖЭК басымдылығы экономиканың ғылымды қажет ететін салаларын дамытуға кедергі келтіреді. Ұлттық экономиканың жиынтықты экономикалық әлеуеті - бұл нақты уақыт аралығында сапалық және көлемдік сипаттармен ерекшеленетін белгіленген игіліктерді өндіретін ұлттық экономика салаларының жиынтықты қабілеті.

Жиынтықты экономикалық әлеует ұлттық экономика байлығының көлемінің және өндірістік күштердің жиынтығына тікелей байланысты. Ол әлемдік экономика жүйесінде тікелей ұлттық экономиканың жай-күйін бейнелейді. Экономикалық әлеует ұлттық экономиканың барлық салаларының жиынтықты өндірістік мүмкіндіктеріне байланысты. Оны толық пайдалану деңгейі ұлттық экономиканың даму дәрежесін ерекшелендіреді, себебі жиынтықты экономикалық әлеуетті анықтау өндірістік қуатты - өндірістік әлеуетті пайдалану деңгейінің, игіліктерді нақты өндіру құрылымының және көлемінің арақатынасын белгілеу арқылы жүргізіледі. Экономикалық әлеуеттің көлемі ұлттық экономиканың экономикалық тәуелсіздік деңгейі, оның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі жай-күйі және халықтың өмір сүру сапасы туралы деректі растайды. Жиынтықты экономикалық әлеуеттің негізгі құрамды элементі адами ресурстар болып табылады, атап айтқанда, олардың кәсіби және біліктілік құрылымы. Ол үшін көбінесе өнеркәсіптің даму деңгейі маңызды сипат алады. Жиынтықты экономикалық әлеуетті келесідей екі ұстаным бойынша сараптау қажет:

1) ұлттық экономикадағы қолданылуы мүмкін ресурстар тұрғысынан;

2) ұлттық экономикадағы ресурстардың көмегімен игіліктерді өндіру бойынша нақты шаруашылық қызметін жүзеге асыру қабілетінің тұрғысынан.

Экономикалық ресурстар экономикалық әлеуетке теңестірілмейді, себебі экономикалық өсу мақсаттары үшін экономикалық ресурстарды және оларды тиімді пайдалануды біріктіру қажет. Бұл игіліктер өндірісінің нақты көлемі табиғи, инвестициялық, ғылыми-техникалық және адами рестурстардың жиынтығын пайдалануға тікелей байланысты. Жиынтықты экономикалық әлеует ұлттық экономиканың негізі болып табылады, оған оның бірқалыпты қызмет етуі, сонымен бірге экономикалық өсімінің қарқыны мен ауқымы тікелей байланысты. Ол өзінің сипаты бойынша біркелкі емес және бірнеше негізгі түрлерде орын алады.

Ұлттық экономиканың жиынтықты экономикалық әлеуетінің негізгі түрлері мыналар:

1. Ресурстық табиғи әлеует – бұл қазіргі таңда қолданылатын немесе шаруашылық қызмет үшін жұмылдырылуы мүмкін табиғи ресурстардың жалпы жиынтығы. Топтамалардың бірі бойынша дәстүрлі (минералдық, су, биологиялық) және дәстүрлі емес (жел, күн) ресурстар болып бөлінеді. Сонымен қатар оларды жаңартылатын (биологиялық ресурстар, су к\қуаты және күн энергиясы) және жаңартылмайтын (минералдық ресурстар, жер, су). Аймақ, халықтың тұрғылықты орны және өндірістік қуаттарды орналастыру тәрізді ресурстардың маңызы зор. Олардың құрамында мақсатты және мақсатты емес ресурстар бөлінеді. Бір мақсатты ресурстар – бұл тек шаруашылық қызмет үшін ғана қолданылуы мүмкін ресурстар. Оларға, мысалы минералдық ресурстар жатады. Экономикалық қызметке мүлтіксіз тән болуы олардың айрықша ерекшелігі болып табылады. Мақсатты емес ресурстар – бұл шаруашылық қызмет тәрізді халықтың игілігі - өмір сүрудің бірқалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін де қолданылуы мүмкін ресурстар. Оларға, мысалы шаруашылық қызмет тәрізді халықтың демалысы үшін де қолданылуы мүмкін су және орман ресурстары жатады.

2. Адами әлеует жиынтықты экономикалық әлеуеттің негізгі түрлерінің бірі болып табылады және нақты әрі сапа сипаттарымен ерекшеленеді. Халықтың қажетті саны белгіленген сапа көрсеткіштерімен (кәсіби және біліктілік құрылыммен) ерекшеленеді және қажетті ресурстар болып табылады, онсыз тек ұлттық экономиканың дамуы ғана емес, сонымен бірге бірқалыпты іске қосылуы да мүмкін емес. Осыған сәйкес адами әлеуетпен қамтамасыз ету деңгейі неғұрлым жоғары болса, ұлттық экономиканың өсуіне қатысты әлеуетті қабілет те соғұрлым жоғары болады.

3. Өндірістік әлеует - бұл барынша сапалық және көлемдік деңгейде қоғамдық игіліктерді жүргізуге қатысты шаруашылық субъектілердің нақты қабілеті. Ұлттық экономиканың дағдарыстық жай-күйі өндірістік әлеуеттің бірден төмендеуіне әсер етті. Сонымен қатар оған дүниежүзілік экономиканың өндірістік әлеуетіне, атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогресске тәне факторлар әсер етеді. Өндірістік процесті автоматтандырудың және механикаландырудың қарқыны жоғары екені байқалады, бұл өндірістік әлеуеттің құрылымын елеулі өзгертеді. Оның айрықша ерекшелігі инновациялық ғылыми және технологиялық өңдеулердің нәтижесінде экономиканың түбегейлі жаңа салаларын құру болып табылады.


Әдебиеттер

    1. Кошелев А.Н. Национальная экономика. Конспект лекций, Москва, Эксмо, 2012

    2. А. Эйнштейн. К электродинамике движущихся тел. В кн.: А. Эйнштейн. Работы по теории относительности; пер. с нем. и англ. Санкт-Петербург, Амфора, ТИД Амфора, 2008.

    3. http://www.mgimo.ru/study/faculty/fpek/


References

  1. Koshelev A.N. National economy. Set of lections, Moscow, 2012

  2. A. Einstein. Electrodynamics of moving bodies. S. Petersburg, 2008

  3. http://www.mgimo.ru/study/faculty/fpek/


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет