Жауап парағы
Студенттің аты-жөні: Дайырбек Аружан Алмабекқызы
Институты: Жаратылыстану
Пән: Оқытудың конструктивтік әдістері
Оқу тобы: Х-18-1 п\я Курсы: III
Күні: 02.04.2021 жыл
I Аралық бақылау
Эссе
Оқытудың конуструктивті әдістері ең әуелі жаңашылдығымен, заманауилығымен ерекшеленеді деп ойлаймын, пәннің атауына үңіліп қарар болсақ та, «Конструкция»-сөзі жобалау, құрастыру деген мағынаны білдіреді. Өтілетін сабақты алдын ала кезең-кезеңмен жоспарлап, әрбір минутты қалт жібермеуге дайындық жасалынады. Психологиялық ахуал тудырудан бастап, сабақ соңындағы рефлексияға дейін ұйымдастырылған, түрлі тәсілдер пайдаланылған, жоспар бойынша жүзеге асқан сабақ тамаша өтетіні сөзсіз. Біз пәнді оқи отырып аталған жұмыстарды жауапкершілікпен орындауда, ыждағаттылық танытуда, әдіс-тәсілдерді көптеп меңгеруде үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынымызға кәміл сенімдімін. Ал химияны оқыту әдістемесін алғаш сайттарды пайдануды меңгерумен бастасақ, конструктивті әдістемені топтық жұмыс жасаудың тиімділігі мен туындайтын қиындықтары туралы ақпараттармен бастаудамыз. Екі пәнді де салыстырар болсақ, екеуінің ұқсас тұстары жоқ емес. Екеуінен де әдістер мен тәсілдерді меңгереміз, екеуі де сабақ беру барсында қолданылады, оқушымен жұмыс жасай алуда өз пайдаларын тигізеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды, олармен жұмыс жасай алуды үйретеді. Дегенменде, химияны оқыту әдістемесінен көрі оқытудың конструктивті әдістері басымдыққа ие екендігі көрініп тұр. Пәнді оқу барысында оқушыны сын тұрғысынан ойлауға бейімдеп, сұрақты нақты қоя алуға, нақты жауап беруге, бағалауды меңгерулеріне, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуға және сәйкесінше оқушымен жұмыс жасай отырып дамуға, жоғары нәтиже көрсетуге икемделетін боламыз. Оқытудың конструктивті әдістерін меңгеру арқылы біз қандай нәтижеге қол жеткізе аламыз? Иә, жалпы алғанда біздің санамызда «оқытудың конструктивті әдістерін оқудың не қажеттілігі бар, химияны оқыту әдістемесін оқыған болсақ»,-деген сұрақ туындайды. Осындайда жауабында біліп тұратынымыз қызық, химияны оқыту әдістемесінен сабақ барысында әдістер қолданып қызықты өтуге бейімделген бізге, оқытудың конструктивті әдістерін білу арқылы тәсілдерді сабақ уақытына сай дұрыс әрі нақты жоспарлауды меңгерген артық болмаса, кем емес.
Педагогикалық практика барысында химия сабақтарын жүйелі жүргізу менің басты мақсатым болды. Ол үшін әдістер мен түрлі білім сайттарын пайдаланатындығым бәріне де белгілі. Оқушыға жеке жұмыстар орындатуда қалыптастырушы бағалауды пайдалану, деңгейлік тапсырмалар орындату, жас ерекшеліктеріне сәйкес болуын қадағалау химия пәнінің өзін ғана емес, методиканы қоса меңгеруге құлшынысымды арттырды. Сол құштарлығым оқытудың конструктивті әдістері пәнінен белсенді түрде сабақтарға септігін тигізуде. Жаңа пәннің бізге берері көп, дарынды балармен жұмыс жасап, оларға сай қуатты сабақтарды ұйымдастыра алуға, жаңашылдыққа бейімдейді. Топпен жұмыстар жасауға, туындаған қиындықтарды дер кезінде шешуге, сыни тұрғыда ойлауға бағыт-бағдар береді. Топтық, жұптық немесе жеке жұмыста үздік оқушылармен ұдайы жұмыс жасап, баса назарды соларға аударған дұрыспа, әлде құзіретті мұғалім ретінде деңгейі төмен оқушыларға да уақыт жұмсаған дұрыс па? Деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылар өздерін төмен санауы мүмкін бе?- деген секілдң сұрақтар мен түрлі ситуациялармен бетпе-бет келіп, шешу жолдарын меңгереміз.
Мектеп мәдениетіне өзіндік ерекшелік тән. Басқа мәдениеттерді ұштастырып, бүтін бір ұжымды біріктіріп, ынтымақтасқан түрде жұмыс жасайды. Бұл мәдениеті мұғағалім мен оқушыны ғана емес мектеп директорынан бастап қарапайым еден жуушы қызметкерлерді де қамтиды. Мектеп мәдениеті-мектептің беделі, жетер жетістігі. Білімді, дарынды, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеуде мектеп ұжымының мәдениеті өз әсерін тигізбей қоймайды. Ұстазбен сәлемдесу, үлкен кісіге жол беру, дәлізде жүгірмеу сияқты қарапайым әдеттерді оқушылар өз саналарына бастауыштан-ақ сіңіріп алған. Пән мұғалімі, сынып жетекшісі, директор орынбасары, еден жуушы не болмаса күзетші де мектеп мәдениетін сақтап, оқушыға үлгі бола алуы тиіс. Мектеп ұжымы бірлесе бейбіт жұмыс жасаса ерекше атмосфера, тәрбиелі мәдениет қалыптасары сөзсіз.
Сыныптағы мәдениет-мектеп мәдениетінің бір бөлігі. Сынып ішіндегі ұйымшылдық, сабақтарға тыңғылықты дайындық, ата-анамен байланыс, оқушылардың сыныптағы қызметі, бір-біріне деген сыйластығы бәрі бәрі де сынып мәдениетін құрайды. Бұл мәдениетте сынып жетекшісі, пән мұғалімдері және ата-ананың үздіксіз байланысы айтарлықтай маңызды. Осы байланыстың арқасында сыныты қадағалау да жеңілдеу болады. Қадағалау барысында оқушылардың әлеуметтік, психологиялық жағдайлары, ойлау деңгейлері, бесенділіктері ескеріледі. Сыныпты қадағалай отырып әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау, барлығын қамту сынып жетекшісіның басты міндеті. Оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, сабақ пен қатар қоғамдық жұмыстарға атсалысуна ықпал ету қажет. Осындай қарапайым да күрделі ұйымдастыру жұмыстарының арқасында сынып мәдениеті және мықты мектеп мәдениеті қалыптасады. Даму бағыттары мен басымдықтарын анықтауда меңгерген, оқыған, тәжірибеде байқаған мектеп мәдениетінен бастап, ұстаздың құзіреттілігі, оқушының ынта-жігері бәрі де ескерусіз қалмайды.
Оқушыларды ынталандыруда түрлі метеодикалар пайдаланылады. Оны дұрыс пайдалана алу да өнер. Оқытуда оқушыларды сабаққа толық қатыстру арқылы қызықты, білімді, жан-жақты өтілген сабақ-кедергілерді бағындырған нәтижелі сабақ болып есептеледі. Туындаған кез-келген, үлкенді-кішілі қиындықтармен тәжірибелі, кәсіби мұғалім болсын, тәжірибесі аз жаңадан келген мұғалім болсын сабақ барысында бетпе-бет келіп, жеңіп шыға білуі тиіс. Сныптаға барлық оқушыны қамтып сабақ өткізе алдың өзі оқу барысындағы қиындықтар қатарында. Оқушылардың оқу деңгейінің әр түрлі болуы әр түрлі арнайы тапсырмаларды дайындай алуды қажет етеді, ал оларды орындатып үлгеру, уақытты тиімді пайдалана алу- нәтижелі сабақ негізі. Оқушылардың назарын өзіңе аударып, тақырыпты ауқымды түрде түсіндіре алу, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану-мұғалімді ізденімпаз, өз ісін жетік білетін мұғалім етіп тәрбиелейді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеруді ұмыт қалдырмау қажет. Жасы кіші немесе жасы үлкен оқушы қатарластарынан өзгеше болып, байқалып тұрады. Олармен жұмыс жасау аса ұқыптылықты жауапкершілікті қажет етеді. Мінез-құлқымен, сабақты қабылдай алуымен ерекшеленіп тұрады. Діттеген мақсат айқын болса, туындаған кедергілерді жеңу қиын іс емес.
Сабақ барысында ақпараттық технологияларды пайдалана алу-жаңа деңгейді көрсетуге мүмкіндік береді. АКТ пайдаланып сабақ өткізуді педагогикалық практика барысында өзіме міндеттеп алған болатынмын. Бұл біріншіден, заман талабына сай болу болса, екіншіден, уақытты үнемдеу, ал үшіншіден жоғары деңгейдегі сабақ өту мүмкіндігі. Мұғалім сөйлей беретін сабақ қызықсыз әрі нәтижесіз екені бәріне белгілі. Оқушының өзі талпынып, құлшынысын арттыра алатындай дұрыс бағыт бағдар беру мұғалім үшін жеткілікті болуы тиіс.
Қызығы мен шышығы қатар жүретін мұғалім мамандығы конструкция ойыншығы іспетті, дұрыс құрастырсаң өзің қалаған құрылыс шығады, жақсылап бекітпесең құлап кетуі мүмкін қауіпті құрылыс шығады...
Достарыңызбен бөлісу: |